- Үй типтi мектептер. Мұндай модель негiзiнен халықтың бiрден-бiр әлеуметтiк-мәдени орталығы болып табылатын шағын ауыл мектептерi үшiн өте қолайлы.
- Академиялық мектептер. Оларға гимназия, лицей, профильдi мектептер жатады. Ондағы әлеуметтiк бағдар орта және жоғары кәсiби оқу орындарымен, ғылыми
мекемелермен, ғылыми өндiрiстермен, шығармашылық одақтармен, мамандармен, ғалымдармен, шығармашылық зиялылары өкiлдерiмен байланыс жасау арқылы жүзеге асырылады.
- Оқу-өндiрiстiк мектептер. Ол да профильдi мектеп, бiрақ негiзгi мақсаты еңбекке, қолөнердi меңгеруге бағытталған мектеп. Мұндай мектептер негiзiнен оқу-өндiрiстiк комбинаттар болып табылады.
- Ашық мектептер - мектеп қабырғасынан тыс жерде оқу, оқудан тыс әрекеттердiң бөлiгiн жүзеге асыратын оқу орны. Бұл лабораториялардағы және өндiрiстер мен мәдениет мекемелерiндегi сабақтар және т.б.
Бүгінгі жалпы білім беретін мектептер тәрбие институты ретінде мынадай әлеуметтендіру мекемелерінің рөлін атқарады:
оқушыларды оқыту арқылы тәрбие берушілік қызмет іске асырылатын білім және тәрбие беру мекемелерінің рөлі;
мектептегі оқудан тыс жұмыстар негізінде педагогтардың ұйымдастыруымен өткізілетін шаралар арқылы оқушылардың өмірге бейімділігін қалыптастыру мақсат еткен ұйымның рөлі;
оқушылардың өмірін мақсатты түрде оқушылардың бос уақыттарындағы өзара қарым-қатынастары арқылы ықпал ететін әлеуметтік-психологиялық топ рөлін атқарады.
Жалпы алғанда мектеп әлеуметтендірудің ашық жүйесі ретінде мыналарды білдіреді:
мектептің отбасыларымен әлеуметтік байланысының күшеюі;
мектептің қосымша білім беру, мәдени мекемелерімен және әлеуметтендірудің басқа да институттарымен өзара байланысты жұмыстарының жүргізілуі;
педагогтардың мектеп түлектері, ардагерлер, мәдени қызметкерлер, спорт саласындағы қоғамдық орталармен тығыз байланысының болуы;
педагогикалық және балалар ұжымының әртүрлі шығармашылық ұжымдармен ынтымақтастығының болуы;
сабақ пен сабақтан тыс оқытулардың мектептен тыс жерлерде өткізілуі: шеберханаларда, лабораторияларда, табиғатта және т.б.
Ата-аналар жиналысы - бұл мұғалімнің қолындағы маңызды педагогикалық құрал болып табылады. Онда ата-аналарға балалары туралы айтуға, белгілі бір кедергілерді шешуді бірге жоспарлауға болады. Өзара түсінік пен өзара көмек болған кезде ғана ата-аналар жиналысы нәтиже береді.
Бүгінгі күннің талабына сай отбасы өмірін ұйымдастырып, балалар бойында ұнамды қасиеттерді қалыптастыруда ата-аналар білімдерін жетілдіру қажеттілік болып отыр. Бұл білімдер мектептің ата-аналарға арналған іс-шараларының мазмұнына ендірілумен жүзеге асырылмақ.