МөЖ-1 Тақырыбы: «Қазақ халқының ежелгі замандардағы әдістемелік-математикалық мәдениеті» Орындаған: I топ



бет10/22
Дата06.01.2022
өлшемі320,73 Kb.
#110102
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
МӨЖ

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: К.Жәленұлының «Есеп тану жобасының» ерекшеліктері анықталды және қазақ халқының бастауыш мектептері үшін аса құнды әдістемелік - математикалық идеялары айқындалды.

Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы:

Зерттеу жұмысының нәтижелері білім алушылардың математикалық теориялық білімдерін арттырады .


2.1 Көрнекті қоғам қайраткері К.Жәленұлының өміржолы және шығармашылық қызметтері.
Кәрім Жәленұлы 1888 жылы бұрынғы Орал облысы Жымпиты уезіндегі Байқұтты болысының 4 – ауылында дүниеге келген. 3 жылдық орыс – қазақ мектебін, 2 жылдық орыс – қазақ училищесін, Оралдың шаруашылық мектебін және реальдық әскери училищесін бітіріп, Воронеж ауыл шаруашылық институтында оқыған. 1916 - 17 ж.ж. I дүниежүзілік соғысқа қатысқан.

К. Жәленұлының шығармашылық қызметтеріне келетін болсақ, ол 1917 жылы қазақ комитеті тарапынан майданнан шақыртылып алынып, Жымпиты уездік атқару комитетінің төрағалығына тағайындалады да 1920 жылға дейін осы қызметте болады. Сонымен қатар, Алашорданың Батыс бөлімшесінің жүргізген саяси-қоғамдық және ағартушылық жұмыстарына белсене араласады.1917 ж. Орынборда өткен Торғай және Орал облысы қазақтары съезінің делегаты,  I Қазақ Орал облыстық съезінде Жайық сырты қазақ комитетінің мүшесі, Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің делегаты, 1918 ж. 21 мамырда Жымпитыда өткен Жайық өңірі қазақтарының 4 - съезінде төралқа мүшесі, ал Алашорданың Батыс бөлімшесі құрылған кезде облыстық земство басқармасының мүшесі болып сайланады [1].

К.Жәленұлы Алашорда таратылғаннан кейін, 1920 жылы маусым – қазан айларында Орынборда Қазревкомның хатшысы қызметін атқарады және сол жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институтына оқытушылыққа шақыртылады. Осында жұмыс істей жүріп, 1922 - 1924 жылдары институт директоры қызметін атқарады. 1922 жылы халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында Халел Досмұхамбетовтің бастамасымен Ташкент қаласында құрылған «Талап» қауымына мүше болып, оның қызметіне белсене араласады [2].

 Кәрім Жәленұлы көптеген ана тіліндегі оқу құралдарын дайындауда көп үлес қосты. 1923 жылы Ташкент қаласында оның «Есеп тану жобасы»  және «Есеп тану. Бөлшек сандар» атты еңбектері жарық көрді. Бұл еңбектері кейінірек қырғыз тіліне аударылып, қырғыз мектептерінде де негізгі оқу құралдары ретінде пайдаланылды. Кәрім Жәленұлы математиканы оқыту әдістемесі ғылымынан басқа салаларда да жемісті еңбек етіп, сол кезде Ташкент қаласында шығып тұрған «Сана»,  «Наука и просвещение» сияқты журналдарға мақалалар жазып тұрған.

1923 –1924 жылдары ауыл шаруашылық кооперациясында оқып, білімін жетілдіреді. Ал, 1924 – 1929 жылдары Орал губерниялық және Гурьев (қазіргі Атырау) округтік жоспарлау комитеттерінде экономист болып қызмет істеген.1929 ж. 8 қаңтарда Гурьев қаласында тұтқынға алынып, 5 жылға жер аударылды. Жазаны өтеп келгеннен кейін 1937 ж. қайта тұтқындалып, 1938 жылы ақпанда атылды [3].

        Кәрім Жәленұлы Қазақстанда математиканы оқытудағы әдістемелік - математикалық білімнің қалыптасуында үлкен орын алады. Оған төмендегідей дәлел келтіруімізге болады.



Біріншіден, қазақ жеріндегі XX ғасыр басындағы күрделі кеңестік кезеңде К.Жәленұлы қазақтың біртуар білімді азаматтарының жанынан табылып, қазақ халқының қоғамдық - саяси өміріне белсене араласты.

Екіншіден, ол  қазақ арасындағы халық ағарту ісін ұйымдастыру жағына басшылық етумен бірге оқу - ағарту ісінің келелі мәселелерімен тынбай шұғылданып, педагогикалық оқу орындарында ұстаздық қызметтер атқарған.

Үшіншіден, алғашқы мерзімді педагогикалық басылымдарда қазақ мектебінің тарихы жәнеұлттық бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмысын ана тілінде ұйымдастыру туралы көптеген мақалалар жазды.

Төртіншіден, қазақ мектебінде математиканы оқытудың теориясы мен тәжірибесін қалыптастыру бағытындағы шығармашылық ізденістерінің жемісі болып табылатын қазақ мектебіне арналған тұңғыш оқу бағдарламасы мен бөлшек сандар арифметикасынан алғашқы оқулықты жазды.

Бесіншіден, К.Жәленұлының аталмыш еңбектері «Баштооч мектептерде эсеп үйретүүнүн жолу» (1925ж.), «Эсеп тану» (1928ж.) деген аттармен қырғыз тіліне де аударылып, қырғыз мектептерінде негізгі оқу құралдарының бірі ретінде қолданылған [3]. Қырғыз педагогы Т.Абдукаримов өз зерттеулерінде К.Жәленұлының бұл екі еңбегінің де «Мугалимдер үчүнметодикалық қолдонмо» болғандығын атап айтады [3].

Бұл Кәрім Жәленұлының Қазақстанның оқу - ағарту саласындағы аса ірі тұлғалардың бірі болғандығын айқындайды.

            Біздің ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, ҚР Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар бөлімі, ҚР Ұлттық Кітап палатасы және ҚР Ұлттық Кітап музейі қорларында жүргізген ғылыми - зерттеу жұмыстарымыздың барысында Кәрім Жәленұлының төмендегідей педагогикалықеңбектері мен сол кездегі мерзімді педагогикалық басылымдарда жариялаған мақалалары табылды:

1) «Есеп тану жобасы».-Ташкент, 1923 ж.; 

2) «Есеп тану. Бөлшек сандар».-Ташкент, 1923 ж.; 

3) «Қазақ – қырғыз мектептері», (мақала, «Сана» журналы, 1923, №1);

4) «Химиядағы өзгерістер» (мақала, «Сана» журналы, 1923, №1);

5) «Киргизские школы»(мақала,«Наука и просвещение»журн.,1923, №2).

6) «Өсімдіктердің түзілісі» (мақала, «Шолпан»журналы, 1923, №6 – 8).

К.Жәленұлының сіңірген еңбегі мұнымен шектелмейді. Мұрағат  мәліметтеріне қарағанда,оған «Талап» қауымы тарапынан геометрия оқулығын жазып, тапсыру жөнінде тапсырма берілген. Өкінішке орай, оның жазылған - жазылмағанын анықтау әлі де болса мүмкін болмай отыр [4].

«Есептану жобасы» - қазақ бастауыш мектебі үшін математика пәні бойынша жасалған алғашқы төл оқу бағдарламасы болып табылады. Еңбектің көлемі 12 бет, «Есеп ғылымының жобасы» және «Мұғалімдерге» атты екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде төртжылдық мектептің математика пәнінің оқу бағдарламасы келтірілген. Оның түсінік - хат сипатында әзірленген «Мұғалімдерге» атты екінші бөлімін қазақ мұғалімдеріне арналған математиканы оқыту жөніндегі тұңғышәдістемелік құрал деп бағалауға болады [5].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет