өт қабының деформациясы?өт қабының перегиб/загиб
#86
*! 50 жасар әйел жалпы әлсіздікке, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айнуға шағымданады. АЛТ – 50,9 Е/л, СФ 80 МЕ/л, жалпы билирубин – 40,6 ммоль/л, альбумин – 30 г/л. ПТИ– 67%. Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ: бауырдың эхотығыздығы біркелкі емес жоғарылаған. V. portae диаметрі 16 мм. Көкбауыр 65 см2. Эпидемиологиялық анамнезінде: 25 жыл бұрын кесар тілігі кезіндегі гемотрансфузия. Бауыр циррозы диагнозы қойылды. Қан ИФА/ИХА жүргізгенде қандай маркерлердің анықталуы ең ықтимал?
Вирусты гепатит В және С маркерлеры
#87
*! 55 жасар ер адам әлсіздікке, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданады. Анамнезінде: алкольді қабылдау. Об – ті: жағдайы орташа ауырлықта, орташа дәрежедегі сарғаю, бауыр+0,5-1,0 см, көкбауыр+1,0-1,5 см. Биохимиялық қан анализінде- АЛТ 70 Е/л, АСТ 180 Е/л, СФ 140 Е/л, жалпы билирубин 44,0 мкмоль/л. альбумин 32 г/л. Қан ИФА: аHBsAg, aHBeAg, aHBcorIgG. ЭФГДС: 1 дәрежелі өңеш көктамырларының варикозды кеңеюі. Ең ықтимал диагнозды көрсетіңіз
Алкогольды бауыр циррозы
#88
*! Бауыр циррозымен науқаста іш көлемі ұлғайған, кернелген, диурез төмендеген, іште ауру сезімі пайда болған, дене температурасы субфебрильдіге дейін жоғарылаған. ЖҚТ: лейкоциттер 9,9×109/л, т.я. -7%, с.я. – 65%, м – 10%, л – 28%, эритроциттер 3,5×1012/л, гемоглобин 112 г/л, ЭТЖ 30 мм/ч. Науқаста дамыған ең ықтимал асқынуды көрсетіңіз:
Гепаторенальный синдром
#89
*! 13. 60 жасар ер адам диспансерлі бақылауда, СТР бойынша бауыр циррозының В класы. ЭФГДС – өңештің төменгі және ортаңғы үштен бір бөлігінде ауа инсуфляциясы кезінде жабысатын көктамырдың варикозды кеңеюінің нәтижесінде өңеш өзегі тарылған. Көктамырдың варикозды кеңеюі үстінде бірең сараң ангиоэктазиялар анықталады. Науқста K. - J. Paquet эндоскопиялық жіктелуі бойынша өңеш көктамырларының кеңеюінің қандай сатысы болуы ең ықтимал?
3саты
#90
*! 15. 68 жасар ер адам бас айналу, «кофе қойыртпағымен» құсу, қара түсті сұйық үлкен дәрет, әлсіздік, ентігуге шағымданып келді. Көп жылдан бері донор болып табылады, соңғы 3 жылда екі қабырға астындағы ауыру сезімі, тәбетінің жоғалуы, дисфагия, салмағының азаюы, іш үлкеюі, ұйқысының бұзылысы мазалайды. Об-ті: жағдайы ауыр, тері жабындылары бозғылт, склералары иктериялық, аяқтары арық, іші «құрбақа» пішінінде. Науқаста дамыған жағдай берілген аурулардың қайсысының ең ықтимал асқынуы болып табылады?
Бауыр циррозы
#91
*! Ер адам 48 жаста дәрігерге айқын әлсіздік, ентігу және жүрек соғуына шағымданды. Тілдің ашу, парестезия сезімі. Объективті: терінің және шырышты қабаттарының бозаруы мен сарғыштануы. Қанда: гемоглобин - 68 г/л, эритроцит – 1,7 х 1012 /л, лейкоцит - 2,8 х 10 9 /л, ТК – 1,2; ЭТЖ - 45 мм/сағ, тромбоцит – 123 х 109 /л. Миелограммада: мегалобласттық қан түзілу. Патологиялық жағдайды анықтау үшін қай диагностикалық әдіс ең ақпаратты?
Достарыңызбен бөлісу: |