Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет56/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Семинарлар 
оқыту формасы ретінде оқу материалын өз бетімен 
белсенді түрде меңгеруге мүмкіндік береді, терең талдау жасап, 
өзіндік баға бере білуге үйретеді. Семинар сабақтарының негізгі 
міндеттері: 
- студенттердің дәрісте меңгерген теориялық білімдерін тереңдету 
және жинақтау;
- ұлттық тәрбие теориясы бойынша ғылыми-әдістемелік, оқу 
әдебиеттерін өз бетінше ізденіп оқуы, білім қорын кеңейту, толықтыру; 
- ұлттық тәрбиенің жүзеге асырылу жолдары мен қолданбалы 
аспектілерінің әдіс - тәсілдерін оқу үрдісінде қолдану іскерліктері мен 
дағдыларын меңгерту. 
Семинарға дайындық барысында студенттердің ұлттық тәрбие 
материалдарын өздігімен дербес іздестіріп, табуы, арнайы және 
анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеудің жолдарын үйренуі олардың білім, 
іскерлік, дағдыларды берік меңгеруіне ықпал етеді. Осындай ізденістердің 
нәтижесінде студенттер өз ұлтының мәдениеті, әдебиеті, тарихы 
жайында мол мағлұматқа қанығып, білім деңгейін кеңейтеді. 
Сабақтарда белгіленген мәселе бойынша тақырыптық немесе 
проблеманы талқылау ұйымдастырудың да берері мол. Студенттер 
пікірталас барысында бір-біріне сұрақ қояды, өз көзқарасын білдіріп, 
оны дәлелдейді, сұрақтарға жауап береді. Семинар сабақтары 
студенттердің жауапкершілік, дербестілік, ізденімпаздық сияқты сапа-
қасиеттерін қалыптастырып, ой операцияларын орындау іскерлігін 
дамытып, шыңдайды. 
Конференциялар 
оқу формасы ретінде сабақтардағы қайталау мен 
тақырыптарды бекіту тәрізді әдіс-тәсілдерді қызғылықгы әрекетке 
айналдыруымен құнды да мәнді саналады, студенттердің күштерін 
жұмылдырып, 
ұлттық 
шығармашылықтары 
мен 
танымдық 
қызығушылықтарын 
арттырады. 
Студенттерді 
ұлттық 
тәрбие 
материалдарын қайталап, бекітуін қамтамасыз етіп, дискуссия барысында 
өз көзқарастарын, пікірлерін негіздеп, айқын дәлелмен жеткізе білуге 
үйретеді. 
Студенттерге өз еркімен орындайтын баяндамалардың немесе 
хабарламалардың тақырыбы алдын ала ұсынылады. Талқылауға студенттер 
түгел қатысады, әр студенттің оппонент ретінде сөз алуға дайын болуы, 
оған алдын-ала әзірленуі талап етіледі. Конференцияға дайындалу, оны 


өткізу студенттердің өзіндік жұмыс орындаудағы іскерлігі мен дағдыларын 
жетілдіреді. 
Психологтардың пікірінше, оқыту үдерісін үнемі бір деңгейде 
ұйымдастыру формалары ағзаның тез шаршауына, қабылдау мен ойлау 
әрекеттерінің тоқырауына, қызығушылығының бәсеңсуіне әкеп соғады. 
Ұлттық тәрбие материалдарын оқыту пәніне енгізуде оқу ақпараттарының 
молаюы оларды игеруде біршама күрделілік туғызады. Оқу 
материалдарын түрлендіру, құрылымы жағынан тиімді ұйымдастыру 
жұмыстары ғана жағымды жетістіктерге қол жеткізеді. Осы ретте қазіргі 
кезде жоғары мектеп тәжірибесінде кеңінен орын алған дәстүрлі емес 
сабақтар өткізу, сондай-ақ оқытуды ұйымдастырудың басқа да көмекші 
формалары қолданылады. 
Экскурсия 
оқу үрдісін қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен 
жақындастырып, студенттерге болмыстағы құбылыстар мен 
көріністердің, объектілердің өзара байланыстары мен тұтастығын жан-
жакгы танытып, ұғындыруға септігін тигізеді. Мәселен, қазақ даласындағы 
мүсіндер мен мазарлар, тау-тастардағы жазбалар сияқты тарихи 
ескерткіштерге немесе өлкетану мұражайларына экскурсияға барғанда 
студенттердің алған теориялық білімдері қорытындыланады. 
Студенттердің 
өзіндік 
жұмыстарында 
ұлттық 
тәрбие 
материалдары 
өзінің 
жаңалығымен, 
мазмұндық 
тереңдігімен, 
шығармашылық сипатымен ерекшеленеді. Студенттердің ұлттық 
менталитет негізіндегі дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтіп, 
р ухани қажеттіліктер ін қанағаттандыр ады, сырттан алған 
мағлұматтарын бір жүйеге келтіруге жәрдемдеседі. Арнайы 
бағдарламар бойынша жүргізілген СӨЖ студенттердің білімдерін 
тереңдетіп, келешектегі бағыт-бағдарын айқындауға септігін тигізеді. 
Ұлттық тәрбие материалдарын дәріс және дәрістен тыс 
шығармашылық іс-әрекеттерде, тәрбие жұмысы жүйесінде пайдаланудың 
мақсат, міндеттерінде айтарлықтай алшақтық болмағанымен, олардың 
білім мен тәрбиелік міндеттерін шешу, жүзеге асыру амалдарының 
өзіндік ерекшеліктері, бір -бірінен айырмашылықтары бар. Дәріс 
мазмұнымен салыстырғанда бұл шығармашылық әрекет студенттердің 
жеке сұраныстарын, қанағаттандырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет