Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Модульдік оқыту технологиясы арқылы күкірт туралы білімді жалпылау және жүйелеу
Дайындағандар: М01504-12
Айметова С, Алшора А, Ақыл А.
Қабылдады: Шиназбекова Ш.С
Жоспар:
Модульдік технология оқушылардың оқу мотивациясын күшейтіп, шығармашылық ізденістерге жетелейді, бұл технология жеке оқушының білім сапасын анықтауға бағытталады. Оқушыға берілетін білімді алдын-ала модульге бөліп алып, үйрету өзінің тиімді нәтижесін береді. Білім алушының мүмкіндігіне қарай модульдік оқытуда мәтіннің мазмұны бөліктерге бөліп беріледі. Демек, модуль – іріленген мазмұнды дидатикалық бірлік деп саналады.
Атап айтқанда, модуль арқылы білім алушылардың өздік ізденісіне жол ашылады, олар әр бөліктер бойынша ойланады, қосымша материалды пайдаланады, тұжырым, қорытынды жасайды. Бөлінген мәтіндермен жұмыс жасай отырып, оларды толықтырады, қысқартады, мазмұнға сай өзгертулер жасайды. Сөйтіп, олар оқу материалының дербес бөлік екеніне көз жеткізіп, дәстүрлі оқыту мен модуль арқылы оқытудың ерекшеліктерін танып біледі.
Модульдік оқыту берілетін білімнің оқушылардың жеке бастарының ерекшеліктеріне, іскерліктеріне, жұмыс істеу қабілетіне, белсенділігі мен пәнге қызығушылығына бағыттауға, оқыту жүйесін оқушының жеке басының игеру қабілетімен үндестіру мәселесін іске асыруға мүмкінік туғызады. Ең бастысы мұнда пәнді мазмұнға қарай модульге бөлу, оның мақсатын нақтылау және модульдің тексерілуі, жүйелілігі, тиімділігі, нәтиженің айқындығы, оқушының шығармашылықпен ойлауға қалыптастындығы байқалады.
Модуль оқу материалының мазмұнын сапалы, көрнекі түрде меңгеруге ықпалын тигізеді.