Мысалы: мен тәтті тағамдарды жасағанды ұнатамын



Дата07.02.2022
өлшемі19,54 Kb.
#86697
Байланысты:
Математика


№71 орта мектебінде математика апталығында «Математика - біздің өмірімізде» атты эстафетасын бастаймын. Мен 8 сынып оқушысы Сансызбаева Баян
Математика – ғылымдардың патшасы. Патша деп аталуы да бекер емес, оның өмірдің бар салаларында маңызы зор. Әрбір адамның өмірінде математика өте қажет. Адам өмірінде де алатын орны ерекше деп ойлаймын. Мысалы, медбике мамандығы Математиканы білуі оған жұмыс істеу барысында қажетті дезинфекциялаушы сұйықтықтардың пайызын, калорияны есептеуге қажет. 
Сол сияқты бухгалтер мамандығында да қолданады. Бұл математикамен тығыз байланысты мамандықтардың бірден бірі. Ол жалақыны есептеу үшін бөлуді, көбейтуді, қосуды, алу амалдарын білуі керек, әйтпесе жалақы алатын адамдар зардап шегеді. Сонымен қатар ол салық басқармасына жіберілетін салықты, зейнетақы қорына есептелетін ақыны есептей алуы қажет. 
Математика біздің өмірімізде эстафетасын 10 сынып оқушысы Серікова Айткүлге жолдаймын.

Айткүл
Бізге математика не үшін қажет? Ол адам өмірінде қажет пе? Математиканы барлық жерде қолданамыз. Жұмыста, достар арасында,оған көз жеткізейік.


Мысалы: мен тәтті тағамдарды жасағанды ұнатамын.
Яғни, құймақ, торт т..с.с тағамдарда қолданамыз. Ол үшін ұн,жұмыртқа,қант, сүтті қосу мөлшерлерінде масса өлшем бірлігін және қатынас ұғымдарын қолдана білуіміз керек. Егер дұрыс қолдана білсек пісірген тәттілеріміз әдемі әрі дәмді болады.
Қазақтар, әсіресе, Сыр елінің халқы алаша, киіз үстіне көрпе төсеп отырады. Оны кез-келген үйден көруге болады. Көрпелерге зер салып қарасам, оларды 2-ге бөлуге болады екен.
1. Ендей матадан тігілген көрпелер.
2. Мата қалдықтарын біріктіре тіккен құрақ көрпелер.
Құраққа қойылатын талап біреу - ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы. Шеберлер геометрияны оқымаса да бір бөлігін 5 - 6 рет қайталау арқылы үшбұрыш, төртбұрыш, алтыбұрыш, ромб формаларының әдемі үйлесімін тауып құрастырған. Құрақ сұлулығы түсіне қарай және әрбір түс белгілі бір тәртіппен кездесіп отырса өрнек сұлулана түседі, ал ретсіз орналасса солғынданады.
Математика біздің өмірімізде эстафетасын 7 сынып оқушысы Жеңісова Аймаралға жолдаймын
Аймарал
«Математика - біздің өмірімізде» атты эстафетіне мына жағдайды ұсынамын.
Біздің қазіргі әлемде де мына жағдай өзекті және пайдалы болып қала береді.
Күн батқанға дейінгі уақытты қалай білуге болады?
Басбармақты бүктеп, қолыңызды күн бағытына қарай созыңыз, сонда сұқ саусағыңыз күн астында орналасу керек Күннен көкжиекке дейінгі саусақтардың санын санаңыз. Олардың әрқайсысы күн батқанға дейін шамамен 15 минутқа тең болады. Олай болса мына суретте күннің батуына 45 минут қалды.
Математика біздің өмірімізде эстафетасын 7 сынып оқушысы Балтабаев Бейбітқанға жолдаймын
Бейбітхан
«Математика - біздің өмірімізде» атты челенджіне мына жағдайды ұсынамын.
Біз алақанымызды жайып саусақтарымыз арқылы бұрышты есептеуге болады. Шынашақ саусақ жазықтықта жатуы керек: ол 0°дегенді білдіреді.
Шынашақ саусақ пен бас бармақ арасындағы бұрыш = 90°, Шынашақ саусақ пен басқа саусақтардың арасындағы бұрыштар сәйкесінше 30°, 45° және 60°құрайды.
Математика біздің өмірімізде эстафетасын 11 сынып оқушысы Қуанышбаева Гүлсезімге жолдаймын

Гүлсезім
Кейбір жағымсыз әсерлерден әдемілікті көруімізге болады.


⠀Ия, иә, ертегідегідей, ұсқынсыз үйрек әдемі аққуға айналды.
Тек осы лауазымда ұсқынсыз үйрек функция болады.
⠀Қызық па? Онда жүрекшені басып, мені қолдаңыз.
⠀Бұл функция мектептен не екенін бәрі жақсы біледі. Басында бәрі қарапайым теңдеулер және қарапайым функциялар болды. Содан кейін, орта мектепте немесе университетте теңдеулер күрделене түседі, ал функциялары "қорқынышты"болады. Ұсқынсыз үйрек сияқты. ⠀
⠀Бір қарағанда, өмірде бұл үлкен теңдеулер де, функциялар қажет емес сияқты көрінеді. Сондықтан бізге олар ұнамайды.
⠀⠀Ал егер функциялар біздің өмірімізде қолданылады деп айтсам ше?
⠀Мысалы, дүкенде сатып алу. Сіз неғұрлым көп зат сатып алсаңыз, соғұрлым көп төлейсіз. Жалақы мен салықтарға да қатысты. Бұл сызықтық функция. Біз есімізде көптеген функциялар бар. Сондықтан оларды біздің өмірімізде қолдану шексіз үлкен.
⠀Функцияны қолдана отырып, мысалы, жүрек, гүл немесе жануарды бейнелеуге болады.
⠀Кеңістіктегі функцияның графигі өте әдемі, бірақ пайдалы. Осындай графиктердің көмегімен 3d моделін модельдеуге болады. Бұл қазіргі уақытта қоғамның барлық салаларында қолданылады. ⠀
Функциялар математиканың қызықты бөліміне айналады, өйткені ұсқынсыз үйрек әдемі аққуға айналғанындай.
Математика біздің өмірімізде эстафетасын 10 сынып оқушысы Берікұлы Сырымға жолдаймын
Сырым
Әр адамның өз үйі болады.Біреудің көп қабатты үйде пәтері бар, ал біреудің жеке үйі бар. Бірақ ерте ме, кеш пе жөндеу жұмыстарын жүргізуге тура келеді. Мұнда сізге математиканы өз жұмысыңызға қосу керек болады.
Цемент ерітінділерін дайындау кезінде пропорцияны есептеу керек. Цемент мерзімінен бұрын кебіп кетпеуі үшін және керісінше тым сұйық болмауы үшін су мен құрғақ қоспаны қанша араластыру керек.
Сіз бөлменің, қабырғалардың, төбелердің ауданын есептеуіңіз керек мысалы, ваннаға плитка салу немесе еденге паркет салу керек, қабырғаға түс қағаз жабыстыру..
Егер Дөңгелек залыңыз болса , онда шеңберінің ауданының формуласын қолданамыз.
Сондай-ақ, бәрі сіздің қалауыңызға сәйкес келуі үшін қажетті материалдардың мөлшерін, олардың ұзындығы мен өлшемдерін есептеу керек.
Математика біздің өмірімізде эстафетасын 8 сынып оқушысы Жұлқар Ибрагимге жолдаймын
Спорт
Математика біздің өмірімізде эстафетасын 9 сынып оқушысы Сағынышов Төреғұлға жолдаймын
Төреғұл
математика жер бетіндегі барлық адамдарға керек. Онсыз адам есептпей алмайды, өлшей алмайды және шеше алмайды. Математикасыз үй салуға, қалтадағы ақшаны санауға, қашықтықты мөлшерлеу мүмкін емес
Мысалы бау-бақшамен айналысатын адам мынаны білу қажет . Ол үшін бир шарша метрге қанша ұрық, тыңайтқыштарды себуі керектігін білуі қажет. Жақсы өнім алу үшін аптасына неше рет суару керектігін білуі керек.
Ал, көлік жүргізуші.Ол жұмысында жүрген жолына қанша бензин жұмсалғанын есептпеу үшін және белгіленген жерге уақытында жету үшін қандай жылдамдықпен жүру керектігін арифметикалық амалдарға сүйеніп біледі. 


⠀ ⠀

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет