Мейоздың I анафаза кезеңінде биваленттерлегі гомологтік хромосомалар арасындағы байланыс әлсіреп, олар бір - бірінен ажырай отырып, бөліну ұршығының әр түрлі полюстеріне бағытталады. Бұл кезде әрбір полюске 2 жаңа хроматидтен тұратын гаплоидті хромосома жиынтығы бағытталады.
Телофаза I
Мейоздың I телофаза кезеңінде бөліну ұршығының полюсіне дара, гаплоидті хромоса жиынтығы (23) жиналады. Бір диплоидті жасушадан формуласы n2c-ке тең екі гаплоидті жасуша түзіледі. Бұл жаңа жасушалар бір-бірінен гендер жиынтығымен, ал аналық жасушадан гендердің орын ауыстыруымен және хромосома санымен ажыратылады. Бұлкезеңде хромосомалардың жіпшесі тарқатылып, ядролық мембрана түзіліп, жасушада екі ядро пайда болады.