Миология бұлшық еттер Бас пен мойын бұлшық еттері Тұлға бұлшық еттері Қол және аяқ бұлшық еттері


Бірыңғай салалы бұлшықет (лат. musculus - бұлшық ет, viscera - ішкі) - ішкі түтікше мүшелердің, қан және лимфа тамырларының етті қабықтары мен қабаттарын құрайтын бұлшықет



бет4/13
Дата06.06.2023
өлшемі2,02 Mb.
#178357
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Миология

Бірыңғай салалы бұлшықет (лат. musculus - бұлшық ет, viscera - ішкі) - ішкі түтікше мүшелердің, қан және лимфа тамырларының етті қабықтары мен қабаттарын құрайтын бұлшықет.

Бірыңғай салалы бұлшықет (лат. musculus - бұлшық ет, viscera - ішкі) - ішкі түтікше мүшелердің, қан және лимфа тамырларының етті қабықтары мен қабаттарын құрайтын бұлшықет.

Бірыңғай салалы бұлшықетті екі ұшы сүйірленіп келген, пішіні ұршық сабына ұқсас бірыңғай салалы ет үлпасының жасушалары -миоциттер құрайды. Миоциттер бір-бірімен жұқа борпылдақ дәнекер ұлпалық аралық (эндомизий) арқылы байланысып, ішкі түтікше мүшелер мен қан және лимфа тамырлары қабырғаларының етті қабықтары мен қабаттарын түзеді.

Бірыңғай салалы бұлшықет құрылысы жағынан паренхималы мүшеге жатады. Оның паренхимасын миоциттер, ал стромасын - дәнекер ұлпалы аралықтар құрайды.

Бірыңғай салалы бұлшықет - эмбриондық кезенде мезенхимадан дамып жетіледі. Бұлшықетті вегетативті (автономды) жүйке жүйесі жүйкелендіреді. Сондықтан, бірыңғай салалы бұлшықет - автономды түрде еріксіз жиырылып, ішкі мүшелер мен тамырлар қабырғаларының жиырылып, қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Қол және аяқ бұлшық еттері. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы. Көлденең жолағы болмауына байланысты бірыңғай салалы деп атаған. Бұлшық еттің бұл түрінің жиырылуы біздің еркімізге байланысты емес. Оның функциясын вегетативтік нерв жүйесі реттейді. Бірыңғай салалы бұлшықет қабат құрап орналасады. Кейбір қуыс органдардың қабырғаларында, мысалы, қан тамырларында, өкпенің ауа жүретін жолдарында, қуықта, өт қабында, ас қорыту жолдарында бір немесе екі қабат құрайды.

Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасының құрылымдық элементі бірыңғай салалы бұлшық ет клеткасы. Клетка мағынасында “талшық” деген термин де қолданылады. Оның пішіні ұршық тәрізді ядросы клетканың жалпақ бөлігінде орналасқан. Жеке клеткалар сирек сирек кездеседі, әдетте, олар жуандығы түрліше шоғырлар құрайды. Шоғырларда және олардың аралығында коллагендік және эластиндік талшықтары көп дәнекер ұлпасының жіңішке қабаты болады. Дәнекер ұлпасы арқылы қан тамырлары мен нервтер өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет