Министрлігі төтенше жағдайлар комитеті



Дата15.06.2017
өлшемі51,15 Kb.
#19135



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР

МИНИСТРЛІГІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ (Өскемен қаласы

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ


«ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі

Кәсіптік даярлық мектебінің

2016 жылдың I тоқсанында атқарған жұмысы туралы

ЕСЕБІ


Өскемен қ., 2016 жыл

«ШҚО ТЖД ӨС ж АҚЖҚ» ММ Кәсіптік даярлық мектебінің

2016 жылдың I тоқсанында атқарған жұмысы туралы

есебі


«Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі кәсіптік даярлық мектебі (бұдан әрі – «ШҚО ТЖД ӨС ж АҚЖҚ» ММ КДМ) 2015 жылғы 22 мамырдағы № 120 «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының тактикалық-арнайы даярлығы, біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламасын», 2016 жылғы 24 ақпандағы № 48 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке алғаш рет қабылданатын адамдардың арнайы алғашқы оқудан өту қағидалары мен талаптарына, 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 100 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің ӨСжАҚЖҚ» ММ кәсіптік даярлық мектептерінің оқу-тәрбие және әдістемелік қызметін ұйымдастыру тәртібін, ШҚО ТЖД бұйрықтарын, нұсқауларын және тақырыптық жоспарларын басшылыққа ала отырып 2016 жылдың I тоқсанында 151 тыңдаушыны дайындап, шығарды, оның ішінде алғашқы даярлықтан 63 қызметкер өтті:

  • өрт сөндірушілер – 29;

  • Өрт сөндіру қызметі басқару аппараты қызметкерлері – 9;

  • өрт сөндіру автоцистерналары жүргізушілері – 19;

  • радиотелефоншылар – 6;

Біліктілікті жоғарылатудан 68 қызметкер өтті:

  • бөлімше командирлері – 1;

  • өрт сөндіру автоцистерналарының жүргізушілері – 65;

  • өрт сөндіру автосатыларының жүргізушілері – 2;

Қайта даярлаудан 20 қызметкер өтті:

  • бөлімше командирлері – 4;

  • өрт сөндіру автосатыларының жүргізушілері – 16.

Оның ішінде Семей және Риддер қалаларына шығумен КДМ оқытушылар құрамымен оқудын өтті:

  • бөлімше командирлері – 5;

  • өрт сөндіру автоцистерналарының жүргізушілері – 42;

  • өрт сөндіру автосатыларының жүргізушілері – 18.

ГТҚҚ рұқсатын 27 адам алды. Кәсіптік даярлық мектебінің ауысым құрамымен сабақ кестесіне сәйкес тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарымен 3-ӨБ (29 адам) және «ПТС-Грот-К» контейнер типіндегі жылутүтінкамерасында (29 адам) практикалық тәжірибелік сабақ өткізілді. Өскемен гарнизонының жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Кәсіптік даярлық мектебінің Оқу өрт сөндіру бөлімінің (бұдан әрі – КДМ ОӨБ) жеке құрамымен тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарымен 1 тәжірибелік сабақ және таза ауада 3 сабақ өткізілді.

Тыңдаушылар негізгі пәндер бойынша мемлекеттік тілде және орыс тілінде оқып, емтихан тапсыра алады, сондай-ақ екі тілде оқудан өтушілердің барлық санатына арналған электрондық тестілеу бағдарламасы әзірленген. Оқу топтарымен өрт сөндіру техникасымен, өрт-техникалық жарақтанулармен, өрт сөндіру бөлімдерінде қарауыл қызметінің ұйымдастырылуымен таныстыру мақсатында Өскемен қаласы гарнизонының өрт сөндіру бөлімшелеріне 2 шығу ұйымдастырылады. Ауысым құрамымен отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында 9 ақпанда «Жас қанат» концертіне бару ұйымдастырылып, 35 тыңдаушы қатысты.

