Мирманов наку бахаутдинович



бет1/3
Дата15.09.2017
өлшемі471,76 Kb.
#32295
  1   2   3
ӘОЖ 37.026.9:347.785:615.851.82 Қолжазба құқығында
МИРМАНОВ НАКУ БАХАУТДИНОВИЧ
Музыкалық терапия арқылы студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту

6М010300 – "Педагогика және психология" мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация жұмысының

РЕФЕРАТЫ



Ғылыми жетекшісі: психология ғылымдарының кандидаты А.Ж.Аяғанова



Қ


ызылорда, 2013ж.

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Гуманитарлық-педагогикалық институты "Педагогика және психология" кафедрасында орындалды.




Ғылыми жетекшісі:

психология ғылымдарының кандидаты А.Ж.Аяғанова






















Ресми оппонент:

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының

«Әлеуметтік және арнайы педагогика» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты А.М.Қалматаева


Магистрлік диссертация 2013 жылдың "___" маусымында сағат ____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемелекеттік университетінің (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би, 36 а, №7 оқу ғимараты, Гуманитарлық-педагогикалық институты, №____ дәрісхана) диссертациялық кеңес мәжілісінде қорғалады.

Д

иссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.



КІРІСПЕ
Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында психотерапияның салаларының бірі музыкалық терапияны студенттердің шығармашылық ойлауын қалыптастыруда қолдану жолдары сипатталған. Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-көпшіліктік әдебиеттерге талдау жасалынған. Эксперименттік зерттеулер негізінде зерттеу болжамы дәлелденіп, тұжырымдар берілген.

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстанның қоғамдық-экономикасында болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесінің дамып, жетілуіне маңызды ықпал етуде. Қоғамның жаңа әлеуметтік мәдени жағдайында өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде өздігімен дербес тиімді педагогикалық жолдарды таба білетін, алғыр да қабілетті педагогқа деген сұраныс жылдан-жылға өсуде. Тұлғаның ерікті түрде, шығармашылықпен дамуына, өзін-өзі көрсете білуіне, өз өмірін дұрыс бағдарлауына осы қасиеттерді жетік меңгерген мұғалім ғана жәрдемдесе алады. Осыған орай музыка болашақ маман-бүгінгі студентті шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыру мен дамыту мәселесінің көкейкестілігі күннен-күнге арта түсуде.

Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттардағы өрлеуіндегі осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.

Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай білім керектігін басты назарда ұстап келеді.

Білім адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестің, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Осыған орай бұрынғы мәдени тәжірибені жеткізуге бағытталған, үлгі бойынша оқытатын репродуктивті, жеке адамның қызығушылықтарынан мемлекеттік мүддені жоғары қоятын білімнен адамның өзін танымның биік баспалдақтарына қарай жетектеп отыратын өмір бойы алатын білімге бағыттау жүзеге асырылуда. Білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орынын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуде белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс деп есептелінеді.

Қазіргі таңда жүріп жатқан модернизациялау үдерісі еліміздегі білімнің сапасын арттырып, оның халықаралық білім кеңістігіне кірігуіне деген қажеттіліктерін қанағаттандырады, еліміздің өркендеген елдердің қатарынан көрінеміз деген талабына тұғыр болады деп күтілуде. Модернизациялаудың құқықтық негіздерін ҚР Білім берудің 2011-2020 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы жоғарғы педагогикалық білім тұжырымдамасы және де басқа мемлекеттік нормативті құжаттар құрайды. Білім саласына жүктеліп отырған осындай міндеттерді жүзеге асыратын, барлық реформалардың басты кейіпкерлері мұғалімдер жаңа формация мұғалімі деп қабылданып, олар: рухани-адамгершілікті, азаматтық белсенді, рефлексияға қабілетті, құзырлылықтары қалыптасқан, әдіснамалық, зерттеушілік, әдістемелік деңгейі жоғары тұлға ретінде сипатталады.

Адам бойындағы ашылмаған мүмкіндіктерін жетілдірудің мәні мен маңызы, шығармашылық бастаулардың көзін ашу сияқты көпқырлы, күрделі мәселе өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Бұл мәселе антикалық дәуір философтары (Гераклит, Сократ), жаңару субъективті идеализм теориясы өкілдері (И.Кант, Л.Фейербах, И.Фихте, т.б.), шығыстың көрнекті ойшылдары (Ж. Баласағұн, Ә.Н. әль-Фараби, Ш.Уәлиханов), ақындар (А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, С. Торайғыров), ағартушылар (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, т.б.) еңбектерінде сипатталған.

Оқу үдерісінде студенттердің шығармашылық ойлауын арттырудың жолдары мен тәсілдерін, танымдық ізденімпаздық, танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселелері туралы зерттеу жүргізгендерді атап өтсек: Я.А.Коменский, Ы.Алтынсарин, П.И.Пидкасистый, Н.А. Половникова, Т.И.Шамова, А.Е.Әбілқасымова, Т.С.Сабыров, Р.С.Омарова т.б. еңбектері.

Сонымен бірге танымдық іс-әрекет ұғымы мен танымдық белсенділікті қалыптастыру проблемасына педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Студенттердің танымдық әрекеті мен белсенділігін жетілдіру құралы ретінде қарастырып, құнды пікірлер Ф.Бэкон, М.Мантель, Д.Локк, Я.Коменский, И.Кант еңбектерінде айтылған.

Жоғары мектептің оқу үдерісінде студенттердің шығармашылық белсенділігін арттырудың көп зерттелмеген саласы - музыкалық терапияны қолдану мәселесі. Музыкалық терапия - қазіргі кезде музыкалық психологияда және психотерапияда адам ағзасына оң әсер тудыратын ең тиімді әдістердің бірі болып табылады. Музыкалық терапияның адам психикасына әсері жайлы айтылып жүрген көптеген көңіл аударарлық пікірлер бар. Әлеуметтік сала мамандары үшін музыканы қабылдау олардың өздерін тәрбиелеу және түрлі қажетті нәрселерді орындауға ықпалын тигізеді. Жалпы музыкалық терапияның негізгі мақсаты - уайым, қобалжу, түңілу сынды теріс сезімдерді санадан шығарып жіберіп, оның орнын жағымды эмоцияларды ендіру. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін көркем музыкалық шығармалар қолдану тиімді болып табылады.

Мысалы, музыкалық терапияның танымал әдіскері Нордофофа- Роббинстің кең көлемде қолданған әдісі- "вербалды емес коммуникация". Ол паталогиялық бұзылудан психоэмоционалдық мінездің агрессивті болуы бірден және оңай түрде музыкада білінетіндігін көрсеткен. Мұнда музыкалық қадам болып «тірі музыканы» коммуникация құралы ретінде пайдалану. Бұл әдіс кезінде ойынға қатты ерекшеленген аспаптар қолданылады. Ол аспаптарда ойнау үшін арнайы дайындықтың керегі жоқ. Музыкалық аспап арнайы ойластырылған ойға байланысты таңдалады, көбінесе барабан (ұрмалы аспаптар) алынады. Ол қол жетерлік аспап арнайы дағдылықты қажет етпейтін, сондай-ақ үлкен ырғақтық (ритмикалық) күші бар және түрлі эмоционалдық жағдайларды тартады. Бүгінгі музыкалық-педагогикалық, психологиялық ғылым салаларында музыкалық терапияны оқу үдерісінде қолдану, сол арқылы білім алушылардың шығармашылық ойлау әрекетін белсендіру мәселесі терең зерттеуді қажет етеді.

Сонымен, бүгінгі жоғары педагогикалық оқу орындарында музыкалық терапия арқылы студенттердің шығармашылық ойлауын қалыптастыру қажеттігі мен аталған қасиеттердің мақсатты бағыттылықта зерттелмеуі арасында қарама – қайшылық біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және зерттеу тақырыбын "Музыкалық терапия арқылы студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту" - деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: студенттердің шығармашылық ойлауын музыкалық терапия арқылы дамытуды теориялық тұрғыда негіздеу және мазмұны мен әдістемесін жасау.

Зерттеу нысаны студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту үдерісі.

Зерттеу пәні – музыкалық терапия арқылы студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, музыкалық терапия арқылы студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту білім беру үдерісінің маңызды бағыттарының бірі бола отырып, оны қолдану әдістемесі практикалық негізделсе, онда шығармашыл тұлға қалыптасуды қамтамасыз етеді.

Зерттеу міндеттері:

1. Музыкалық терапияны теориялық негіздеу;

2. Шығармашылық ойлауды дамыту мәселелерін жүйелеу;

3. Шығармашылық ойлауын музыкалық терапия арқылы дамытуды эксперименттік зерттеу;



Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері – таным теориясы, студенттің және оның ақыл-ой, іс-әрекеті, ойлау, арт-терапия, музыкалық терапия туралы философиялық, психологиялық, музыкалық – педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар, білім сапасын арттыру теориялары құрайды.

Зерттеудің көздері. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы, зерттеліп отырған мәселеге байланысты отандық, шетелдік ғалымдардың еңбектері.

Зерттеу әдістері: теориялық (философиялық, психологиялық, педагогикалық, мәдениеттану, музыкатану әдебиеттерге талдау), эмпирикалық (сауалнамалар, педагогикалық бақылаулар, тестілеу, әңгімелесулер, өзінің тәжірибесіне эксперттік баға беру, талдау), праксиметриялық (шығармашылық әрекеттің нәтижесін, құжаттарды талдау), эксперименталдық (анықтау, қалыптастыру, бақылау), алынған ақпаратты статистикалық өңдеуден өткізу әдістері (салыстыру, қорытындылау, талдау, өңдеу).

Зерттеу базасы. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті "Педагогика және психология" мамандығының студенттері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

1. Музыкалық терапияға теориялық талдау жасау.

2. Студенттердің музыкалық терапия арқылы шығармашылық ойлауының даму көрсеткіштері және деңгейлері анықталды;


  1. Музыканың шығармашылық ойлауға әсері эксперименттік тұрғыда анықталды.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: музыкалық терапия арқылы студенттердің шығармашылық ойлауын қалыптастыру проблемасының педагогика, психология, музыкатану ғылымдары саласында зерттелу деңгейлері қарастырылады, "музыкалық терапия", "шығармашылық ойлау" ұғымына берілген анықтамалар жүйеге келтіріледі, музыкалық терапия арқылы студенттердің шығармашылық ойлауын оқу-танымдық әрекеттерде қалыптастыру ерекшеліктері қарастырылады.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеуге алынған нәтижелер мен қорытындылар педагогикалық, психологиялық ғылым саласында шығармашылық ойлауды дамыту.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  • "шығармашылық ойлау", "музыкалық терапия" ұғымдарының сипаттамасы, музыкалық терапия арқылы студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту ерекшелігінің педагогикалық негіздері;

  • студенттердің шығармашылық ойлауын музыкалық терапия арқылы дамыту көрсеткіштерінің және деңгейлерінің негізгі сипаттамасы;

  • студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту жолдарын жетілдірудің әдістемелік нұсқаулары.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық, музыкалық-педагогикалық оқу-әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралында жан-жақты талдау және оларды зерттеу барысында негізге алу, тәжірибе-сынақ бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігі; педагогикалық іс-тәжірибеге қатыстырылған сыныптар мен оқушылар санының жеткіліктілігі; бақылау жұмыстарының бірнеше рет қайталануы арқылы қамтамасыз етілді.

Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Бүгінгі таңда психология ғылымының практикалық мәнділігіне ерекше назар аударылуда. Осы орайда психология ғылымының терапиялық бағыты қарқынды түрде даму үстінде. Солардың бірі музыканың терапиялық мәні болып табылады. Көптеген әдебиеттерге сүйенсек, музыка жермен бірге жаралған іспеттес. Табиғаттағы табиғи дыбыстардың барлығы осы ұлы музыканы құрайды. Судың, шөптің, тау-тастың сыбдыры, желдің гуілі, күннің күркіреуі, жаңбырдың тарсылы әуезді іспеттелген.

Әлемде музыкасыз ұлт жоқ. Музыка адамзатқа ортақ. Ең әсерлі, сиқырлы сұлу сөз де адам сезіміне музыкадай әсер ете алмайды. Д.Шостакович: "...если бы музыка могла выражать только то, что выражает человеческая речь, музыка была бы не нужна" деп тұжырымдайды. Шынында музыканың берер әсерін тілмен, сөзбен айтып жеткізуге болатын болса онда музыканың қажеті болмас еді. Музыканың құдіретін ұлы Абай Құнанбаев "Құлақтан кіріп бойды алар, әнді сүйсең менше сүй"- дегендей, музыканың сезім мүшелерімізге әсер етіп, бүкіл ағзамызға жағымды әсерін әсем ән мен тәтті күй арқылы әдемі суреттеп берген. Ұлы Абай музыканың құдіретін, оның емдік қасиетін сол кезде-ақ көрсете білген.

Қазіргі таңда сонау сан ғасырлар бұрын айтылған ғұламалардың музыка туралы ой-пікірлері бүгінгі таңдағы ғылымда терапия ұғымымен тұжырымдалып жүр. Музыканың терапиялық мәні ерекше.

"Терапия" – латын тілінен аударғанда емдеу деген ұғымды білдіреді, сонда музыкалық терапия дегеніміз музыкамен емдеу болып шығады. Қазіргі таңда музыкасыз өмірді елестету әсте мүмкін емес. Үйде, көлікте, сыртта, офисте, жұмыста, барлық жерде музыка бізбен бірге. Адамзат музыканың емдік қасиетін барын тым ертеде-ақ білген. Адам тәнін музыкалық аспап ретінде қарастырсақ жүректің соғуы ең үлкен ырғақ болады. Сонымен қатар адам қорыққанда, уайымдағанда немесе қуанып-шаттанғандағы жүректің соғуы нағыз ырғақтық музыкаға айналады. Жаны жоқ дейтін өсімдіктерде жақсы музыкамен тез өсіп, жақсы өнім беретіні белгілі. Музыка жан-жануарларға да әсер ете алатыны бүгінгі күні жаңалық емес. Адамның жан-жүйкесіне, сезімі мен көңіл-күйіне әсер ететін музыканы – қазақтар тәңірдің күбіріне теңеген. Ежелгі гректердің ұлы ойшылдары Демокрит: "Флейтаның сиқырлы сазымен кейбір ауруларды емдеуге болады" десе, Гиппократ музыканы барлық ауруды емдеуге қолданған. Платон, Аристотель және Пифагор музыканың емдік қасиеті барын мойындаса, Гомер жағымсыз эмоциялармен күресуге музыканың көп көмегі барын айтқан.

Музыканы жыл мезгілдеріне бөліп, күн мен түнде және әртүрлі аурулардың өзінің музыкасы барын, ауруды қандай музыкамен емдеуге болатынын ежелгі үндінің емшілері мен софылары егжей-тегжейіне дейін білген.

Мұсылман елдері мен мемлекеттерінде: Аббасид Халифатында (750-1257жж) және Осман империясында (XIII-XVғ) музыкалық терапия, ароматерапия, сулы (водная) терапия және құран аяттарымен емдеу кең етек жайып, өте жақсы нәтиже берген. Музыка терапиясымен әсіресе жүйке ауруына шалдыққандарды емдеуге көп қолданған. Жаны күйзелгендер мен рухани азғындарды да жақсы музыка тыңдатумен емдеп отырған.



Көне Қытай мемлекетінің ғалымдарыда музыкамен адам сана-сезімін игеруге болатынын білген. Ал императорлары арнайы бұйрықпен жылдың әр күніне бір шығармадан шығартып тыңдап отырған, яғни 365 күнге, әр күнге өзінің арнайы шығармасы болған. Қытайдың әйгілі тарихшысы Сыма Цянь былай деген: "Музыкаға келетін болсақ, ол қашанда даналарды шаттыққа бөлеп отырған, олар музыка арқылы халықтың жан жүрегін тазарта алған. Музыканың әсер – ықпалының күштілігі соншалық, ол адамдардың мінез-құлқымен салт-дәстүрін өзгерте алады, сондықтан да бұрынғының басшылары халықтың жөнді музыка тыңдауын қадағалап отырған".

Орта Азиядағы түркі тілдес халықтардың, оның ішінде қазақ халқының музыкалық мәдениеті сөз болғанда, ең алдымен сол заманнан бүгінгі күнгежеткен музыкалық мұралар нақтылы айғақ-дерек ретінде назар аудартады. Бұған дәлел, исі түркі халықтарына ортақ ақылгөй абыз, батагөй дана, қобыз аспабын дүниеге әкелген әйгілі Қорқыт атаның күйлері. Бүкіл түркі халықтарының ішінде Қорқыт күйлері текқазақ халқында ғана сақталған.Тәңірлік наным-сенімі үстемдеу болған қазақтар XIX-XX ғасырға дейін көшпелі өмір салтын ұстанған. Тәңірдің жердегі өкілі болып есептелетін бақсылардың ел ішіндегі беделі үстем болады. Ал, бақсыны тәңірмен тілдестіретін аспап – ол қобыз еді. "Сөз жоқ, қобыз шалған кез келген бақсы тек қана бақсы сарындарын сарнатумен шектелмеген, олар өздеріне ұлы ұстаз ретінде пір тұтатын Қорқыттың күйлерін де аңырата тартып, Қорқыттың аруағына сыйынып отыруды киелі шарт санаған. Бұл – көз көріп, құлақ естіген ақиқат" - дейді марқұм Ақселеу Сейдімбеков. Қорқыт атамен қатар қазақ даласынан шыққан ғұлама ғалымдарымыздың еңбектері әлем халықтарының музыкалық мәдениетіне ұлы жаңалықтармен қосылды. әл-Фарабидің (870-950) "Музыканың ұлы кітабы", Әбу Әли Ибн Синаның (980-1037) "Айығу кітабы", Абдулқадыр Ибн Гаиби Марагидің (XIV-XVғ) "Музыка ғылымындағы әуендер жинағы", Ахмадидің (XVғ) "Музыкалық аспаптар айтысы", Дәруіш Әлидің (XVIIғ) "Музыкалық трактаты" т.б. көптеген кітаптар музыка әлеміне ең үлкен, құнды қазына болып қосылды. Әл-Фарабидің "Музыканың ұлы кітабында" музыка теориясы, оның пайда болу және қалыптасу тарихы, музыканы жүрекке қондыра қабылдаудың психологисы, музыкалық шығармаларды орындаудың әдіс-тәсілдері сияқты өзекті мәселелер терең талданады. Қазақ даласында болған саяхатшылар, ғалымдар мен зерттеушілердің қазақ бақсысы жайында жазған жазбалары өте көп. Басқасын айтпағанда Ресейдің И.Кастанье, Н.И.Ильминский, А.Янушкевич, Б.Залесский, Бартольд, Добровольский, Гумилев, Потанин, Левшин, Радлов, Диваев, Затаевич, Андреев т.б. көптеген ғалымдары құнды материалдар қалдырған. Демек, қазақ халқында да музыкалық терапия болған. Қазақтар музыканың адам жаны мен тәніне бірдей әсер ететінін тым ертеде-ақ білген және оны (муз.терапияны) іс-жүзінде, практикада қолданған. Күні кешеге дейін музыкалық терапияны ем ретінде іс-жүзінде қолданған бірден-бір халық қазақтар. Музыкалық терапия – ақыл ой-мен эмоциялық әрекетке байланысты ауруларды ғасырлар бойы анықталған емдеудің түрі. Музыканың емдік күші ежелгі түріктерге, египеттіктерге, индустарға, қытайларға, парсы, гректерге мәлім болған. Пифагор көптеген ауруларды өзі шығарған музыкамен емдеген. Пифагорлықтар күннің шығысын, батысын әнмен бастаған. Таңертеңгі ән миды оятып, сергітуге, күні бойғы жұмысқа дайындайды, кешкі ән демалуға, ұйқыға арналады. Мыңдаған жылдар бойы аналар балаларын бесік жырын айтып ұйықтатады. Ұйқысыздық ауруына шалдыққан граф Кастзерлинг (Россиядағы посол) өзінің пианисті Иоганн Гольдбергты шақыртып, И.С. Бахтың шығармаларынан ойнатып барып қана тәтті ұйқыға батады екен. И.С. Бахқа риза болғаны соншалық оған граф салмағы өте ауыр алтын бұйым силайды. Музыкада бірлестіктің (біріктірудің) қуатты күші бар.

Музыканың адам ағзасына тигізетін әсері туралы ой-тұжырымдарды шаманизм бағытынан, бақсылар мен сәуегейлер іс-әрекетінен анық байқауға болады. Тәңірге табынушылардың сәуегейі, бақсылардың пірі Қорқыт ата болғандығы тарихтан белгілі. Қорқыт ата бақсылық өнерінің атасы әрі негізін қалаушы да. Өз заманыныда Қорқыт ата басына төнген қауіптен қорықпады. Ол өлмейтін, мәңгі жасайтын өмірді іздеп, өлімнен қашумен болды. Бұл бір адамдарға адасу тән болған, қоғамды надандық жайлаған жаһилет заманында Құдай заңына қарсы шығудың көрінісі іспетті еді. Ешкімнің де батылы бармас, көзсіз қайсарлықтың Қорқыттың бойынан табылуы оның шынымен-ақ табиғаттың тылсым сиқырлы күшіне сенгендігі ме деген ойға қаласың. Қорқыт өзінің қобызының үнін зарлата, мұңдата, жер бетін тебіренте және адамдарды артынан ертіп жылата жүріп, өмірін өте ауыр тағдырмен өткізді. Ол уайымсыз, ұрыссыз, қайғысыз, тыныш, еркін өмірді іздеді. Соны аңсап жер-жаһанды шарлады. Ол өлімді бір зұлымдықтың басы деп түсінді. Қорқыт ата адамдарға өз қолынан мәңгілік өмір сыйлай алмаса да артына, дертке дауа іздеп адамның тұла бойын шымырлататын зарлы күйі мен қобызын қалдырды. Осы мұрасын пайдаланған бақсылар ауру алдында Қорқыт күйін қобызы арқылы тартып, көмекші "рухтары" арқылы дертке дауа іздеді. Ислам діні өлімді парыз десе, шаман діні өлімді мойындамаған. Шаман діні кезінде адамдар табиғат пен әруаққа табынды. Көкті өзі билеуші ретінде таныды. Бұрын сақ тайпалары күнге ас берсе, кейін адамдар әруаққа ас беретін болған. Шаманизм буддизмнің бір тармағы болған. Ол VI-VII ғасырларда Үнді елінен Тибет пен Қытайға, содан соң түрік-моңғолдарға өткен. Үнді жұрты бақсыны "бхихшу" деген. Қытай, Тибет, моңғолдар ламалары арқылы бұлтқа табынса, ол кезде түріктер әруаққа табынған. Шаманизм VII-IX ғасырда жаңа нанымға айналып, оны бақсылар бастады, олардың ішінде Қорқыт ата, Баба түкті Шашты Әзиз т.б. болды. Бұл шаман діні Сыр бойына VIII-IX ғасырда тарайды. Бұл жөнінде Шоқан Уәлиханов: "Шаман дегеніміз көк пен әруақ қолдап, басқалардан білімі көп, сиқырға жетілген адамдар болған, өзі ақын, музыкант, балгер және дәрігер болып саналған",- деп жазған. Түркі дәуірінде елде Ислам діні қабылданарда халықты қырғызбау үшін, Баба түкті Шашты Әзиз 60 түйе қурайдың ортасына өзі отырып, қолына Құран ұстап сыртынан өрт қойғызады. Қурай жанып біткенде қараса Құран да аман, Баба түкті Шашты Әзиз де аман, күймеген болып шығады. Содан кейін біздің ата-бабаларымыз шаман дінінен ислам дініне ғайыптың сырын білетін Баба түкті Шашты Әзиз арқасында аман өтіпті. Бірақ та, оның өнері осы Ислам дініне жат екенінің әрі кейін құртылатынын Баба Түктілер де және бақсылар да білмеген еді. Бақсының негізгі демеушісі, Қорқыт атадан қалған мұрасы ескі қобызының түрі Ұлытаудың теріскей баурайында бір ғажайып мүсін таста сақталған. Екінші бір түрі Қарқаралы аймағында, Дегелең тауының бір алабында VI-VIII ғасырларда мүсін тасқа қиып түсірілген. Қобызды арнайы үйеңкі деген ағаштан жасаған. Бұл академик Ә.Марғүлан еңбектерінде толық сипатқа ие.

Қазіргі таңда адам ағзасы мен психикасына өнер арқылы, музыка арқылы, әртүрлі жанрдағы әдеби шығармалар арқылы оң әсер туғызатын әдістерге қоғам тарапынан қызығушылық артып келеді. Психотерапияның маңызды салаларының бірі арт-терапия, музыка-терапия, ертегі-терапиялар алғашқыда сырқат, ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Қазір бұл әдістер адамның шығармашылық қабілетін дамыту бағытында қолайлы қолданылып келеді. Осы орайда біз психотерапия саласы жайлы қысқашамағлұмат бере кетелік.

Психотерапия - бұл адамның психикасына ықпал етуші іс-шаралар жүйесі, психологиялық көрсету формасы, сондай-ақ сәйкес проблемаларды зерттейтін дәрігерлік және практикалық психологияның саласы. Психотерапияны шартты түрде психологиялық құралдармен адамдардың жүйке-психикалық және психосоматикалық аурулары мен бұзылыстарын емдеумен айналысатын дәрігерлік психотерапияға және дені сау адамға (клиентке) бағдарланған және оның психологиялық қиындықтарын жеңумен айналысатын дәрігерлік емес деп бөледі.

Әдебиетте "психотерапия" ұғымының көптеген анықтамалары бар. Бұл көптеген психотерапевтік бағыттар мен әдістердің болуымен байланысты. Чех ғалымы Станислав Кратохвилу психотерапия психологиялық әдістердің көмегімен әртүрлі ауруларды емдеу деп түсіндіреді. Ол аурулар психикалық процестер мен тұлғаға, сондай-ақ дене қызметтеріне де қатысты болуы мүмкін. Психологиялық әдістерге ең алдымен, сөйлеу – тілі (үндемеу), эмоциялық қатынастар, үйретудің әрқилы түрлері, қоршаған ортамен манипуляциялау жатады. Психотерапияның ортақ мақсаты клиенттерге ойлауы мен мінез-құлықтарын өзгертуге, осылайша едәуір бақытты, өнімді болуға көмектесуде. Ол мақсатқа жету үшін терапевт төменде көрсетілген неғұрлым жеке сипаттағы міндеттерді шешеді:


  • клиенттің проблемаларын жақсырақ түсінуге көмектеседі;

  • эмоциялық үйлесімсіздікті жояды;

  • сезімдердің еркін айқындалуын қолдайды;

  • клиентті проблемаларды қалайша шешуге болатыны жайлы жаңа идеялармен қамтамасыз етеді;

  • ойлау мен мінез-құлықтың жаңа тәсілдерін терапевтік ситуациядан тыс тексеріп көруге көмектеседі. Осындай міндеттердің шешілуінде психотерапевт негізгі үш әдісті қолданады.

Біріншіден, психологиялық қолдауды қамтамасыз ету. Бұл ең алдымен, клиентті көңіл қоя тыңдап, сын жағдайда оған кеңес беруді білдіреді. Қолдау клиенттің күші мен іскерліктерін сезініп, пайдалануға көмектесуде анықталады.

Екіншіден, бейімсіз мінез-құлықты жою және проблеманы шешудің бейімді жаңа тәсілдерін қалыптастыру.

Үшіншіден, клиенттің өзіндік ашылуына, инсайтқа жетуіне, яғни мотивтерін, сезімдерін, дау-дамайлары мен құндылықтарын жақсырақ түсінуге ықпал ету.

Рационалды терапия – психотерапияның клиентке көзқарастарындағы қисынды қателерді көрсету арқылы оның ойын түзетуге бағытталған әдісі. Р.Дюбуамен 1912 жылы ұсынылған бұл әдіс психотерапияның дерлік барлық түрлеріне енеді. Рационалды психотерапияның негізгі формалары: түсіндіру (аурудың негізін, пайда болу себептерін талқылау және аурудың едәуір нақты көрінісіне жету); көндіру (ауруға деген эмоциялы қатынасты түзету, жеке-дара ұстанымдардың модификациясы); қайта бағдарлану (ауруға қатысты ұстанымдарда тұрақты өзгерістерге жету); психогогика (науқас үшін аурудан тыс жағымды жетістіктерді қалыптастыратын неғұрлым кең ауқымды қайта бағдарлану).


Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет