Фуллериттердің ерігіштігі. Сольватты және клатратты қосылыстар. Фуллериттердің алмаз, графит, күйеден айырмашылығы олардың полярлы және полярсыз еріткіштерде донорлы-акцепторлы типті байланыстар түзіп, біраз ерімтал болуында. Фуллерендердің бұл қасиеттерін оларды бөлу және тазалау үшін пайдалануға болады. Фуллерендердің ерігіштігі изомерлердің молекулярлық массалары артқан сайын келесі қатар бойынша төмендейді: CS2 > C6H5CH3 > C6H6 > CCl4 > C10H22 > C6H14 > C5H12. C60молекуласының ерігіштігіCS2 7,9 г/л, C6H5Cl 5,7 г/л, толуолда 2,8 г/л, бензолда 1,440 г/л, 1,2- дихлорбензолда 27 г/л, ал декалинде 4,6 г/л құрайды.
Фуллерендердің ерігіштігі температураға тәуелді және көп жағдайда максималды ерігіштік бөлме температурасына жақын температурада байқалады (4.18-сурет). Дәл осы температурада ерітіндінің жылусыйымдылық түзуінде де максимум байқалады.
C70 молекуласының ерігіштігі C60 молекуласынан ерекшеленеді: оның бензолда және басқа ерігіштігінде максимум болмайды.
Фуллерендер ерітінділеріне сольватохромия тән – еріткіштердің сольваттаушы қасиеттері өзгеруі нәтижесінде ерітіндінің түсінің немесе жұтылу спектрлерінің өзгеруі. Бұл құбылысты сонымен бірге концентрацияның өзгеруімен фуллерендердің өлшемдері өзгеруімен де түсіндіруге болады.
Ерітінділерден кристалданған кезде көп жағдайда торлардың түйіндерінде еріткіш молекулалары болады. Болжамдар бойынша көбінесе С60·Х түзіледі, мұндағы X=C6H6, C6H5CH3,CS2. Мұндай қосылыстарды ван-дер-ваальс күштерімен түзілетін клатраттарға, молекулярлы комплекстерге немесе сольваттарға жатқызуға болады. Клатраттардағы симметрия фуллерендермен салыстырғанда аздау болады да, С60молекулалардың айналуытөмен болады.