Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет57/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Үйірмелер 
тәрбиелеу міндеттері мен шығармашылық ізденістерді 
үйлестіре отырып, студенттердің қабілеттері мен қызығушылықтарын 
дамытуда маңызды роль атқарады. Әдебиет, көркем өнер, ұлттық спорт 
түрлері бойынша ұйымдастырылған үйірмелер студенттердің белгілі бір іс-
әрекет саласындағы қабілеттер мен қызығушылықтар болашақ бағыт-бағдар 
тандауын қамтамасыз етеді. 


Диспут және дебаттар 
ұлттық тәрбие материалдарын игертудің 
проблемалық, шығармашылық сипатын арттыруымен ерекшеленеді. 
Диспут және дебаттарға қатысу арқылы студенттер өздерін қызықгыратын 
түрлі сауалдарға жауап алады, тың мағлұматтарға қанығады. 
Консультациялардың
атқаратын 
қызметі 
– 
ұлттық 
тәрбие 
материалдарын меңгерудегі қиындықтар мен кемшіліктерді жоюға, осы 
сала бойынша білімдерін толықтыруға көмек беру. Консультация 
оқытушының немесе ғалымдардың әңгіме-кеңестерін қамтиды. Топтарда 
жалпылама немесе жекелеген түрде жүргізілетін консультациялар 
студенттердің әдеби мұралар мен салт-дәстүр, көркемдік өнер 
жөніндегі білімдерін тереңдетіп, оны меңгеруде ішкі рухани күштерін 
жұмылдыруға ықпал етеді. 
Фолъклорлық экспедициялар 
халықтың әндері мен күйлерін, сәндік-
қолданбалы өнер үлгілерін, аңыз-әңгімелерін, туған өлкенің мәдени 
құндылықтарын ел ішінен жинау мақсатында ұйымдастырылады. 
Мұндай экспедициялар студенттерді ізденімпаздық, байқампаздық, 
іскерлік кабілеттерін шыңдап, белсеңділіктерін жетілдіреді. 
Көрмелер
өлкетану жорықгары кезінде жинақтаған қазақ халқынын 
тұрмыстық заттары, киіз үй жиһаз-жабдықгары, зергерлік әшекей 
бұйымдары және т.б. арналады. Оны ұйымдастыру жұмыстарына 
студенттердің өздерінің қатысуының білімділік-тәрбиелік маңызы 
зор. Студенттер көрмелерді өздері басқарып, пікір алмасуы, өз 
тәжірибелерімен таныстыруы олардың танымдық белсенділіктерін 
арттырып, мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сенімдерін нығайтады. 
Жарыстар, сайыстар, олимпиадалар 
студенттердің ұлттық 
тәрбие материалдары жөніндегі білім, іскерлік, дағдыларын 
жетілдіріп, қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуда тиімді 
ұйымдастыру формалары болып табылады. 
Ғылыми-шығармашылық бірлестіктер мен клубтар 
студенттердің 
ұлттық тәрбие материалдары саласынан білімдерін тереңдетіп, 
ғылыми ізденіске бағыттайды. Студенттер педагогтардын, ғалымдардың 
жетекшілігімен проблемалық топтарда ғылыми-теориялық, ғылыми-
практикалық конференцияларына баяндамалар, мәнжазбалар дайындап, 
оларды көпшілікте қорғайды. Ізденіс барысында ғылыми қосымша дерекер 
жинап, оларды теориялық және практикалық тұрғыда негіздеп, өзара 
байланыстарын көрсетеді, сөйтіп, ғылыми зерттеу жұмыстарының 
талаптарын меңгереді. 
Ұлттық тәрбие материалдарын жоғары мектептің оку үрдісінде 
пайдалану оқыту әдістері арқылы жүзеге асырылады. Атап айтсақ: 
сөздік әдістер, көрнекілік әдістер (яғни қоршаған ортадағы заттар, 
құбылыстар, көрнекі құралдар), практикалық әдістер (іс-әрекеттер 


нәтижесінде меңгерілетін білім мен іскерліктер). Олар ұлттық тәрбие 
материалдарын меңгертуде нақты міндеттерді атқарады. 
Әңгіме
қысқа мерзім ішінде үлкен көлемдегі деректерді жеткізуге 
көмектеседі. Қазақ би-шешедерінің сөздерінен келтірген үзінділер 
студенттердің қызығушылығын арттыруға, әңгімені әрі қарай өрбітуге 
септігін тигізеді, сөйтіп, оқу мазмұнын қабылдауға және оны есте сақгауға 
жәрдемдеседі. Шығармаларды қабылдай отырып, студенттер жалпы 
мағлұмат алумен қатар, салыстырып, талдау жасайу арқылы 
қорытындылайды. 
Д и с к ус си я
не м ес е 
п ік ір та ла с
с т уд е н т т е р ді ң
қ а б ы л д а й т ы н м а тер и ал д ы меңгеру қабілетін арттырады. Дискуссия 
тақырыптары студенттерге өз ойларын логикалық жүйемен жеткізуге, 
көзқарастарын дәлелдеуде пікір таластырып, ойын тұжырымдай білуге 
машықгандырады. 
Ғылыми дерек көздерімен жұмыс 
студенттерді өздігімен дербес 
ойлауға баулиды. Халық шығармашылығы, салт-дәстүрлері жайындағы 
ғылыми деректерді оқып, мазмұнымен танысу арқылы этнографиялық 
мәтіндермен жұмыс жасау, олардағы мағлұматтарды игеру тәсілін 
үйренеді, ең бастысы, ой-тұжырым, өзіндік пікір қорытуға икемделеді. Ал 
бұл ұлттық тәрбие материалдарына қызығушылықтарының артып, 
білімдерінің тереңдей түсуін қамтамасыз етеді. 
Студенттерге ұлттық тәрбие беру формаларымен бірге тәрбие әдістері 
де жүйелі қолданылуы керек. 
Көрнекі әдістер 
әдетте сөздік және практикалық әдістермен 
тығыз байланыста қолданылады. Оларды шартты түрде 
иллюстрациялау және демонстрациялау деп екіге бөліп қарастырады. 
Тәрбие шаралары барысында б е й н е қ ұ р а л д а р д ы п а й д а л а н у
студенттерд і ң
қызығушылығының 
оянуына 
түрткі 
болады. 
Графикалық жаттығу
 
жасату кезінде ұлттық тұрмыстық дүниелер, ұлттық 
киім үлгілерін дайындау, олар туралы мағлұмат беру өмірде қолдана білуге 
көмектеседі. 
Ұлттық тәрбие материалдары арқылы студенттердің сана-сезімін, іс-
әрекеті мен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру және жағымды 
мінездерін қалыптастыру мүмкіндіктері туғызылады. 
Сендіру
- адамгершілік, өнегелік жайлы түсінік, ұғымдарын 
қалыптастыруды және жағымсыз қылықтардан арылтуды көздейді. Бұл 
орайда би-шешеңдердің тәрбиелік, адамгершілік қасиеттер жөніндегі өсиет 
сөздерін, тағылымды ой-тұжырымдарын қолданған жөн. 
Педагогикалық талап қою
әдістерінде ғылыми педагогикада 
қарастырылатын әдіс түрлерімен бірге тұспалдап айту, сенім арту сияқты 


қазақ халқының педагогикалық іс-әрекет тәжірибесінде жинақталған әдіс-
тәсілдерді кеңінен қолдануға болады. 
Жаттықтыру әдістері
студенттерге қажетті мінез - кұлық пен 
дағдыларды игерту мақсатында қолданылады. Мысалы, орынды сөйлеуге, 
мәдениеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу жаттыктыру әдісін пайдалану 
арқылы жүзеге асады. 
Ынталандыру 
әдістерінің 
жағымды 
дағды, 
әдеттерін 
қалыптастыруда оны моральдық нормаларға айналдырудың маңызы зор. 
Жақсы іс-әрекеттері үшін марапаттағанда мадақтау, көтермелеу, қолдау, 
бата беру, тілек тілеу, ал теріс қылықтары үшін жазалағанда реніш
наразылық білдіру, намысына тию, сөгіс беру, ескерту сияқты әдіс-
тәсілдерін қолданудың әсері зор. 
Этикалық әңгімелер
моральдық нормаларды түсіндіріп, адамгершілік 
қасиет-сапаларды ұғыңдыруға, жағымды қасиеттерді бойына дарытуға 
көмектеседі. Әңгіме әсерлі, айшықгы келсе, бейнелі мысалдармен 
әсерлене айтылса, жақсы нәтижелерге жеткізеді. 
Түсіндіру 
құбылыстардың 
әлеуметтік, 
адамгершілік, 
эстетикалық мазмұнын ашу, мән-маңызына назар аудару, адамдардың іс-
әрекеті мен қарым-қатынасын бағдарлай білуді калыптастыру болып 
табылады. 
Сонымен, ұлттық тәрбие материалдарын жоғары мектептің оқу-
тәрбие ісіне пайдалануды бүгіні күн талабынан туындаған инновациялық 
үрдіс ретінде қарастырсақ, оны жүзеге асырушы оқытушы екені белгілі. 
Ұлттық тәрбие материалдарын оқу-тәрбие жүйесінде ғылыми 
зандылықтармен, жеке қағидалармен ұштастыра отырып, осы заманғы 
білім технологиялары мен формалары арқылы шеберлікпен, 
шығармашылықпен қолдана білгенде ғана педагогикалық ізденіс 
саласында тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады. 
Ұлттық тәрбие материалдарын жоғары мектептің оку-тәрбие 
үрдісіне оңтайлы ендіру үшін ең алдымен оны әдістемелік жағынан 
қамтамасыз ету қажет. Нақтырақ айтқанда, біріншіден, осы саладан 
оқытушылар даярлығын жүзеге асыру, екіншіден, оқу-тәрбие үрдісіне 
қажетті әдістемелік кешендер даярлау қажет. Осы орайда ұсынылған 
«Ұлттық тәрбие негіздері» элективті оқу пәнінің мазмұнында студенттерді 
теориялық білімдермен қаруландырудағы ұлттық тәрбие берудің 
мүмкіншіліктерін көрсететін оқытуды ұйымдастырудың түрлері мен 
әдістері анықталды. Ол үшін жоғарыда талдап көрсетілген жоғары 
мектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары мен әдістері негізге алынды. 
Студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын сабақтары 
жүйесінде Республика туралы, ұлттар мен олардың мәдениеті туралы, 
олардың дәстүрлеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар жөнінде 


әңгімелер өткізіледі. Сонымен қатар, курстың жүргізілу барысында 
декоративті - қолөнер бұйымдарын, ұлттық киімдерді, тұрмыстық заттары 
көрсетіліп, ерекшеліктері түсіндірілді. Бұл өз ұлты жөнінде көбірек 
мәлімет жинауға, мәдениетіне деген қызығушылықтарын туғызуға негіз 
болады. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты халқымыздың 
тарихына, мәдениетіне, дәстүріне деген құрметі мен қызығушылығы арта 
түсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет