Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет8/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Берген серті темірдей,
Айтқан сөзі әмірдей.
Батпан балға серігі.
Дуылдатқан көрігі
Темірші ата, Жанас ата бұл кісі –


деп Жанаспен:


Шелегінен сүт кетпес,
Колхозынан құт кетпес.
Қазаны оттан түспейтін,
Мейірі мол пейілі кең
Бәйбішесі Жәкемнің –


деп Ұлсүйгенмен:


Тоғайдан торай қайырған,
Шошқаны түстеп айырған
Бірінен жиырма өсіріп,
Бірегей тұрған есімнен
Қабандары түйедей,
Мегежіні биедей,
Телекенің нақ сүйері Тоқбике –


деп Тоқбикемен таныстырады.
Бұл таныстырудың мазмұны беташардан өзгеше, автор бұл жерде халықтың бұрынғы әрекетіндегі бар беташар сияқты өлеңмен таныстырудың формасын ғана алып отыр. Әрине, Әбілбек бұл секілді кісілерді өлеңдетпей-ақ қарасөзбен де таныстыра алар еді. Бірақ оның осы өлеңмен таныстыруының өзі, біріншіден, Әбілбек бейнесіне қонымды, екіншіден, оның бейнесінің ұлттық ерекшелігін бір жағынан аңғарта кетеді.
Міне, осы сияқты қазақ халқының бұрыннан бар жақсы дәстүрлерінің барлығы да қазірде халық игілігіне жарап отыр. Бірақ, жақсы ұлттық дәстүрлердің өзі біздің заманымызда дәл сол баяғы үлгісінде көрінбейді, жаңа түр тауып отырады. Мысалы, жас бала дүниеге келгенде, келіншек түсіргенде, шілдехана жасаған, қонақты жақсылап күткен, өлікті сыйлаған, ас берген, еске түсіріп тұрған, т. т. Халықтың осы дәстүрлері бүгінде де бар. Халық оны ерекше қадірлеп, дамытып отыр. Бірақ, қыз ұзатқанда бұрынғыдай сыңсып, келіншек түскенде беташар айтылып, отқа май құйып, қыздың жеңгелеріне қол ұстатар, шаш сипатарын беріп жатпайды. Немесе өлген кісіні жылын беріп еске алғанда бұрынғыдай бүкіл халықты шақырып «Абай жолы» эпопеясындағы Бөжейдің асындай ат шаптырып, мал қырып жатпайды. Бұл дәстүрдің мазмұны өзгерген жоқ, оның тек түрлері ғана өзгерді. Өйткені экономикалық, қоғамдық өзгеріске сай ол да өзгеріп отырды.
Әрине, кейіпкердің ұлттық ерекшелігін даралайтын жол сол халықтың бұрынғы дәстүрінің жаңа көрінісі немесе санадағы ескіліктердің жекелеген қалдықтарының көрінуі ғана емес. Мұның өзінде адам характеріне лайықтап, орынды жерінде пайдаланбаса, ол кейіпкердің ұлттық ерекшелігін даралай түсудің үнемі тиімді жолы бола бермейді. Өйткені жаңа қоғам совет адамдарының арасында жаңа қарым-қатынастарды тудырды, жаңа салт-саналар пайда болды.


VIII
1959 жылы 22 июньде жазушылардың Бүкілодақтық III съезінде сөйлеген сөзінде Н.С.Хрущев: «дегенмен совет қоғамының тұрмысымен жақынырақ танысқан әрбір адам біздің қоғамға тән нәрсе – адамдардың санасының жылдам өсіп келе жатқаны болып отырғанын түсінеді»I – деп коммунистік саналылықтың тез өсіп келе жатқанын атап айтты.
Социалистік құрылыс қазақ халқының да рухани мәдениетін дамытты, моральдік жаңа сипатын тудырды. Социалистік қоғам совет адамдарының жаңа типін жасады, характерлерін қалыптастырды.
Бұрын қанаудың қыспағында болған, зорлық-зомбылық көрген, аштық-жалаңаштықтың тақсыретін тартқан кедей шаруаларға совет өкіметі бақыт әкелді. Аманы ащы зарға айналған ақын Жамбыл совет өкіметі тұсында қайта жасарып, өшіп қалған ақындық талантына қайта шабыт қонды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет