Пассивті қорғау құралдарына сақтандыру, алдын-ала ескерту, бақылау, сондай-ақ қолайсыз жағдайды болдырмау үшін көшіруді дәлелдейтін және айғақ іздейтін бағыттағы әдістер жатады.
Бақылау құрылғысы-деректерге жол ашу, оқиғаларды тіркеу немесе қатынас құру құрылғыларын қорғаудың жалпы бөлігі ретінде қолданылады. Қолданушы түпнұсқадан айыра алмайтындай дәл көшірмені құруға бөгет жасайтын болғандықтан «сулы белгілерді» қолдану жасанды әдістерді қолдану сияқты ерекше орын алады. Қорғаудың психологиялық әдістері ұрланған бағдарламалық өнімде қорғау құрылғылары сақталуы мүмкін деген ойды есіне сақтауға мұқтаж етіп, бұзушыға сенімсіздік тудырып, психологиялық күш салуға негізделген. Сондықтан бағдарламалық қамтамасыз етуге қорғау механизмдері тұрғызылған деген хабар жіберу тиімді. Бағдарламаға айрықша таңбалар енгізудің көтеген қулық әдістері таралған және осының нәтижесінде өзінің барлық кілттер мен қорғау механизмдерін жойғандығына көз жеткізе алмайды, сенімсіздік пайда болады.
Тақырып 4. Компьютерлер мен желілердегі ақпаратты қорғаудың бағдарламалық құралдары.
Компьютерлік вирустарды жіктеу, өмір сүру ортасына жұғу тәсілдері. Вирустарды белсенді ету тәсілдері. Вирустардың бұзушылық әрекеттері. Вирустардың болу белгілері. Басқа қауіпті бағдарламалар. Антивирустық құралдар. Вирустармен күресудің болашақтағы тиімді бағыттары.
Есептеу жүйесіне немесе желісіне бағдарламалық өніммен танысу, орындау, жою, ұрлау мақсатында рұқсатыз ену талаптары -компьютерлік қарақшылық деп аталады. Мұндай құбылыстың алдын-алу үшін операциялық жүйені, бағдарламалық жабдықты қорғауға, рұқсатсыз енуді бақылауға, бұзушылар категориясын және қолданылатын әдістерді анықтауға арналған қорғаныс түрлері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |