Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет41/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Ата салтымыздың асыл мұраты, алтын қазынасы 
әдет-ғұрып, салт-дәстүр, жол-жоралғы, жөн жосықтың теориялық 
аспектілері таразыланбаса, ұлттық тәлім-тәрбиенің ғылым ретінде 
қалыптасуы мүмкіндігі тайыз болары сөзсіз.
Өйткені, халық педагогикасы 
мен халық психологиясы қолданбалық тәжірибенің, эмпирикалық жолмен 
жиналған тәрбиелік әдіс-тәсілдерінің жиынтығы. Ал сол эмпирикалык 
пікірлерді теориялық жағынан түйіндеп, өз алдына ғылымда негіздеу 
ұлттық тәрбиені қалыптастырудың алғы шарттарының бірі. 
Ғылымда халықтың ауыз әдебиетіндегі туындыларын, болмаса халық 
поэзиясын «фольклор» деп атайды. Фольклор туындылары сан алуан 
(ертегі, жыр, жар-жар, жарапазан, жоқтау, айтыс, эпос, аңыз). Олардың 
әрқайсысынаң ұлттық тұлғаны қалыптастыруда тәлім-тәрбиелік орны бар. 
Ұлтымыз ауыз әдебиетінің түрлерін ертегі, жыр, дастан, эпостары арқылы 
бейнелеген. Ал жазба әдебиет түрлері поэзия, проза, драмматургия арқылы 
ауыз әдебиетінен туындайтын тәлім-тәрбиені қарастырған. 
Қазақ халқы адам өміріндегі тәрбиенің маңызын жақсы түсінген. Бұл 
түсінік ұлттық тәрбиенің бағыттаушы күші болып саналады. Өйткені ол, 
бір жағынан, қоғамның ұрпағына қойып отырған талаптарының жүйесін, 
екінші жағынан, адамгершілікті бағалау жүйесін қарастырады. Осылардың 
көмегімен еңбексүйгіштік қасиет тәрбиеленді, ұлттық тәрбиенің 
тәжірибесіне бейімдеу үрдісі және оны қоғам өміріне араластыру жүзеге 
асады. 
Оларға халық арасында кең тараған ауызекі шығармашылық жатады: 
әндер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, эпостар, ойындар, ойын 
өлеңдері. Ұлттық әндер жанры тәрбие құралы ретінде халық арасында кең 
тараған. Бұл әндер адамды ынталандырып, олардың қызығушылықтарын 


арттырған. Олар өзінің әрекеті жайлы мазмұнына, мәтіні мен мақамына, 
әуеніне, орындалу ерекшелігіне халық назарын аударған. 
Ән қазақ халқының күнделікті өмірінде және тұрмыс-тіршілігінде 
көрініс алып отырды. Халық әндерінде отбасындағы болатын оқиғалар мен 
мерекелер де суреттелген. 
Халық тудырған көптеген мақал-мәтелдердің арасынан ұлттық 
тәрбие тақырыбын, оның маңыздылығын философиялық тұрғыда ой 
елегінен өткізуге, адамның өмірге деген көзқарасын моральдық-этикалық 
тұрғыда бағалауға байланысты мақал-мәтелдерді жиі кездестіруге болады. 
Мұндай мақыл-мәтелдер ұлттық тәрбиені жүзеге асыруға септігін тигізеді, 
педагогикалық ықпал етудің құралдарын жетілдіреді, сондай-ақ өзінің 
афоризмдік және поэтикалық сарынымен адам есінде тез сақталады. 
Халықтың мақал-мәтелдері
– педагогикалық дана өсиеттердің 
сарқылмас бұлағы, адам тіршілігінің мағынасын түсіне бастаған ұрпақ 
тәрбиесіне арналған тағылым қайнары. Олар өмірде меңгертілетін шынайы 
моральдық нормалардың мазмұнын көрсетеді. Сонымен, мақал-мәтелдер 
уақыт сынағынан өткен тәрбие құралдары және жалпы адами 
көзқарастардың формулалары ретінде белгілі бір педагогикалық рөлді 
атқарады. Халықтың рухани мәдениетінің мұрасы болып табылатын 
бірнеше ғасырлық тәжірибе мен өткендегі ерліктерді бойына жинақтаған 
эпостық жырлар ата-балалардың мейірімді істерін, елі мен жерін 
қорғаудағы батырлық пен ерлік өнегесін жастардың есінде сақтап жүруіне 
тікелей ықпал ететін болған. 
Қазақ эпостары
– бұл айбынды поэмалар, өлең түріндегі батырлар 
эпопеясы. Оларды музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен асқақтатып, 
әңгімелей отырып орындауға болады. Халық арасында анағұрлым кең 
тараған эпостар: «Қобыланды батыр», «Қосай батыр», «Ер тарғын», 
«Алпамыс батыр», «Едіге батыр» және т.б. 
Халық қиялынан поэма түрінде туындаған эпостардан қазақ 
халқының өмірлік тәжірибесін байқауға болады. Эпостар ешқашанда өзінің 
өмірдегі маңыздылығын жоғалтқан емес, өйткені оны халықтың өзі 
жасаған. Оны халық жүздеген жылдар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, 
өзінің рухани мәдениетінің құнды мұрасы ретінде өзгерссіз қалпына біздің 
заманымызға дейін әкелген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет