Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет58/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

 // он жеті /рет/ соғысты; 
бес сүңүсді 
(Тон., 49)
 // бес /рет/ соғысты; йеті сүңүсді 
(Тон., 49)
 // жеті /рет/ 
соғысты; ікі йаңықа сүңүсдім 
(МЧ, 13)
 // екінші /рет/
тағы соғыстым 
т.б.
 
Көріп отырғанымыздай, бір компоненті қысқарып қалса да, мөлшерлік 
мағына сақталады. Мұны тілдік қажетке қарай конструкция құрамындағы 
компоненттердің ықшамдалуы деп түсіну керек. Мұнда конструкция 
компоненттері құрылымнан нақты көрініс таппағанымен, 
логикалық компонент
ретінде ойда тұрады. Қайткенде де оның мағынасы ойша түсінікті болады. 
Мысалы: 
Табғачқа йеті йегірімі сүңүсді қытанқа йеті сүңүсді оғузқа бес сүңүсді 
(Тон., 49) 
// Табғаштармен он жеті рет соғысты. Қытандармен жеті /рет/ 
соғысты, оғыздармен бес рет соғысты
. «Тониқуқ» ескерткішіндегі бұл мәтінде 
Табығач (қытайға) пен Қытанға (Кидан) қарсы соғыстың дүркіндік мәні
рет
сөзімен анықталатыны айқын. Ол ескерткіштерде, кей тұстарда нақты көрініс 
тауып отырады. Кейде тілдің ықшамдалу заңдылығы мөлшерлік конструкция 
шегінде де іске асады.
 
2. Синтаксистік модельдер:
Жалпы тілде «мөлшер» ұғымын берудің синтаксистік тәсілдері біршама 
көп. Ескерткіштер мәтінінде соның көпшілігі кездеседі және ол бүгінгі қазақ 
тілінің синтаксистік құрылымымен негізінен ұқсас. Солардың бірі – синтаксистік 
модельдер. Олардың өзі төмендегідей бірнеше түрлі болып келеді: 


72 
Сан есімдер мен тәуелдік жалғаудың байланысы арқылы «бүтін заттың 
бөлшегі» семантикасы беріледі. Бұл құрылымды 
(сан)+ ы, (сан)+ і  
формасында 
өрнектеуге болады. Ескерткіштер мәтінінде бұл модельмен берілетін мынадай 
құрылымдар
 
кездеседі: 
бір үлүгі йадағ 
(Тон., 4)
 // бір бөлегі жаяу; екі үлүгі атлығ 
(Тон., 4) 
// екі бөлегі атты 
т.б.
Бұл құрылымдарда бірнеше бөлікке бөлінген бірбүтін шаманың бір бөлігі 
және екі бөлігі айтылып тұр. Бір бүтін шама қанша бөлікке бөлінсе де, оның 
бөліктері белгілі сандық немесе одан да басқа мөлшерлік семантиканы білдіреді. 
Осы тіркестердің семантикасына толық мәтін ішінде талдау жасап қарайық. 
«Тониқуқ» ескерткішінде былай беріледі: 
Ыда ташта қалмысы қубранып йеті 
йүз болты екі үлүгі атлығ ерті бір үлүгі йадағ ерті иеті йүз кісіг удыағыма 
(Тон., 4)
 // Ағаш-тас арасында қалғаны жиналып, жеті жүз болды, екі бөлегі 
атты еді, бір бөлегі жаяу еді жеті жүз кісіні ерткен

Контексте тау-тастың арасынан жиналған жеті жүз әскердің үш бөлікке 
бөлініп, оның екі бөлігі атты, бір бөлігі жаяу екені айтылады. Мұнда «сан 
мөлшері» семантикасы бар. Алайда жалпы «сандық мөлшер» семантикасы нақты 
болғанымен, бөліктердің нақты саны белгісіз. Әр бөлігінің сандық мәні кез 
келген сан болуы мүмкін. Бұл арада нақты сандық мәндерге ұғымдық қажеттілік 
жоқ. Керісінше, «шамалық» ұғымдар шегінде беру ыңғайлы. Бөлшектік мағына 
сандар арқылы емес, шамалар негізінде берілген.
Жоғарыдағы синтаксистік модель керісінше болып та келеді. Яғни тәуелдік 
жалғаулы сөз бен сан есімдердің
 ы+(сан), і+(сан)
формада байланысуы арқылы 
да мөлшерлік семантика туындайды. Бірақ бұл құрылым арқылы «бүтіннің 
бөлшегі» семантикасы емес, «жалпылауыш» семантикасы беріледі. Мысалы, 
сүсі
үч бің ерміс
(Тон., 16)

// әскері 
үш мың екен 
т.б. Мұнда 

аффиксі жинақтық, 
меншіктік мағына тудырады, ол сан есімдермен грамматикалық байланыста 
келіп, белгілі заттың нақты жинақтық мәнін көрсетеді. Бұл құрылымдардың 
семантикасына мәтін ішінде талдау жасап қарайық. «Тониқуқ» ескерткішінде 
былай беріледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет