Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет46/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Есік ашар
(дәстүр). Күйеу жігіт келіншегін алып, үйлену тойы өткен 
соң келісілген уақытта өзі қатарлас жас жігіттермен ата-енесінің үйіне 
келеді. Мұны халық әдебиетінде күйеудің алғаш яғни есік аша келуі дейді. 
Демек, бұл жауапкершілігі мол, бұрын ел-жұрт көрмеген күйеуді сынайтын 
келіс. Күйеу бұл жолы да кәде жорасымен, әдет-салтымен келеді. Әзілқой 
жеңгелердің сын-мініне де шыдайды. Ретін тауып жауап та бере 
алады.Ойын-тойсыз, әзіл-қалжыңсыз отырмайтын қазақ ауылы үлкен-кіші 
бір жасап қалады. 
Жол беру
. Қазақта үлкен адам келе жатқанында алдын кесіп өтпейді, 
оған жол береді, үйге кіргенінде орнынан тұрып төрге отырғызады. Аң 
аулағанда да жасы үлкен адам бірінші болып оқ шығарады, олжаның 
алғашқысын иемденеді. Алыстан келген қонаққа да, қызметі мен шені 
үлкен адамдарға да әр істе жол береді. Мұның бәрі қазақтың дәстүрлі әдет-
ғұрыптарындағы этикалық жоралғы болып саналады. 
Жылу жинау
. Бір бақытсыздыққа ұшырағанында, үймүлкі, малынан 
айырылғанында ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары мал, 
дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны олардың ортасынан бір адам 
ұйымдастырады. Бұл жәрдем – жылу жинау деп аталады. Арам жолмен 
шығынға ұшырағандарға жылу жиналмайды. Олар: дүние-мүлкін картаға 
салып ұтқызып жібергендер, зинақорлыққа салғандар, ішіп құртқандар, 
қоғамның, мемлекеттің дүние-мүлкін жеп қойғандар. 
Көрімдік беру
. Нәрестелі болғанында, келін түсіргенінде «құтты 
болсын» айта келгендерден сәбиді, келінді көрсетпей тұрып «көрімдігін 
бермесеңдер көрсетпейміз» деп кәдесін сұрайды. Қыз ұзатыларда ұл 
жағынан келген құдаларға болашақ келіндерінің жасауын көрсетіп те 
көрімдік сұрайтын әдет-ғұрып бар. Қазір жоғары оқу орнын бітіріп диплом 
алған жастар да туған-туыстарынан көрімдік сұрап жатады. 
Көгентүп беру
. Малды адамдар жақын туған-туыстарының 
кішкентай баласына бұзауларының, құлындарының, қозыларының, 
лақтарының, боталарының бірін атайды. Бұл көгентүп беру. Атаған 
көгентүбін кейін бермей кету - өнегесіздік, дүние-қоңыздық. Қайырлы 
болсын айту. Бала туғанда, келін түсіргенде, тағы да басқа үлкен 
қуаныштарға ие болғанында туған-туыстары, көрші көлемі келіп «қайырлы 
болсын» деп құттықтайды. Ол – қазақтың қуанышты бірге бөлісетін ізгі 
салты. Адамдар қайырлы болсын айтпағандарға ренжиді де. 


Келін түсіру
(салт). Біздің халық үшін де дүниедегі қызық пен 
қуаныштың ең бастысы-осы келін түсіру. Бұған бүкіл ауыл болып 
атсалысады, бірге қуанады, бірге тойлайды, намысы бір қазақта «тойдың 
болғанынан боладысы қызық» деген бар. Ал келін түсірудің өзі де, 
«боладысы» да қызық. Қазақ салты бойынша келінді ауылға көлікпен 
әкелмейді. Бір қырдың астына жеңгесімен бірге түсіріп кетеді. Ауылдың 
қыз-келіншектері жас келіннің алдынан шығып, ешкімге көрсетпей 
шымылдық ішіне кіргізіп әкеледі. Ақ босағаны оң аяқпен аттайды. Шашу 
шашылады. Құтты болсын айтылады. Келінді шешесі, жеңгесі, сіңлілері 
ертіп әкеледі. Қуаныш, ырду-дырду, ойын-сауық басталады. Шымылдық 
ішінде жас қыздармен отырған келінді көруге әркім-ақ асығады. Жұрт 
жиналған сәтте салтанатпен «Беташар» басталады. 
Қазан шегелеу
. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың 
үйіне екі-үш адам бірге барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. 
Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап 
қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп 
қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді. 
Қалау айту
. Біреудің жақсы малына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол 
үйдің иесіне немесе әйеліне, баласына соған лайықты бағалы бір тарту 
әкеліп, әлгі дүниені, жануарды «менің қалауым осы» деп сұрайды. Кейде 
үй иесі мұндай сыйлы, жөн-жоралғысымен келген қонаққа өзі сөз салып: 
«Бұл үйден қалаған бір заттың бар ма? Қалауыңызды айтыңыз» деп сұрап, 
қалаған затын сыйлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет