Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М


Сыланған бой жеткендей күнбағыстар



бет43/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Сыланған бой жеткендей күнбағыстар
Кәмшетін шекесінде шікірейтіп.
Қозыдаай қауын, карбыз көгендегі,
Тай-тұяқ алма күміс төбеңдегі38.

Мұнан біз I.Жансүгіровтің жалаң ойдан бояуы қанық суретке ойыса бастағанын байқаймыз.


Еңбек туралы болсын немесе еңбек еткен адамдардың бейнесін жасауда болсын, олар әр уақытта өмір құбылысының қат-қабат сырларымен байланысты жатады. Құр «еңбек, еңбек» деумен немесе құр еңбек процесін көрсетемін деп сырттай шолу жасағанмен ақын нысаналы ойына жете алмайтыны даусыз. Еңбек адамының бейнесін жасағанда сол еңбек етіп жүрген геройдың қуанышы мен күйініші, қиындықты жеңу жолындағы қажырлы іс-әрекеті еңбекке деген жаңа көзқарасымен қабысып, ұштасып жатуы шарт. Әрине, мұның бәрі бір ғана қысқа лирикалық шығарманың бойынан табыла бермеуі де мүмкін, бірақ ақынның бүкіл творчествосына шолу жасағанда осы жәйді байқау қажет. Міне, осы тұрғыдан келгенде I.Жансүгіров ауыл өмірінің шындығын беруге тырысқаны айқын көрінеді.
20-жылдары халық саяси мешеуліктен құтылғанмен, экономикалық кемтарлықтан құтылған жоқ-ты. Күздің тымырсық ауасындағы кедей ауылының бүрсең қаққан бейнесін ақын дәл береді. Бірақ ақын кедей ауылының осы бір бейнесін жалпы көрсетумен ғана тынбайды. Ол:

Барын жөндеп бақтырмай,


Жоғын жөндеп таптырмай,
Әлі менен Ержанды
Иектеп жүр бір қырсық39, –
деп түйеді өлеңінің аяғын.
Совет өкіметі орнады, теңдік, бостандық туды, бай құрыды, кедей байыды деп даурыға беруге мүмкіндік те бар. Бірақ өмір шындығы қызыл тілден шыққан құрғақ сөздей бола бермейді. Әлі мен Ержанды иектеп жүрген қырсық бар, ол қандай қырсық? Соның сыры неде? Ол әлі етектеп басып келе жатқан ескі әдет-ғұрып па? Не мардымсыз, өнімі жоқ күйбең тірлік пе? Міне, өмірге диалектикалық даму заңы тұрғысынан қараған ақын оның сырын ашады, оған мағына береді.
Ақын мұндай кезде сол қайшылықты жаба түспей, керісінше, оны аша түсу керек. Сонда ғана ол қоғамның ілгері дамуына әсерін мол тигізетін болады. Әйтпесе, болып қалды, толып қалды деген сөздер өмір қайшылығын бүркемелей түседі, өмірдің қарыштап дамуына кеселін тигізеді.
Поезбен Россия жерінде келе жатқан ақын 1927 жылы жазған «Рессей жері» өлеңінде еңбек етіп жатқан орыс адамдарын көріп қызығады. Көреген көз қыс қамы деп үйілген маяны, құйрығы жерге тиген қойды, желіні жер сызған сиырды, «жасыл мәует-қамқадай» егіндік, шабындықты да ақын:

Бәрін айт та, бірін айт,


Сорғалап тұрған береке
Барлық аймақ, бар маңай40, –
дейді.
«Балшықты балтыр, сом білек», арбалап астық тасып жүрген орыс әйелі Марфа да ақын көзінен таса қалмайды. Осындай ен байлық, молшылық, береке жасап жатқан еңбек адамдарын көріп ақын еріксіз өз елін еске алады:

Осының бәрін көргенде,


Ұшсыз, шетсіз сар жапан,
Отсыз, сусыз қызыл құм,
Жоқ па дедім сорлы жер,
Мақтайтын Сарыарқадай41...
Осы шумақтағы соңғы екі жолды ақын әдейі айтып отыр. Сарыарқа қазақтың аңызына айналған жер шұрайы. Талай ақындардың өлеңіне өзек болған, күйшілердің күйіне үн берген, әншілерге әуен берген Сарыарқа жері асыл, шөбі шүйгін, малға да адамға да қолайлы. Мақтаулы Сарыарқаны ақынның «сорлы жер» дейтіні қалай? Мұнда үлкен мән-мағына бар.
Тек малмен күн көрген патриархалды-феодалдық құрылыстың белгілі сатысында Сарыарқа шынында да қазақтардың күн көрісі үшін таптырмайтын, шөбі шүйгін, суы бал жер болды. Уақытында шаруашылықтың барлық түріне, адамдардың қалыптасқан тұрмысына ол жер шынында да мақтаулы болатын. Сол мақтаулы Сарыарқаны ақынға енді келіп «сорлы жер» дегізіп отырған не десек, ол ең алдымен заман күші, заман тілегі.
Патриархалдық-феодалдық мешеуліктен құтылып, социалистік құрылыс орнатып жатқан халық бұрынғыдай мал бағумен күн кешіп, үдере көшіп, жаңа қоныс іздеп жүре бермейді. Енді шаруашылықтың басқа, өмірге қажетті түрлері қазақ даласына молынан ене бастауы керек. Қалалар орнап, өндіріс орындары ашыла бастауға тиіс. Егіншіліктің өзі кең етек алуы керек. Міне, осылардың барлығы далаға басқаша көзқараспен қарауды үйретті. Сарыарқада шүйгін шөпті ғана емес, мойнын көкке созған завод-фабрикалардың трубалары көрінсе, темір жолдың рельстері кесіп өтсе, шалғын орнына басын жерге иіп егін жатса, бүгінгі халықтың өскен, өскелең тілегіне бұл жауап бере алар еді, тек осындай әр салалы шаруашылықты, өндірісті дала ғана халықты феодализм мешеулігінен құтқарар еді.
Міне, Ілиястың кешегі мақтаулы Сарыарқаны сорлы деуінің түйіні осында жатыр. «Заводта» өлеңіндегі сияқты ақын бұл өлеңінде де ілгері меңзейді, болашаққа қарайды. Игерілмей жатқан Сарыарқаның кең байтақ жеріне Россия жеріндегідей еңбек қашан қайнар екен деп арман етеді.
Ақын тек көргенді, білгенді жырлап беруші ғана емес, халықты ілгері бастаушысы да, оның ақылгөй жәрдемшісі де.
Еңбекті жырлауда, еңбек адамдарының бейнесін жасауда Сәкен, Беймбет, Ілияс, Сәбит т.б. ақындар қазақ совет әдебиетінің алғашқы қарлығаштары болды. Әрине, жаңа тақырыпты игерудің көптеген қиындықтары бар. Ә, дегеннен бұлар еңбек адамдарының жарқын бейнесін сомдап жасай алмауы да мүмкін. Бірақ іздену ниеті, алған бағыттары түзу еді.
Ілияс Жансүгіров творчествосындағы еңбек тақырыбын сөз еткенде, бақшашылық, егіншілікпен қатар өндіріс орындарының да елеулі орын алатынын көреміз. Ақынның лирикалық геройы тек қойшы, егінші ғана емес, өндірісте екі білекті сыбанған жұмысшылар болып та көрінеді.
Еңбек адамдарының жаңа бейнесін біз енді сол жұмысшы арқылы да танимыз. Индустрия тақырыбы – қазақ совет әдебиетіндегі тың, соны тақырыптардың бірі. Олай болса, жұмысшы адамдардың бейнесі де әдебиетімізде бұрын-соңды болмаған жаңа, тың бейне.
Жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ СССР-да ауыл шаруашылығымен қатар өндіріс орындарының дамуына мүмкіндіктер жасалды. Партия халықты осы игілікті іске жұмылдырғанда біздің әдебиетіміз де партияға көмекші болды.
Бұрын жырланбаған, белгілі бір дәстүр болып қалыптаспаған, тың тақырыпты жырлауда, жаңа адамдардың жаңа бейнесін жасауда қазақ әдебиетінде табыстармен қатар көптеген кемістіктер де болып келді.
Мұндай жетістіктер мен кемістіктер жазба әдебиеттің тарихы шолақ, тақырыбы шағын, қадры аз қазақ әдебиеті ғана емес, бай классикалық әдебиеті бар, еңселі орыс әдебиетінде де болды. Алайда, жаңа тақырып, жаңа адам бейнесі көпұлтты совет әдебиетінің бәрінің алдына жаңа міндет қойды. Бұл міндетті тек социалистік реализм әдісін неғұрлым тез меңгерген әдебиет қана жылдам игере бастады. Қиындықтардың қандайы болмасын басынан кеше отырып, орыс әдебиеті оны тез жеңіп, ілгері басты. Бұл ретте біз ең алдымен М. Горкий, В. Маяковский, Д. Бедный, т.б. Ақын-жазушылардың аттарын атаймыз.
1925 жылы Москваға оқуға барған I.Жансүгіров тек мәдениет пен саясаттың орталығын көріп қойған жоқ, сонымен бірге, өндіріс орталығын да байқайды. Бұрын қазақ елінің ауыл арасындық тақырыптарын жазып жүрген ақын енді индустриялы қаланың жаңалықтарын өлеңіне арқау етеді, сөйтіп оның өлеңдерінің тақырыптық шеңбері де кеңейе береді. Москвадағы «Серп и молот» заводына барған ақын завод туралы өлең жазады. Ол өз оқушысына әуелі сол заводтың сырт көрінісі мен ішкі көріністерін, еңбек процестерімен таныстыруға тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет