Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет42/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Егінде еңбек, шөпте асар,
Жыбыр-жыбыр бар кісі.
Қырт-қырт орад орағы,
Сыңғыр-сыңғыр шалғысы36,
деген жолдар айғақ.
Ілияс еңбек адамдарының бейнесін жинақы беруге тырысса да, оның кілтін көпке дейін таба алған жоқ. Іздену, талап бар, әлі табыс жоқ. «Күн шыққанда» өлеңі де осы тәріздес. Ілиястың бұл кезде еңбек туралы жазылған өлеңдерінде көбіне ойдың жалаңдығы, өлеңнің көркем бояуының солғындығы байқалады. Ал «Орақ науқаны» деген өлеңінде көркемдік жағынан ізденушілік бары байқалады. Бұл да үгіт өлең. Өлеңде шыжып тұрған күнді, орақ оруға кіріскен жұртты, пісіп, толысып тұрған егінді суреттейді. Одан кейін Жоңқабайдың Сүйеубекке «егінді шашпай, төкпей жинап алайық, қыдырынды жалқауларды жолатпа» деген ақылымен бітеді.


Науқанды төкпей-шашпай жинап алсаң,
Бермейсін ханға сәлем, бір дүрмекте37.

Алайда, I.Жансүгіров егіннің сипатын бейнелеуде тек өз творчествосында ғана емес, қазақ әдебиетінде бұрын-соңды қолданылмаған тың суреттеулер табады. Мысалы:




Бидай тұр өткір мұртын тікірейтіп,
Қонақ тұр шал жауырынын бүкірейтіп,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет