Соқталап қорғасынды жіліншіктей –
деп қазақ жұртшылығына түсінікті теңеулерді алады. Ал, мына бір:
Тастамай тас желінін идірмеген
Бірлесіп бие сауған Риддер деген, –
метафоралық баламада ақын совет адамдарының қажырлы қайратын, мал түгіл тастың желінін идірткен коллективтің еңбегін бейнелі түрде алған.
Ілияс бір мағынаны білдіру үшін дәстүрлі теңеу мен жаңа теңеуді қатар қолданады. «Құлагер» поэмасының терең мазмұнын ашарда ақын «сапырған сырлы сөзді сар қымыздай» деген дәстүрлі теңеумен «ақтарған Арқа астын инженермін» деген жаңа метафораны қатар алып отырады.
«Еңбекші қазақ» атты өлеңінде ақын газетті халықтың перзентісің, ұлысың деумен бірге, бала ата-анаға қандай қызмет етсе, газет те халыққа сондай қызмет ету керек деген ойды түйеді. Бұл өлеңінде де ақын теңеудің тың, соны түрлерін береді. Газеттің оқушыларын өркенге, тілшілерін әскерге, олардың қаламдарын құрыш қаруға теңеген.
20-жылдарда-ақ қазақ даласына техниканың түрлері молынан келе бастады да, паровоздың айқайы, трактордың гүрілі кең сахраның мәңгі мүлгіген ұйқысынан сергіткендей болды. Бұл халық құты боларлық жаңалықты еңбекші ел қуана қарсы алды да, жазушыларымыз оны жырларына қуана қосты.
Паровоз да, трактор да халықтың еңбек күшін арттыратын құрал, көшсе жүгін, жолаушы жүрсе өзін тасып, алты айшылық жолды алты күнде алатын паровозды қазақ халқы өз өміріндегі сүйікті жылқысына теңеп, оны:
Үйірін көрген құт қара
Арқырар да кіжінер, –
дейді. Паровозды айғырға теңеудің тағы да бір мағыналық жақындығы сол, айғыр үйірге түседі, оның үйрінде он ба, он бес пе биелер болады. Үйірін бағып жүретін айғыр, он, он бес вагон тіркеген паровозға ұқсайды.
Ал, күштілікті белгілейтін, ерінбей еңбек ететін малдың бірі қазақта өгіз. Паровоздың жүйріктігін айғырға теңеген ақын, оның күштілігін:
Достарыңызбен бөлісу: |