4-тапсырма. Төменде берілген сөздерді пайдаланып, өтандық өнертапқыштар туралы шағын мәтін құрастырыңыз.
Патент иесінің құқықтар көлемін анықтау, өнертабыс, құралдар, заңмен қорғалатын өнертабыстың пайдаланылуын бақылау, жетілдірілген инструмент, патенттік қорғалу, конструктивтік элементтер, тәсіл, әдіс, композициялар, құрамдар, қоспалар, химиялық қосындылар, жоғары молекулярлық қосындылар, өнертапқыштық деңгейі, патент қабілеттігі, өнертабыстың сапалық деңгейінің көрсеткіші, өнеркәсіптік үлгі, көркемдік-конструкторлық шешімдер.
№2 СӨЖ тапсырмасы:
1. Заманауи өнертабыстар туралы ақпараттармен танысып, 2-3 өнертабыс объектілері туралы әңгімелеп беріңіз.
3-сабақ
Бүгінгі таңдағы өнертабыс түрлері мен оларға сипаттама
ТЫҢДАЛЫМ
1- тапсырма. Төменде берілген сөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.
тәжірибе – опыт
мүмкіндіктер – возможности
гендік инженерия – генная инженерия
биотехнологиялық өнертабыстарды қорғау мәселесі – проблемы охраны биотехнологических изобретений
тектер – порода; происхождение; род
биотехнологиялық әдіс – биотехнологический метод
микроскопиялық өлшем – микроскопический размер
микроскопиялық өлшемдегі өмірге қабілетті әр түрлі организмдер – различные жизнеспособные организмы микроскопических размеров
жасанды жолмен алынған – полученные искусственным путем
ОҚЫЛЫМ
2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.
БИОТЕХНОЛОГИЯ ОБЪЕКТІЛЕРІ Соңғы жылдар ішінде теориялық мүддеге ғана ие ғылымнан биология тәжірибелік маңыздылығымен сипатталатын ғылымға айналды. Өнеркәсіпті «биологизациалау» өрісі байқалуда. Биотехнология ғылыми-техникалық прогресстің басым бағытына айналып жатыр. Биотехнологияның кең тәжірибелік мүмкіндіктері гендік инженерия арқылы адамдарды емдеу әдістерінен қоршаған ортаны қорғау әдістеріне дейінгі әр түрлі биологиялық обьектілерге байланысты өнертабыстар санының артуына алып келді.Патенттер биология және биотехнологияны «коммерциялизациялау» ісінде және биотехнологиялық өнімді сату нарығы үшін күресте аса маңызды құрал болып жатыр. Биотехнологиялық өнертабыстарды қорғау мәселесі әлі де ұлттық, халықаралық деңгейде талқыланып жатыр.Биотехнология саласына, сонымен қатар, микроорганизмдер тектерін, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының тектері, антиботиктерді, нуклеин қышқылдарын пайдаланумен әр түрлі әдістер, вакциналар өндіру әдістері т.б. жатады.Аталған объектілер тірі – тектер, тірі емес – заттар бола алады. Тірі объектілер: микроорганизмдердің жеке тектері; өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының жеке тектері. Тірі емес объектілер: биотехнологиялық әдіспен алынған қосындылар, антибиотиктер, ферменттер, вакциналар және т.б.; гендік инженерия өнімдері ДНК мен РНК кезектілігі, гендер, плазмидтер, векторлар, белоктар т.б. «
АЙТЫЛЫМ
Достарыңызбен бөлісу: |