Қолдың бұлшық еттері орналасуына қарай иық белдеуінің және еркін қозғалатын сүйектерінің бұлшық еттері деп екі топқа бөлінеді. Иық белдуінің бұлшық еттері буынмен қоршалған. Иық белдеуінің беткей еттеріне жауырынды айнала жатқан дельта тәрізді ет, ол иыққа пішін береді. Дельта тәрізді ет бұғананың сырт жақ бөлігінен, жауырынның иық өсіндісімен басталып тоқпан жіліктіңдельта бұдырына бекиді. Терең еттерге: жауырынның жал үсті және жал асты еті, кіші және үлкен жұмыр еттер жатады. Бұл еттер негізі жауырыннан басталып, тоқпан жілікке бекиді.
Еркін қозғалатын бұлшық еттер жатқан жағдайына қарай тоқпан жілік,білек,қол басы еттері деп бөлінеді.
Тоқпан жілік бұлшық етері орналасуына қарай алдынғы бүгетін екі басты, тоқпан жілік еті, құстұмсық-тоқпан жілік еті, артқы жазатын иықтың үшбасты еті, шынтақ еті жатады. Бұл екі жазушы және бүгуші ет топтарын шандырлы перде бөліп тұрады. Білек бұлшық еттеріде екі топқа бөлінеді. Алдыңғы топ еттеріне саусақты және бармақты бүгетін, тоқпан кәрі жілік еті, шынтақ және кәрі жіліктің білезік бүгетін еті, алақанның ұзын еті, шаршы және жұмыр пронатор жатады. Білектің арт жағындағы беткей еттеріне-білезік жазатын кәрі жіліктің ұзын және қысқа еттері, саусақтарды жазатын жалпы ет, т.б. жатады. Терең еттеріне супинатор еті, бас бармақты жазатын, алшақтататынұзын бұлшық еттер т.б. жатады. Қол басының бұлшық еттері-негізгі майда сіңірлермен қапталған еттер. Олардың көбі басбармақтың дөңесін түзіп жатады. Олар бүгуші, жазушы, тартушы және қарама-қарсы қоюшы бұлшық еттерінен тұрады. Қол еттері шандыры беткей және терең жапқыш деп бөлінеді. Терең жапқышы жұқа сүйекаралық еттерді жауып жатады,беткей жапқышы саусақтарды қаптап, ал орталық бөлімі сіңірленіп қалыңдап алақан апоневрозына айналады.
Аяқ бұлшықеттері
Аяқ бұлшықеттері
Адамның аяқ бөлімі тіректік және және қимыл қызметтерін атқарады. Аяқ бұлшық еттерінің ішінде ең жақсы дамыған бөксенің үлкен еті-ол бөксені жазып, денені тік ұстау қызметін орындайды. Санның төрт басты сирақтың жазып денені тік ұстау қызметін орындайды. Балтырдың үшбасты бұлшықеттері тізе буынын бүгу, жүру, жүгіру, аяқ басын қимылдату қызметін атқарады.