Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2


ретінде жұмсалатын сөздердің жасалатыны анықталды



Pdf көрінісі
бет65/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2

ретінде жұмсалатын сөздердің жасалатыны анықталды.
Қазақ тіліндегі шылау сөздер зерттелуінің ғасырға жуық 
тарихы бар. Осы уақыт арасында шылаулар сипаттамалық 
тұрғыдан да, тарихи сипатта да қарастырылып, іргелі ең-
бектер жазылуда. Алғаш қазақ тіліндегі шылау сөздерді 
таптастыру А. Байтұрсынұлының еңбегінен басталады. 
Автордың «Тіл — құрал» еңбегінде «шылау сөз» жеке 
өз алдына қарастырылмай, үстеу, одағай сияқты сөз тап-
тарымен қатар алынған. Ғалым пікірі кейінгі жылдары 
Қ. Жұбанов, Ғ. Бегалиев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов 
сияқты ғалымдар еңбектерінде шылаулардың морфологи-
ялық сипаты мен түрлеріне қатысты мәселеде жалғасын 
тапқан. Профессор Р. Әмір жалғаулық шылауларды зерт-
теудің жеке нысаны ретінде алып, даму, қалыптасу ерек-
шеліктеріне тоқталған [2]. Автор жалғаулық шылаулардың 
ерекшелігін ғана сөз етеді. Қазақ тілінің тарихи синтаксисін 
зерттеген ғалымдар Т. Қордабаев пен Е. Ағманов шылау 
сөздердің тарихи сипатына тоқталып өтеді. А. Ысқақов мор-
фология еңбегінде шылау сөздердің белгілеріне тоқталып
мағыналық топтарын жіктеп берді. Синтаксис маман-
дары М. Балақаев пен Т. Сайрамбаев шылау сөздердің 
синтаксистік ерекшеліктеріне назар аударды. Ғалымдар 
пікірлерін шәкірттері ары қарай дамытып, жалғастырып 
келеді. Қ. Қадашева көмекші сөздердің қатарында шылау-
лардың да сөйлем мүшелерін ұйымдастырудағы ерекшелі-
гіне тоқталса [3], Ғ. Иманалиева шылау сөздердің сөз тір-
кесі синтаксисі мен сөйлем синтаксисіндегі қызметтерін 
зерттеген [4]. Қ. Молгаждаров шылау сөздердің тарихи 
қалпын түркі тілдерімен салыстыру негізінде диссертация 
қорғады [5]. Бұл еңбектерде септік жалғаулары арқылы қа-
лыптасқан шылау сөздердің тілде тұрақталуы назардан тыс 
қалған. Мысалы, Екі-үш ай шамасында ол орысша еркін 
сөйлейтін болды (Б. Соқбақбаев). Әкесі қасым төре, аға-
лары Есенкелді, Саржанның бұл жөнінде ұстаған жолы 
оған жұмбақ (І. Есенберлин) деген сөйлемдердегі шама-
сында, жөнінде көмекші сөздері тек осы септік тұлғасында 
ғана жұмсалып, шылау қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет