«Мұнай-химия инжиниринг» кафедрасы 6В07210 «Мұнай-газ инжинері» мамандығы



бет10/11
Дата05.07.2022
өлшемі36,43 Kb.
#147289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1.19-сурет. qм t тәуелділігі
t*=5жыл, zэо=0,056; ωо=50 элемент/жыл, t1=10жыл
Уақыт өткен сайын кен орнынан мұнай игеру қалай өзгеретінін
анықтайық.
qм(t)=Nэкр эоωоdt=Nэкрzэоωоt кезінде 0 ≤ t ≤ t*;
qм(t)=Nэкрzэоωot= экрzэоωоdτ=Nэкрzэоωоt* кезінде t* ≤t ≤ t1;
30
qм(t)=Nэкрzэоωоt* − экрzэоωоdτ=Nэкрzэоωо(t*+t1-t)
кезінде t1 ≤ t ≤ t1+t*. (1.21)
Көрсетілген мысал үшін qм(t) тәуелділігі 1.19-суретте көрсетілген. Ол
«классикалық трапеция» құрайды. Онда уақыт бойынша мұнай кен орнынан
мұнайды игеру тәуелділігі көрсетілген.
1.5 Қабат режимдері технологиясы және игеру көрсеткіштері
Қабатқа әсер ету әдістері дамымастан бұрын, кен орынды игеру кезінде
одан мұнайды игеру мақсатында мұнай қабаттарына табиғи энергияны көп
шығындау арқылы жүргізілген. Сол кезде, мұнай қабат режимдері туралы
маңызды түсініктер пайда болды, ол мұнайды қозғалтатын күш сипаттарына
қарай бөлінген.
Пайдалану және айдау ұңғымаларының жүйесімен дренаждау бары-
сында кеуекті ортаның үдерістерін анықтайтын барлық табиғи және
жасанды факторлардың қосындысы қабат режимі деп аталады.
Бес режим:
- серпімді режим
- суарынды режим
- газарынды(газ шапкасының режимі)
- еріген газ режимі
- гравитациялық режим деп айрықша бөледі.
Дренаждау режимін дұрыс бағалаудан, ұңғымадан сұйықты алудың
технологиялық мөлшері, шекті мүмкін болатын динамикалық түптік қысым,
игерудің гидродинамикалық көрсеткіштерін жобалауға арналған есептік
математикалық аспапты таңдау, сұйық және газ өндірудің көлемін анықтау,
ұңғымалардың сулану үдерісін есебі, сонымен қатар игеру кезінде
максималды мүмкін болатын соңғы мұнай бергіштік коэффициентіне жетуге
қажет болатын шоғырға әсер ету шаралары тәуелді болады.
Алайда шоғыр режимін анықтау үнемі оңайға соқпайды, өйткені
бірқатар жағдайларда режимді анықтайтын көптеген факторлар бір уақытта
іске асады. Идеалды болатын жағдайларды қарастырайық, яғни қандай да
бір режим «таза» іске асады немесе игеру барысында шоғырдың өзгерісі тек
бір режиммен шартталады, ал басқа режим не мүлде болмайды, не
ескермеуге болатын, елеусіз болады.
Мұнай кен орнын игеру тәжірибесінде: серпімді, еріген газ, газарынды
немесе газды телпек ең көп таралған.
Серпімді режим деп мұнайды кеуекті ортадан сұйықтардың (мұнай
және газ) серпімді кеңею арқасында болатын, сонымен бірге табиғи
жыныстардың деформациясынан қысым төмендеп кеуекті көлемнің азаюын
айтады.
31
Бұл режим кезінде мұнайдың ығысуы шоғырды қоршап тұрған судың
және қабат қаңқасының серпімді ұлғаюының әсерінен жүреді. Бұл режимнің
іске асуының негізгі шарты (суарынды сияқты) – қабаттық қысымның
қанығу қысымнан жоғары болуы (Рқаб>Рқан). Қабат тұйықталған, бірақ үлкен
болуы тиіс, өйткені оның серпімді энергиясы мұнайдың негізгі қорын алуға
жететіндей болуы керек.
Орта серпімділігінің көлемдік коэффициенті осы ортаның алғашқы
көлемінің үлесі болып анықталады, оған қысымның бірлікке өзгерісі
кезінде, осы көлем өзгереді, яғни:
, (1.22)
мұнда, ΔV – көлемінің өсуі (серпімді режим есебінен);
P
– қысымның өсуі (қысымның төмендеуі);
V – ортаның алғашқы көлемі.
Теріс қысымның өсуіне, кең көлемнің өсуі сәйкес болғандықтан, алдына
минус таңбасы қойылады. Қабат жабынының шөгу бөлшектерінің көлемінің
өзгерісі салдарынан, кеуекті қабаттық қатты қаңқасы ішкі қысымның
өзгерісінен деформацияланады, ол кеуектіліктің төмендеуіне және қосымша
сұйықтың ығысуына әкеледі. Сынақтық мәліметтерден келесілер белгілі:
су үшін:
мұнай үшін:
жыныс үшін: (1.23)
Әдетте, қабат ығысуын бағалау үшін ығысудың келтірілген коэф-
фициентін пайдаланады, оны қабаттың серпімділік коэффициенті деп те
атайды.
Анықтамаға сәйкес, қабат көлемінің бірлік элементіне судың, мұнайдың
және жыныстың көлемінің серпімді өсуін табуға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет