Минералды тыњайтќыштардыњ химиялыќ технологиясы пєнінен зертханалыќ ж±мыстар


Анализ жүргізетін құралды дайындау және анализ жүргізу жағдайы



бет13/18
Дата30.01.2023
өлшемі355,5 Kb.
#166768
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Ï?íí³? Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êåøåí³ «Ìèíåðàëäû øèê³çàòòû? àíàëèç³» ï?í

Анализ жүргізетін құралды дайындау және анализ жүргізу жағдайы.

  1. Жалынды фотометр паспортын дұрыстап оқу керек, құралды 20 минуттай қыздырады.

  2. Шашырататын жүйенің гидравликалық затворын толтыру үшін дистилденген суды шашыратады.

  3. Фотометрдің сезімталдығын былай орнатады: салыстыратын ерітіндінің максимал концентрациясына сәйкес келетін сәуле интенсивтігі ерітінді шашыратылғанда шкала 80 бірліктен төмен болмау керек;

  4. Шашырататын жүйенің капилярінің орналасу тереңдігі әр уақытта тұрақты болу керек;

  5. Уақыт бірлігінде шашырайтын ерітінді мөлшері тұрақты болуы керек;

  6. Әр өлшем жүргізгеннен соң гальванометр тілі ноль мәніне келу үшін дистилденген суды шашыратады.

  7. Градуирлік қисықтың 3 нүктелерін 8-10 өлшем жүргізген соң периодты түрде тексеріп отырады.

  8. Газ беруді тоқтатып, жұмыс аяқталған соң жалынды фотометрдің шашыратқыш жүйесін 3 минуттай тұз қышқылымен қышқылданған сумен жуады, сосын спирт:су = 1:1 ерітіндісімен 2 минуттай жуады да, шашыратқышты кептіру үшін 2 минуттай ауаны сорады.

Анализ жүргізу

  1. Градуирлік график әдісі.

  1. 50 мл стакандарға салыстырмалы және анализденетін ерітінділерді құяды.

  2. Калийдің массалық концентрациясы ноль болатын салыстыратын ерітіндіні шашырату арқылы өлшегіш құрал шкаласының ноль мәнін тексереді.

  3. Анализденетін ерітіндіні фотометрлеуге дейін және кейін салыстырмалы ерітіндіні 2 рет фотометрлейді. Анализденетін ерітіндіні де 2 рет фотометрлейді, бірақ шашыратқыш жүйені сумен әр өлшемнен соң жуып отырады.

  4. Фотометрлеу аяқталған соң, абсцисса осіне салыстырмалы ерітіндідегі калий ионының массалық концентрациясын қойып, ординатаға құралдың көрсеткенін қойып, градуирлік график сызады.

Градуирлік графиктің масштабын былай алса [K+]=0,001 мг/мл – 5 мм; құралдың 1 бөлігі – 2 мм
Х=c*V1*V3*1,205*100/m*V2*1000, мұндағы
С- градуирлік графиктен табылған калийдің массалық концентрациясы, мг/мл.
V1-алғашқы анализденетін ерітіндінің көлемі, мл
V2 – сұйыту үшін қолданылған анализденетін ерітінді көлемі, мл
V3 – сұйытылған анализденетін ерітінді көлемі, мл
1,205 – калий ионының (K+) калий оксидіне (К2О) қатысты есептейтін коэффициенті
1000 – грамнан миллиграмға көшіретін коэффициент
100 – процентке есептелетін коэффициент

МЕСТ 20851.3-93.Силикатты минералдар құрамындағы калий мен натрийді анықтау


Әдіс мәні
Калий хлоридінінің массалық үлесін 100 %–тік жалпы компоненттердің (суда ерімеген қалдықтың, натрий хлоридінің, кальций сульфатының, алты сулы магний хлоридінің және судың) массалық үлестерін химиялық және физикалық әдістермен анықталған, алып тастауға негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет