Байланысты: Молдрахым Іңкәр ПСИХОЛОГИЯ 1 ДӘРІС СРС СРСП
Арнаулыпсихология - бұл адам дамуының бірќалыпты даму жолынан ауытќуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалыќ күйзелістері мен осы саладағы әр ќилы аурулардың себептерін ќарастырады.
Арнаулы психологияның мына тармаќтары, атап айтќанда: олигофренопсихология – ми заќымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология – саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология – нашар көретіндер мен соќырлардың психологиялыќ дамуын зерттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейтін тармаќ патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек тілінде “патос” – зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді. Патопсихология медицина ғылымымен оќу – тәрбие істерін зерттейтін пән – педагогика мен жан дүниесінің сырын ќарастыратын психология ғылымының түйіскен торабына жатады.