Митоз. Мейоз



бет6/8
Дата07.02.2022
өлшемі0,62 Mb.
#97163
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Аманжолов Ақтілек 5В060700 Биология 3 курс 2 Генетика

Сатылары

  • Мейоздың бөліну уақытындағы екі сатысын 1-мейоз және 2-мейоз деп атайды. Әрбір мейоздық бөлінуде төрт сатысы бар: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.
  • 1-мейоздың профазасы лептотена, зиготена, пахитена, диплотена және диакинез секілді бес кіші кезеңдерден тұрады.
  • Лептотенаға (жіңішке жіпшелер сатысы) хромосомалардың тығыздалуы және спираль тәрізденуі тән.

Зиготена (жіпшелердің бірігу сатысы) кезінде гомологты хромосомалар бір-біріне жақындап ұзына бойы жұптанады да, коньюгацияланады.

  • Зиготена (жіпшелердің бірігу сатысы) кезінде гомологты хромосомалар бір-біріне жақындап ұзына бойы жұптанады да, коньюгацияланады.
  • Пахитена сатысында (жуан жіпшелер сатысы) гомологты хромосомалардың хроматидтері айқасады (кроссинговер). Нәтижесінде әр гомологта аталық және аналық тұқым қуалаушылық материал араласады.
  • Диплотена (екі жіпшелер сатысы) гомологтар бір-бірінен ажырасуынан және хиазма пайда болуынан басталады.
  • Диакинез (екі жіпшелердің ажырасу сатысы) хромосомалардың барынша жуанданып және спираль тәрізденуімен сипатталады; хиазмалар биваленттердің ұшына (шетіне) қарай жылжиды. Диакинез аяқталғанда, ядроның қабықшасы және ядрошықтар еріп, жойылып кетеді. Әр жасушада хромосомалардың саны мейоздың бастапқы кезеңіндей екі қатар (2N) емес, бір N болады.

Метафаза I
Мейоздың I метафаза кезеңінде бөліну ұршығының қалыптасуы толығымен аяқталады. Олардың жіпшелері бивалентке немесе қосылған хромосомалардың центромерасына бекінеді. Әр центромерадан бөліну ұршығының полюсіне бір ғана жіпшесі бағытталады. Нәтижесінде гомологтік хромосомалардың центромерасымен байланысқан жіпшелер әр түрлі полюстерге қарай бағыттала отырып, бөліну ұршығының экваторлық жазықтығында биваленттер түзеді. Адамда осындай биваленттердің саны 23 - ке тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет