Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет93/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Жығылды жапырыла желден соққан
Сықылды өңшең үйсін сасық
қурай, –
деп береді.
Қурай сияқты қоға да жағымсыз құбылысқа теңеледі. I.Жансүгіров жаңа түскен, болашақтан үміті зор жас келіншектің бетін ашып:


Ақ қоғадай бұралтып
Айнам бетіңді ашайын, –
дейді.
Болашағынан зор үміт етіп, жаңа заманның туын ұстап, ел басқарады деп отырған келіншекті нәрсіз де әлсіз қоғаға теңеу қалай? – деген сұрау тууы мүмкін.
Ақындар белгілі бір затты екінші бір зат, немесе құбылыспен теңегенде бірде оның қадір-қасиетін бірінші кезекке қояды. Мысалы, жоғарыдағы «сасық қурай» дегенде жел соқса жапырылып қалатын оның әлсіздігі жағынан жағымсыз бейнеде алынып отыр. Ал кейде теңеліп отырған заттың қадір-қасиеті емес, сырт сымбаты, түс-таңбасы бірінші кезекке шығады. Мысалы, жас келіншекке «ақ қоға» теңеу болуы, қоғаның ақтығы, жұмсақтығы сол келіншектің ақтығы мен жұмсақ, биязы мінезі жағынан ұқсастық, жақындық тауып отыр.
Бұл жерде эпитеттің атқаратын рөлі күшті. Қурай мен қоға жалпы бір-біріне жақын өсімдік болғанмен, олар әлсіздіктің, нашарлықтың бейнесінде алынып жүргенімен эпитеттің күші арқылы кейде жағымсыз не жағымды құбылысқа теңеле береді.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті тарихына көз жіберсек, билердің дауында, шешендердің айтысында болған оқиғаны тура өз атымен атамай, жобалай сөйлеп, бірін-бірі ұғысып, аз сөзбен ел арасын не шабыстырып, не бітістіріп кететін жайлар аз болмаған. I.Жансүгіров көп жерде сол дәстүрді мол пайдаланған. Ілияс негізгі ойды метафоралар арқылы беру тәсілін жиі қолданған. Мысалы «Құлагер» поэмасындағы күресіп жатқан екі балуанның сайысын ақын «қаршыға қазды қағып ілді міне» дейді. Тура мағынасында оқушы көз алдына қазды ілген қаршығаның бейнесін елестетсе, ауыспалы мағынасында қазды ілген қаршыға емес, сары балуан екенін аңғарады. Сол сияқты:
Мергеннің бір маралға көзі түсіп,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет