Мұнайлы ауданы. №10 орта мектебінің «Өзін – өзі тану» пәнінің мұғалімі



Дата26.08.2017
өлшемі63,78 Kb.
#28506
түріСабақ

Мұнайлы ауданы. №10 орта мектебінің

«Өзін – өзі тану» пәнінің мұғалімі

Назарова Кунсулу Кузекбаевна



« Өзін - өзі тану » сабағының жоспары
Мектеп : № 10 Мерзiмі: 20. 09. 2016ж. Мұғалiм: Назарова К.К.

Сынып: 3 Оқушылар саны : 26 № 3 тақырып: «Білім-ақиқат бастауы»

Құндылық : Ақиқат

Қасиеттер: әділеттілік, сенімділік, зерделілік



Сабақ мақсаты: Оқушыларға білім өмір туралы, білімнің адам үшін маңызыдылығын ұғындыру ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділігі: Оқушыларға адамдарға әділетті болу, өзіне сенімді болу мәнін түсіндіре отырып зерделік қасиеті туралы түсінік беру; .

Дамытушылығы: Оқушыларды дұрыс әрекет жасауға дағдыландыра отырып, адам бойындағы әділеттілік қасиеттерге баулу;

Тәрбиелілігі: Оқушыларды, әділеттілікке, сенімділікке зерделіліке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Белсендіргіш тақта, түрлі түсті бояулар, маркерлер, ватман, ақ қағаз.



Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. (2 мин)



  1. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» (4 мин)

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.


  1. Үй тапсырмасын тексеру (7 мин)

«Білім мен өмір» аңыз әңгімесі.

    1. Данышпанның өз шәкіртімен жарысқа түсуінің мәні неде?

    2. Ұстаз шәкіртіне дұрыс өмір сүруді қалай үйретті?

    3. Білімді өмірде қалай дұрыс қолдануға болады?

    4. Сен білімді өмірде қалай қолданар едің?

Ескерту

  1. Дәйексөз. (5 мин )

«Талаптан да білім мен өнер үйрен,Білімсіз Өнерсіз, болады ақыл тұл»

Ш.Құдайбердіұлы (1858-1931)

1.Хормен оқыту

2.Оқушыларға дәптерге жазғызу

3.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

4. Балалардың жауаптары негізінде дәйексөзді

қорытындылау



 ақын, жазушы, 

философ, тарихшыкомпозитор

4.Мұғалім сыйы (10 минут уақыт беріледі)

«Білімнің бүгіні мен ертеңі» білім туралы видео ролик.



  1. Бейнебаяндағы кейіпкеріміз қандай әрекеттер жасап жүр?

  2. Кейіпкерлердің бойларынан қандай қасиеттерді байқадық?

  3. Өзің осындай әрекеттер жасап көрдің бе?




5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс

(10 минут уақыт беріледі)

Оқушыларды 4 топқа конвертті үлестіру арқылы бөлеміз.



  • «Зерделілік»

  • « Сенімділік»

  • « Адалдық»

  • « Отаншыл»

1. «Білімордасы» тақырыбында шығарма жазу.

2.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып мақал-мәтелдерді жалғастырып айтыңдар.

3.Білімді дегенді қалай тұсінесің? өз ойларын жазу.

4.Білім іздесең

Кітаппен таныс,

Еңбегің еш болмайды.

Ақыл іздесең

Адаммен таныс,

Өнерің кеш қалмайды.

Д.Әлімжановтың өлең үзіндісін қалай тұсінесің.(тұсінік беру)




6.Топпен ән айту.

Кел баллалар, оқылық! Ы.Алтынсарин

Кел, балалар,оқылық.

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!


Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар.


Сиса көйлек үстіңде

Тоқуменен табылған...

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған...

Өнер,білім-бәрі де

Оқуменен табылған.







7.Үй тапсырмасы. 4сабақ. 19-20 беттер А.Қайырханованың шығармасын оқып келу.




8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Балалар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!








Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет