Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет58/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Дәріс сабақтарының жоспары 
Дәріс № 
Тақырыбы: Ұлттық тәрбиенің мақсаттылық заңдылықтары. 
Жоспар:
1. Ұлттық тәрбиенің мақсаттылық заңдылықтары. 
2. Ұлттық тәрбие заңдылықтарының топтастырылуы. 
Дәріс тезистері: 
Қоғам – белгілі қағидаларға байланысты ескі кетіп, жаңа келіп 
өзгеріп отыратын құбылыс. Ендеше ол - тарихи категория. Әлеуметтік 
ережелер де тарихи-экономикалық, тарихи-мәдениеттік тұрғыда өзгеріп 
отырады. Ал, қандай өзгерістер болмасын оны дамытатын қарама-
қайшылықтар оқу-тәрбие үрдістерінде шешімін тауып отырады. Себебі, 
олар жеке адамның дауындағы қозғаушы күші ретінде қызмет етеді. 
Жеке адам - әлеуметтену барысында өзін-өзі тәрбиелеуге істеген 
ісіне жауап беруге, яғни өзіндік сана-сезімінің қалыптасуына өзі ықпал ете 
алады. Дегенмен де, адамның әлеуметтенуі - өмір бойы үздіксіз жүріп 
отыратын үрдіс. Әлеуметтену деңгейі еңбекке дейін, еңбек ету қарсаңында 
және еңбектен босау кезеңі тәрізді үш кезеңнің барысында қалыптасады. 
Бұл үш кезеңнің қайсысында болмасын адамның танымдық, эмоциялық 
және еріктік компоненттері дамиды. Адам әлеуметтену барысында белгілі 
рөлдерді атқарып, сол рөлдер арқылы әлеуметтік ортада белгілі бір 
орындарын алады. Әлеуметтену үрдісінің мазмұны жалпы қоғамдық, 
ұжымдық, халықтық және ұлттық мазмұнға ие болады. Себебі, бұл 
қоғамдық категориялар өзінің болмыс тіршілігіне, әдет-ғұрпына 
байланысты өзіндік талаптарын, жүріс-тұрыс нормаларын адам бойына 
дарытуға тырысады. Сөйтіп, тәлім-тәрбие және оқыту жеке адамның 
әлеуметтену негізі бола алады. Жеке адамның әлеуметтенуі көптеген 
жағдайлардың әсер ету нәтижесінде жүзеге асады. Ендеше, белгілі ортада 
жеке адамның жүріс-тұрысының белсенділігі осы жағдайлардың әсер 
етуіне байланысты болады. 
Адам – қоғам дамуындағы шешуші фактор. Ол өзінің тыныс-
тіршілігі, өмірге араласуы арқылы қоғамды елеулі, тіпті шешуші 
өзгерістерге де ұшыратады, адам қоғам өмірінде жасампаздық қызмет 


атқарады. Егер біз адамды қоғам дамуымен байланыстыра қарасақ шын 
мәнінде, оның көптеген қасиеттері, мысалы, адамгершілік, гуманизм 
тұрғысынан қоғамның тарихи дамуының жемісі екенін айқын көруге 
болады. Оның барлық өмірі қоғам дамуына белсене араласуымен 
сипатталады. Мысалы, қоғамды дамыту, оны қалыптастыру, жүзеге асыру 
оның дамуына дер кезінде өзгерістер енгізіп отыру. 
Әр адам өзінің қызметінде алға қойған мақсаттарын халықтың өмір 
қажетіне, тарихи кезеңге сай іске асыруға ден қояды. Соған жан-жақты 
араласу үшін өмір талабын жүзеге асырарлықтай қабілеті болуы керек. Ал 
қабілеттілік адамның қолы оңай жете беретін қасиет емес. Ол тарихи 
дамуды игерудің, соған бейімделіп еңбек етудің нәтижесінде келеді. 
Адам қоғам дамуына қаншалықты белсене қатынасса, соншалықты 
оның қабілеті, қайтарымы мол болады. Адам қабілетінің үнемі артып 
отыруы оның ішкі-сыртқы қайшылықтарды игере білуіне байланысты. Бұл 
жағдай адамдардан қоғам дамуының барлық саласына араласуды, оған 
бейімделуді, сол арқылы күрделі процестерді шешіп отыруды талап етеді. 
Әрине, барлық адам бірдей емес, ол – табиғи заңдылық, Әр адам өзінің 
қабілет-қарымына қарай әрекет етеді. Шын мәнісінде қоғамның даму 
заңдылықтарын адамзат бәрі бірдей жете игеріп, түсіне бермейді. 
Сондықтан олардың өмірге қатысуы да сан қилы. Мұның бәрі адамның 
шынайы қабілетіне, талпынысына, еңбегіне, ғылыми, діни білім сапасына, 
дәрежесіне, алған тәрбиесіне байланысты дейтін болсақ, соның өзінде адам 
қоршаған табиғи, әлеуметтік ортаға тәуелді бола отырып, белгілі бір 
нәрсеге соны игеру нәтижесінде қолы жетеді. 
Тәрбие туралы ғылымда оның мазмұнындағы, ішкі және сыртқы 
байланыстарының шынайлылығындағы мәнді элементтері болып танылатын - 
ұлттық тәрбие заңдылықтары. К.Д. Ушинский педагогикалық әрекеттің нәтижелі 
болуы үшін оның заңдарын және белгілі бір жағдайда сол заңдарға сәйкес басқару 
және әрекет жасау керектігін атап көрсеткен. Әр ғылым заңды байланыстар 
ашуға, сондай-ақ практикалық қызмет пен жаңа зерттеулерде - әдіснамалық негіз 
ретінде түсіндіріп, пайдалануға ұмытылады. Зерттеу барысы анықтағандай, 
педагогикалық тәжірибені, оның ішінде ұлттық тәрбиені педагогикалық 
заңдылақтар, теориялық жинақ қорытындылар ретінде пайдалану тиімді. Тәрбие 
үрдісінде бірнеше рет қайталанатын, нақты мәнді байланыстарды жүзеге асыру, 
жеке тұлғаны қалыптастыру мен тиімді нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. 
Жалпы педагогикалық заңдардың ұлттық тәрбие мазмұнының заңдары мен 
топтастырылуын зерттеуі оны ғылым ретінде қалыптастыруда әдіснамалық негіз 
болып табылады, себебі, тәрбие туралы ғылымның құрамдас бөлімі ұлттық 
тәрбие беру мазмұнынан тұрады. 


Ұлттық тәрбиенің ғылым саласы ретінде заңдылықтарын бөліп көрсету 
жалпы тәрбие заңдарын қарастыруда белгілі бір тәсілдерді алдын-ала талдауды 
қажет етеді. 
Зерттеушілер педагогикалық заңдарға мыналарды жатқызады:
- Тәрбиенің адамдар тіршілік әрекетіндегі ерекше ортасы ретінде, 
қоғамдық ортаның объективті және субъективті факторларының жиынтығына 
тәуелділігі. Тәрбиеленушілердің әрекеті қаншалықты қоғамға пайдалы 
ұйымдастырылса, олардың қатынасы соншалықты ұтымды болады, ал тәрбие 
үрдісі тиімдірек жүргізіледі. 
- Барлық тарихи кезеңдердегі тәрбиенің сипаты өндірістің объективті 
қажеттіліктерімен және қоғамның билеуші таптарының мүддесімен анықталады; 
- Біртұтас педагогикалық үрдістегі оқыту мен тәрбиелеудің бөлінбейтін 
бірлігі. 
Кейбір авторлар тәрбиенің тиімділігін анықтайтын педагогикалық 
заңдылықтарын төмендегідей бөліп көрсетеді: 
- тәрбиеленушілер арасындағы өзара қарым-қатынастарының сапасы мен 
қарқындылығы; 
- тәрбие мен өзіндік тәрбиенің қарқындылығы; 
- тәрбиенің бағыты мен әлеуметтік практиканың сәйкестігі; 
- қалыптасқан тәрбиелік қатынастар. 
- мақсаттылық заңдылықтары; 
- тәрбие үрдісінің мазмұнын сипаттайтын заңдылықтар; 
- тәрбиенің технологиясы мен ұйымдастырылуының заңдылықтары. 
Жоғарыда атап көсетілген тәрбие заңдылықтарының салыстырмалы 
талдауы және педагогикалық заңдылықтардың табиғатына деген басқа 
көзқарастар, 
этнопедагогикалық, 
фольклорлық-тарихи, 
этнологиялық 
зерттеулердің теориялық жинақтау ұлттық тәрбиенің заңдылықтарын 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жалпы тәрбие заңдылықтары сияқты ұлттық 
тәрбие заңдылықтарын екі топқа бөліп көрсетуге болады: 
А) Ұлттық тәрбиенің мақсаттары объективті және олар ұлттық 
психологияның ерекшеліктерімен, өмірдің әлеуметтік, тарихи, экономикалық 
жағдайларымен анықталады; 
Ә) Болашақ ұрпақты өмір сүруге даярлаудың қажеттігі кешенді 
мақсаттарға сүйенеді - ұлттық мәдениетімен, өмірдегі әдет-ғұрыптарының 
ерекшеліктерімен анықталатын жетілген тұлғаны тәрбиелеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет