1.5-сурет. Алаңда су айдау кезінде ұңғымалардың орналасу сұлбасы:
а – 5 нүктелік; б – 7 нүктелік жүйе; в – 9 нүктелік жүйе;
симметриялық элементтер пунктімен белгіленген
Ұңғымалардың мұндай бірқалыпты торлары бойынша аудандарды
бұрғылау кезінде, бес нүктелік сұлбада әрбір айдау ұңғымасына бір өндіру,
жеті нүктелік сұлбада екі өндіру, ал тоғыз нүктелікте үш өндіру ұңғымалары
келеді. Айдау ұңғымаларының өнім бермейтіні ескеріле отырып, тоғыз
нүктелік сұлба экономикалық тиімді екенін көреміз, бірақ бұл кезде кенішке
әсер етудің қарқындылығы аз болады және судың өндіру ұңғымаларына
жарып өтуі кезінде кентіректердің бар болу ықтималдылығы жоғары
болады. Бұрыннан, алаңдап су айдау өндірудің соңғы сатыларында мұнай
өндірудің екінші әдісі ретінде қолданылып келеді. Бірақ алаңда су айдау
жүйесінің өзіндік мәні бар, ол қабаттың жақсы зерттелген кезінде, өндірудің
бастапқы сатыларында тиімді қолданылуы мүмкін.
Қорытындылай келе, ұңғымалардың орналасуының аталған сұлбалары
тек су айдауда ғана емес, газ айдауда немесе газбен және сумен жиектеу
түріндегі әртүрлі еріткіштерді ығыстыру кезінде де қолданыла алатыны
ωр параметрі қабатқа әсер еткенде мұнай кен орындарында игеру жүйесі
0,1-0,3 аралығында тербеліп тұрады.
ТМД елдерінде нұсқа ішінен су айдау әдісі арқылы қабатқа әсер етпейді,
бірақ та игерудің белгілі басқа әдістері де қабаттың мұнайбергіштігін көтеру
мақсатында қолданылады.
Бұл жүйелер қатарлы, аралас (қатарлы және батарейлі жүйенің
байланысы, бір мезгілдегі нұсқаның сыртынан және нұсқаның ішінен
суландыру қолданысы) болады.
1.3.2 Қатарлы игеру жүйесі
Олардың түрлері – блоктық жүйелер. Кен орындарда бұл жүйелер
кезінде, әдетте олардың созылып жатуына көлденең бағытта орналасқан
өндіру және айдау ұңғылары орын алады. Тәжірибеде бірқатарлы,
үшқатарлы және бесқатарлы ұңғымалардың орналасу сызбасын қолданады.
Өндіру ұңғылардың бір қатарының айдау ұңғылардың бір қатарымен, өндіру
ұңғыларының үш қатарының, айдау ұңғылардың бір қатарының, өндіру
ұңғыларының бес қатарының, айдау ұңғыларының бір қатарының кезек-
тесуін ұсынатын ұңғылардың орналасу құрылымы қолданылады.
Қатарлы жүйелердегі қатарлар саны орталық ұңғыма қатардың жүргізуі
болғандықтан, қабат игеру үдерісінде су-мұнай бөлігінің ауыстырылғандағы
топтау жүргізіледі. Сондықтан осы жүйелердегі ұңғыманың орталық
қатарын топтық қатар деп те атайды.
Игерудің бірқатарлы жүйесі. Мұндай жүйеге сәйкес ұңғылардың
орналасуы 1.7-суретте көрсетілген. Игерудің қатарлы жүйелерін енді басқа
параметрлермен мінездеу қажет. Айдау ұңғыларымен өндіру ұңғылары
арасындағы арақашықтықтан басқа блоктың немесе түзудің енін ескеру
қажет (1.7-суретті қара).