Модуль. Жеке тұЛҒА 1- сабақ Лексикалық тақырып: Жеке тұлғаның қоғамдағы орны



бет87/131
Дата26.12.2022
өлшемі499,93 Kb.
#164429
түріСабақ
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   131
Байланысты:
Қазақ тілі В1 деңгейі

3-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыз. Жоспарыңыз бойынша баяндап беріңіз.


ЖАЗЫЛЫМ
4-тапсырма. Еліміздегі шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы эссе жазыңыз.

4 СӨЖ тапсырмасы:


1-тапсырма. ҚР кәсіпкерлік туралы заңмен танысып, конспект жасаңыз.
23- модуль: ӘЛЕМ НАЗАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН ЖОСПАРЛАРЫ
Лексикалық тақырып:
1. Еліміздің ұзақ мерзімді даму бағдарламалары, оларды жүзеге асыру жолдары.
2. «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегиялары: қабылдануы және маңызы туралы ақпарат.
3. Коммуникативтік мақсатқа негізделген монолог.
Грамматикалық тақырып:
Қалып етістіктердің қолданылу ерекшеліктері. Етістік + -ғанда, -генде, -қанда, -кенде қосымшалары арқылы жасалуы.
1-сабақ
Еліміздің ұзақ мерзімді даму бағдарламалары, оларды жүзеге асыру жолдары


ТЫҢДАЛЫМ
1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.
тектілік – знатность
алғырлық – хваткость
жасқану – бояться
тәкаппарлық – важность, надменность
айлалылық – хитрость
серпінді – порывистый, упругий
қаймықпау – не бояться
босаңсымау – не ослабевать
көрегендік – зоркость, дальновидность
талғампаздық – разборчивочть, требовательность
кемеңгерлік - гениальность; мудрость
қадір-қасиеті - достойнство


ОҚЫЛЫМ
2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз
Бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы мемлекеттерге айналғанын сіздердің көпшілігіңіз білесіздер. Алғашқылары Корея, Тайвань және Индонезия және Таиланд қосылды. Біздің ұлы көршіміз – қытай жоғарғы қарқын танытып отыр. Бізге достас Ресей де жуық арада ұлы елдің жаңа келбетіне ие болады деп шынайы үміт артамыз және оған сенімдіміз.
Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан баласына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі таңда сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы жөнінен және басқа да көптеген параметрлері бойынша бізге ұқсас ел Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есе арттыруға қол жеткізді. Осындай табыстардың нәтижесінде бұл елдер күллі әлемде Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр.
Қазақстан өзінің күллі мүмкіндіктерімен нақ осындай нәтижеге қол жеткізе алмайды дейтін себептер ма? Ондай себептер жоқ. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін.
Бізде жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін қар барысы дүниежүзілік қауымдастыққа онша таныс емес. Жануарлар әлемінде Жолбарыс туыстас болғанымен, Барыстың өзіндік ерекшеліктері де бар. Бұл – өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалылығымен дараланатын Барыс болмақ.
Ол ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды, әрі тікелей соқтығыстардан бойын тартатын болады. Бірақ өзінің еркіндігі мен тұрағына, ұрпағына қатер төнген жағдайда, ол бұларды басын тігіп, бойындағы барын салып қорғайтын болады. Ол сыптай да серпінді болуға және семіздік пен жалқаулыққа бой алдырмауға тиіс: әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды. Ол қауіп-қатерден қаймықпауға, тоқшылықтан босаңсымауға тиіс.
Ол өз ұрпағын баулыған кезде: оны баса-көктей келген қонақтардан қорғай отырып, аузындағы дәмдісін соның аузына тосуға, оның саулығына, өресі мен пайымына нәр беруге тиіс, сөйтіп кез келген ортадағы қатаң бәсекелестік жағдайында ерте сақайып, өз бетінше дербес өмір сүруге жетелеп, көрегендік танытады. Ол өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, ол өз аясында тіршілік ететін табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отырады.
Ендеше Қазақстандық Барыстың бойына дамудың алдындағы қатарлы үздік деңгейіне үстелген батыстың талғампаздығы да, шығыстың кемеңгерлігі де, төзімділігі де тән болуға тиіс.
Дегенмен 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы тұрғызамыз.Сауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз.
Осындай болашақтың іргесін тұрғызу үшін және алған бағытымыздан ауытқымау үшін бізге өзіміздің нені қалайтындығымызды білу керек. Сондықтан ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезде біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын (Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет