Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет40/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

көркем әдебиет туындыларында 
көрініс 
тапқан. Өйткені, халық ауыз әдебиеті мен ұлттық тәлімгерлікті бөле жарып 
қарауға әсте болмайды. Халықпен бірге дүниеге келіп, бірге жасап келе 
жатқан ауыз әдебиеті де адам тәрбиесінің түгелге жуық ерекшеліктерін 
бойына жинақтаған. Батырлар жырындағы қайсарлыққа, ұлтжандылыққа, 
намысшылдыққа, ертегі, аңыздарға парасат пен ақылдылыққа, тапқырлық 
пен зерделікке, жанрлардағы (мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаш, 
санамақ т.б.) ойлау, сараптау, зеректілік қабілеттеріне үйрету дидактикасы 
нағыз тұнып тұрған тәрбие теңізі екені анық. Ауыз әдебиетінің бастау 
бұлағы тұрмыс-салт жырларындағы ұлттық тәрбие мәселелері, жыр 
шумақтары, жеке адамның қалыптасуындағы оның ғылыммен байланысын 
білдіреді. Себебі, адам қандай ортада дамыса да, сол ортаның тікелей 
жемісі болып есептелінеді. Тәрбиенің күрделі де қиын үрдіс болатыны да 
осы себептерден. Ұлттық тәрбиенің теориялық негізі - ауыз әдебиетінен, 
фольклордың сан алуан жанрларынан, сондай-ақ күнбе-күнгі күйбең 
тіршіліктегі халық тәжірибесінен алынады. 
Қазақ елі фольклор саласының дамуында түркі тілдес халықтардың 
ішінде алдыңғы қатарлы елдердің біріне саналады. 
Кеңес фольклоры - толыққанды шығармашылық деген тұжырымды 
халық ақындарының өлеңдері мен жыр, толғаулары негізінде дәлелдемек 
болған еңбектің бірі - 1955 жылы жарыққа шыққан «Очерки казахской 
народной поэзии советской эпохи» атты кітап болды. Бұл кітапта 
ақындардың ауызша, импровизациямен шығарған өлең-жырлары халық 
поэзиясы деп танылды, ақындардың айтысы да халық поэзиясының 
туындысы санатына жатқызылды. Дәл осындай көзқарас кейінгі 
еңбектерде де орын алды. Мәселен, 1960 жылғы кітапта «Тарихи жырлар» 
бөлімінде 1916 жылғы көтеріліс туралы халық поэзиясын сөз еткенде 
ақындардың шығармалары талданады. Ал, 1968 жылы жарыққа шыққан 


еңбекте «Советский фольклор» деп аталатын тараушада дәстүрлі фольклор 
жанрларының жай-жапсарына қысқаша шолу жасалып, содан соң 
Жамбылдың, Исаның, тағы басқа ақындардың импровизаторлық өнері мен 
өлең-толғаулары туралы жазылады. 
Жалпы, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін бүкіл Кеңес Одағы 
фольклортануында орныққан қағида бойынша еңбекші бұқараның 
шығармашылығы ретінде жекелеген жыршылар мен сказительдердің ескі 
фольклорлық дәстүрге негіздеп жырлаған туындылары советтік эпос деп 
танылды. Сөйтіп, орыс фольклористикасында Марфа Крюкова секілді 
сказительдер шығарған былиналар, бізде ұлы Жамбыл, Нұрпейіс, Доскей, 
т.б. ақындарымыз шығарған жырлар фольклор деп қабылданды, ал, оларды 
зерттегенде әдебиет заңдылықтары басшылыққа алынды. Осы 
концепцияның айқын көрінісі - 1964 жылы шыққан «Қазақ әдебиетінің 
тарихы» атты еңбек болды. Бұл том түгелдей совет фольклорына арналды 
да, қазақ совет фольклоры туралы ғылымның даму тарихы; қазақ совет 
фольклорының даму жолдары деген екі үлкен бөлімді қамтыды, сондай-ақ 
совет фольклоры есебінде атақты халық ақындарының авторлық 
дастандары мен поэмалары да қарастырылды. Бір тәуірі - бұл 
шығармаларды талдағанда зерттеушілер олардың ежелгі фольклор 
поэтикасының ізімен, дәстүрімен шығарылғанын атап көрсетеді. Әсіресе, 
шығыс дастандарының үлгісінде туғандарын да, әрі өзіміздің жазба 
әдебиетіміздің әсерінен жазылғандарын да нақты мысалдар арқылы 
нанымды дәлелдеген. Ал, кеңестік өмірді бейнелеген шығармаларды 
реалистік көркем әдебиеттің талаптары негізінде талдау арқылы ғалымдар 
халық ақындарының дүниелері фольклорға келе бермейтінін мойындаған 
деуге болады. 
Кеңес өкіметі кезінде фольклор болды ма, жоқ па, болса - ол қандай 
еді - деген сауалдар төңірегінде ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында бүкіл 
одақтық фольклортануда үлкен пікірталас туды. 
Қорыта келе, «кеңес фольклоры» деген фольклор болған жоқ, сол 
ұғымның өзі де қате, ғылыми жағынан дәлелсіз дейтін тұжырым орнықты. 
Осыған орай есте ұстайтын нәрсе - фольклор деп тек қана ежелден келе 
жатқан авторы жоқ шығармаларды айту керек пе, әлде әр заманда туып, ел 
ішінде айтылып жүретін халық шығармашылығын да тану дұрыс па? 
Біздіңше, дәстүрлі фольклормен қатар бүгінде ел арасына тарап кеткен 
авторы беймәлім әртүрлі жаңа өлеңдер (әсіресе, қара өлең), мақалдар, 
әңгімелер - халық шығармашылығы ретінде фольклор болып саналуға тиіс. 
Әрине, бұлар ерте заманнан келе жатқан фольклордан ерекше, мұнда 
дәстүрлі фольклорлық поэтика жоқ, бірақ халықтық этика мен ұғым-
түсініктер 
бой 
көрсетеді. 
Демек, 
бүгінгі 
таңдағы 
халық 
шығармашылығынан ежелгі фольклорды іздемеу керек. Сонымен бірге 


заманның, қоғамның талап-талғамына сай халық шығармашылығының 
түрі, орындалу мәнері өзгеше болуы ықтимал екенін, сондай-ақ халық 
шығармашылығы жаңа формада, айталық, отбасылық ансамбль түрінде де 
болуы мүмкін екенін де ескеру қажет. Қазақ фольклорының тарихын 
зерттегенде осының бәрі есте болуға міндетті. 
Сонымен, ойымызды қорыта айтар болсақ, қазақ фольклоры - 
әдебиеттің бастауы бола тұра, өзіндік қасиеттерге де бай, қазақ фольклоры 
жалпы 
адамзаттық 
руханияттың 
даму 
заңдылықтары 
аясында 
қарастырылып, оның ежелгі түр-сипаты басқа құрлықтардағы ХХ ғасырға 
дейін көне рулық-тайпалық салтта өмір сүрген жұрттардың рухани 
мәдениетімен тарихи-стадиялық әрі тарихи-типологиялық әдістермен 
салыстыру арқылы анықталады. 
Фольклорлық мұрамызда имандылық пен инабаттылықтың, 
адамгершілік ар-намыс кодексіміздің небір көріністері ғылыми түйінмен 
астарласа баяндалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет