Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М


Ойда омбы, дөңде қағыл қырдың қары



бет54/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Ойда омбы, дөңде қағыл қырдың қары,
Жылымық мұздақ болса, қырғын-дағы.
Қатындар қалтырасып судан қайтқан,
Қарғанып қыдырғанға қырдың шалы68,
деген жолдарда мал қамын ойламай, қыдырымпаздыққа түскен қыр шалдарының берекесіздігінен бар қиындық, бар тауқымет өз басына түскен әйелдердің ауыр халі дәл берілген.
Ақын жалқау қыдырымпаздарды мінеп, жаздай еңбек етпеген Исаны еңбек істеп, базарға шөп сатып тұрған Иванмен салыстырады.


Ас-тойдың, батақордың бірі де жоқ,
Мал қамы, ауыл алаң шаруасына69.
Міне, ақынның оқушысына ұсынатын ақылы – еңбек, тірлік ету әрекеті.
Ақын қыстың бейнесін бірде мылқау табиғаттың шынайы көрінісі арқылы бейнелесе, енді бірде малдың күйі, адамдардың тіршілігі арқылы береді. Сөйтіп Ілияс не жайында сөз қозғаса да, баршасы сол жыл мезгілін көз алдымызға елестетіп, сурет жасап отырады.
Жыл мезгілдерін жырлаған I.Жансүгіров бұл жерде суретші ақын ғана емес, ол педагог. Педагог-ақын жас оқушыларына жыл мезгілдерінде болатын табиғат ерекшеліктері мен адам тіршіліктерінің сипатын айта отырып оқушыларын еңбекке тәрбиелейді.
Ілияс қыс туралы екі өлең жазды. Бірі балаларға арнап жазған жыл мезгілдері цикліндегі қыс, екіншісі «Қыс» өлеңі. Ол алғашқы өлеңнен басқаша бағдарда жазылған. Алғашқы балаларға арналған «Қыста» ақын қыстың бейнесін, ауыл тіршілігін бала ұғымына лайықтап, оларға ақыл-кеңес айта отырып қыстыгүнгі ауыл шаруаларының тіршілгін баяндап суреттесе, екіншісі «Қысты» бейнелеу арқылы береді. Ілиястың екінші «Қысы» Абай қысын еске түсіреді. Абай қысты алымсақ, сұрамшақ кәрі құда бейнесінде алса, Ілияс қысты ауруды аңдыған тамақсау, жемқор қожа бейнесінде алады. Абай кәрі құда қысқа ақ сақал беріп, ақ киім кигізсе, Ілияс қыс қожаның үстіне ақ салма кигізіп, басына ақ шалма орайды. Ілиястың қысы адам бейнесі арқылы көрінуі, киім киісі жағынан Абайдың кәрі құда-қысына ұқсағанымен, Ілияс Абайды сол қалпында қайталамаған. Ілияс бұл өлеңін тікелей Абай әсерімен жазса да, кейбір ұқсастықтарға барса да бояу нақыштарды өзінше жазып, бейнесін өзінше жасауға тырысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет