Дәрiгерлiк құпияны құрайтын мәлiметтердi пациенттiң немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiмен пациенттi зерттеп-қарау және емдеу мүддесiне орай, ғылыми зерттеулер жүргiзу, осы мәлiметтердi оқыту процесiнде және өзге де мақсаттарға пайдалану үшiн басқа жеке және (немесе) заңды тұлғаларға беруге болады. Дегенмен дәрiгерлiк құпияны құрайтын мәлiметтер азаматтың немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiнсiз мынадай жағдайларда беріледі: - өзiнiң жай-күйiне байланысты өз еркiн бiлдiруге қабiлетсiз азаматты зерттеп-қарау және емдеу мақсатында; - айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың таралу қатерi болған кезде; - азаматтың денсаулығына зақым құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан келтiрiлдi деп есептеуге негiздер болған кезде. Пациенттiң рұқсатынсыз оның жеке өмiрiне қатысты жеке сипаттағы ақпаратты автоматтандырылған деректер базаларына енгiзуге және пайдалануға болмайды. Сондай-ақ жеке сипаттағы автоматтандырылған деректер базаларын пациенттердiң жеке өмiрiне қатысты жеке сипаттағы ақпаратты пайдалану кезiнде пациенттердiң рұқсатынсыз, оларды басқа деректер базаларымен байланыстыратын желiлерге қосуға жол берiлмейдi.