Тыңдаушылардың әрбір санаты үшін 11 оқу-тақырыптық жоспар, 11 санаты бойынша емтихан билеттері және 11 сабақ кестесі әзірленді.

«ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ оқу-жаттығу кешенінде жыл бойынша өрт-саптық және дене күші дайындығы бойынша сынақ қабылдана отырып сабақ өткізіледі. Өрт-саптық және дене күші дайындығы бойынша 3 сынақ қабылдау хаттамасы ресімделді, 54 адам қамтылды.

Тыңдаушыларды оқыту барысында КДМ оқытушыларынан басқа ШҚО ТЖД және «ШҚО ТЖД ӨС ж АҚЖҚ» ММ қызметкерлері 194 сағат сабақ өткізді. КДМ-ға есепке алу алдында оқуға келген қызметкерлер өздері келген бөлімшелердегі жауынгерлік даярлығын анықтау үшін 54 адам қамтылып, кіру бақылаудан өтті, оның 20-ы қанағатанарлықсыз бағаларын алды.

Оқытушылар құрамы өткен материалдар бойынша тыңдаушылармен бекітілген кестеге сәйкес жүйелі түрде кеңестер өткізеді. 6 кеңес кестесі келісіліп, бекітілді. Оқыту процесінде туындаған мәселелерді шешу үшін 3 педагогикалық кеңес отырыстары өткізілді. КДМ басшылығы кестеге сәйкес оқытушылар құрамын педагогикалық бақылауды жүзеге асырады.

Облыстардың «ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастықтарымен кеңес шешімінің тармақтарын орындалуы бойынша іс-шаралар жоспарын орындау үшін мына тақырыптар бойынша 168 адам қамтылып, 25 сағат дәріс өткізілді:


  • Жеке құрамды даярлау тәртібін реттеуші нормативтік құжаттар және өрттерді сөндіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

  • Ақпаратты қабылдау, өңдеу және тарату, күштер мен құралдарды жіберу, өрт сөндіру штабын құру және күштер мен құралдарды басқару жөніндегі талаптар.

  • Өрт сөндірудің жедел жоспарлары мен карточкаларын әзірлеу және жасау.

  • Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі.

Сонымен қатар Семей қаласында «Семей орманы» қызметкрелерімен 90 адам қамтылған тұрмыстық өрттерді сөндіру тактикасы бойынша сабақ өткізілді.

КДМ-да оқу барысында тыңдаушылар оқумен қатар оқу өрт сөндіру бөлімінде тағылымдамадан өтеді.

Оқыту өрт сөндіру бөлімі өрт сөндіру бөлімдеріне қарастырылған барлық жайлармен (екі автомобильге арналған гараж, қарауыл жайы, диспетчерлер жайы, жатын бөлмесі, кезекші қарауылға арналған жатын жайы және т.б.) жарақталған. Бөлімнің жауынгерлік есебінде тиістілік нормасына сәйкес жинақталған СЖА-40 (130) 127 А автомобилі бар.

Оркестрдің күшімен ШҚО ТЖД оқу-жаттығу кешенінде өткізілетін гарнизондық іс-шараларға музыкалық сүйемелдеу қамтамасыз етілген. Мемлекеттік, кәсіптік және халықтық мерекелерге арналып 3 концерттің репертуары әзірленіп, өткізілді. Оркестр КДМ-да тыңдаушылармен таңертеңгі тапсырма алу кезіндегі (развод) саптық дайындықты өткізуді қамтамасыз етеді.

Өрттен құтқару спорты бойынша республикалық жарыстарға қатысты.

КДМ қызметкерлерінің кірісі туралы мәлімдеме тапсыру ұйымдастырылды. 17 орындыққа жөндеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ ӨТЖ үлгілерін орналастыру үшін стеллаждар дайындалды.



«ШҚО ТЖД ӨС ж АҚЖҚ» ММ КДМ бастығы

азаматтық қорғау полковнигі Д. Вареников
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет