Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет44/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Қабат-қабат салынған,
Бөлек-бөлек болат үй,
Электр шамы жағылған42.
Әрине, бұл жолдарда поэзиялық қуат аз да, қарапайым сөз басым. Бірақ бұрын-соңды естіп көрмеген қазақ оқушысына бұл да керек деп білген ақын шойын қорытатын заводтың бөлек-бөлек цехтарын суреттеуді міндет еткен. Ал заводтың ішіне кіргенде ақын ұршықтардың шыр айналып ойнап тұрғанын, машинадан қоңыр күй төгіліп, арыстандай толғанып, жалынының көкке бойлайтынын, қорытылған қызыл темірлердің желіге тартқан жіпше созылып, оқжыландай ырғитынын ақын бейнелі түрде оқушыға жеткізеді. Оқушы, әрине, бұдан заводтың бар жай-күйін аңғара қоймайтыны белгілі, ондай мақсатты ақын да алдына қоймайды, ол поэзияның міндеті де емес. Бұл ақынның еңбек процесін көргенде оның көзге түскен көріністері ғана. Осы көріністі ақын неге суреттеп отыр? Ондағы айтайын дегені не? Міне, поэзияның ой түйетін, пікір түйетін жері осы болмақ. «Заводта» өлеңінің соңында біз лирикалык геройдың қорытқан ойын білеміз.


Бәріне де жан-жақтың
Осындай оттар толады.
Тегістік деген ұлы үйге
Осылар шеге болады43...

Міне, әлгі жіпше ширатылып, созылып ұзап кеткен темірлер халықтардың достығын нығайтады, олардың тең праволылығын шыңдайды.


Сол кездегі жас ақындардай I. Жансүгіров завод, фабрика машиналарының неше түрлі ғажап қимыл-қозғалыстарын құр қызықтамай, одан пікір түйеді, оқушы көңіліне ой тастайды. Бұл ретте, жаңа тақырыпты игеруде Ілияс алғашқы жақсы адым жасаған ақын.
Турксиб темір жол құрылысының республика үшін маңызы қандай зор болса, ол туралы жазылған көркем шығармалардың әдебиетіміздегі орны да сондай зор болды. Себебі, жаңа тақырып – Турксиб арқылы еңбек адамдарының жаңа бейнесі көрінді. Турксибті жырлау арқылы көптеген ақындарымыздың өзіндік ақындық беті айқындала түсті.
Сәкен Сейфуллиннің поезд туралы әр жылдарда жазған өлеңдерін былай қойғанда, I.Жансүгіровтің 1927 жылы жазған «Отарба» өлеңі көркемдігі жағынан да, ойлылығы жағынан да тәуір өлеңдерінің бірі.
Қазақ ақындары А.Тоқмағамбетовтың «Турксиб түйіскенде», Ғ.Ормановтың «Шеңбер», Ә.Тәжібаевтің «Айнабұлақ» сияқты лирикалық шығармалары, С.Мұқановтың «Қара айғыр» атты ұзақ өлең, поэмалары қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі шығармалар болып саналады.
Темір жол құрылысы бітті. Қазақ даласын дүмбірлетіп поезд келді. Поездың келуінен қорыққан буржуазияшыл-ұлтшылдар халықты кері сүйреді. Олар поезд халықты өсірмейді, қайта құртады, қазақ мұндай тіршілікке үйренбеген, шыдамайды деп даурықты. Бірақ совет ақындары олардың бұл сандырағына тойтарыс берді.
І.Жансүгіров қазақ аулына поездың келуін ерекше куанышпен қарсы алушылардың бірі болды. Өйткені поездың келуін ақын техниканың, өнердің, ғылымның келуі деп білді. Жансыз жатқан меңіреу, мылқау құм қонысына енді жан кірер деп, ақын мол үміт артты. Сондықтан да ол ендігі жерде:


Жолбарыстай жонында,
Жондарыңның қойныңда,
Қазынаң қалмас қазылар,
Ерлерің жатқан өңірде,
Ерлерің жортқан беліңде,
Заводтар зәулім азынар...
Өзен кезер кемелер,
Жерді жыртар трактор,
Қырды қырқар шойын жол...
Үмітті ілгері ұмтылтқан.
Жұрт аударып жұртынан
Көшерсін ауыл, көлік сол44, –
дейді.
Мұнда ақын сол болашақты асыға күтіп, тез жетуін аңсағандай. Сонымен қатар отарбаға байланысты Қазақстанның қандай түрленіп өсетінін күні бұрын көрегендік, сезімталдықпен дәл айтып тұр.
В.Маяковскийдің болашақты гүлдендіретін совет адамдарына үлкен сенім білдіргеніндей I.Жансүгіров те социалистік құрылыстың болашағына берік сенген. Оның шығармаларында жарқын оптимизм арқауын үзбестен ұдайы келіп отырады. Бұл жерде біз В.Маяковскийдің Ілиясқа, не басқа ақындарға тікелей әсері болды деуден көрі, социалистік реализм әдісін ұстанған ақындардың өмірге революциялық даму тұрғысынан қарауы керектігін дұрыс белгілегенін айтамыз. Әр ұлт ақындарының тақырып ұқсастығы, ой жақындығы, ең алдымен, өмір шындығынан туып отырғанын байқаймыз.
«Отарба» өлеңінде I.Жансүгіров жаңа техника келгеннен кейін жер астындағы қазынаны аламыз десе, «Шоқпар» деген өлеңінде алғашқы айтылған ойларды әрі қарай дамыта жырлап кетеді. Шоқпар тауына лирикалық герой «еңбек қақты қақпаңды», «еріксіз қойныңды ашарсын» деп күш те көрсетеді. Табиғаттың бермесін тартып алатынына берік сенеді.
Ілияс ән мен күйді жанына рахат суын себетін, ерекше бір құдіретті күш, сұлу дүние деп бағалай отырып, оны әркез еңбектен бөліп қараған емес, домбыраның күмбірлеген үнінен еңбектің нышанын аңғаратын ақын енді еңбектің өзінен күйді сезінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет