1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Білім алушының жеке тәжірибесі негізінде музыка өнерінің табиғатын танып білу мен үздік шығармаларды қабылдауы арасында өзара байланыс орнату осы бағдарлама құрылымының маңызды принциптерінің бірі болып саналады.
3. Пәнді оқытудың мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыкасы, әлем халықтары шығармашылығы, әлемдік классика және заманауи музыканың үздік үлгілері негізінде білім алушылардың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту.