айтылады. Ол біресе «ау жар», біресе «ай ау», біресе, «бике ау», біресе «үкі
ау» деп те айтыла береді. Олардың мынадай үлгілері бар:
Буынғаным беліме кісен бе еді, ау жар ау,
Бекем бусам белімнен түсер ме еді, ау жар ау,
Әкең барып шешеңді ап келмесе, ау жар ау,
Мұндай азап басыңа түсер ме еді, ау жар ау!
Мінген де атың боз ғана, бике ау,
Күйеуің сенің боз бала, бике ау.
Өксігің сенің басылмас, бике ау,
Әлдилеп бала сүйгенше, бике ау.
Мінген де
атым жиренше, үкі ау,
Тықыршып тұрар мінгенше, үкі ау,
Қыз көңілі басылмас, үкі ау,
Әлдилеп бөпе сүйгенше, үкі ау!
Кеттің, кеттің деуші едің, кеттім, апа ай ау,
Ерттеп қойған атыңа жеттім, апа ай ау,
Шымылдығын желпе сал, көрсін апам, ай ау,
Көзінің жасын қойнына, төксін апам, ай ау!
Бұл жырдың бәрінде де әдеп, өнеге, тәлім тәрбие, халықтық салт
сана мектебінің тамаша үлгісі жатыр.
Сыңсу
(салт). «Халқымызда тұрмыс салт жырларының ең көп
тарағандарының бірі сыңсу». Ұзатылған
қыз өз босағасынан аттанр
алдында ағайын туғандарын аралайды. Былайша айтқанда қоштасады
(Бірақ бұл дәстүрлі қоштасу емес). Жеңгесін ертіп ағайындарын аралап
жүрген қыз жәй жүрмейді. Ол өзінің балалық дәуренінің, оң жақта
бұлғақтап өскен бақытты күндерінің өткендігін,
аяулы ата анасының,
туысқандарының өзін мәпелеп өсірудегі еңбегін өлеңмен айта жүріп
өксиді. Ондай өлең жырды сыңсу дейді.
Базардан келген құйысқан
Тарамай шашым ұйысқан.
Келіп кетіп жүріңдер,
Сағындырмай туысқан - деп өзінің өтінішін де айта жүреді.
Қыздың сыңсуы жарасымды әрі тәрбиелік мәні бар салтанатты салт.
Бұл адамгершілік, әдептілік жағынан алғанда да өте орынды дәстүр.
Өйткені балалық күндерден ағайын ортасынан бөлініп кету оңай іс емес.
Ал қазақтың қазіргі қыздары бұл дәстүрдің алтын арқауын үзді десе де
болады. Өйткені ауыл, үй аралап сыңсу, жылау түгілі, оң жақтан аттанарда
күліп, қуанып жүргендерін де көз көрді. Бұл ұлттық тәрбие мен ұлттық
мәдениеттің ұмытылғандығынан деп танимыз.
Достарыңызбен бөлісу: