Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет67/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Бақылау тапсырмалары
1. Балаға шежіре үйрету қай жастар аралығында басталады? 
А) 7-8 
В) 7-9 
С) 8-9 
D) 9-10 


Е) 6-9 
Дұрыс жауабы – В 
2. Қазақ баланы сүндетке отырғызуды қай жаста жасаған? 
А) 7-8 
В) 9-10 
С) 5-6 
D) 6-7 
Е) 8-9 
Дұрыс жауабы – А 
3. Балаға ат қоюды туғаннан кейін неше күн өткесін қойған? 
А) 50 
В) 40 
С) 30 
D) 20 
Е) 10 
Дұрыс жауабы – В 
4. Қазақтың бала тәрбиесіндегі ерекшелігі туралы жазушы 
А) Паллас 
В) М. Поло 
С) К. Маркс 
D) А.Левшин 
Е) Р.КАрлос 
Дұрыс жауабы – Е 
5. Жас нәрестенің денсаулығын түзеуде қандай тәрбиенің маңызы зор? 
А) ақыл-ой тәрбиесі 
В) еңбек тәрбиесі 
С) қолөнер 
D) оқу 
Е) дене тәрбиесі 
Дұрыс жауабы – Е 
6. Қазақта бата беру кімге ұсынылады? 
А) балаға 
В) қызға 
С) анаға 
D) ақсақалға 
Е) ер жігітке 
Дұрыс жауабы – В 
7. Қазақта сәбиге бесік әкелетін ағайындары? 
А) атасы 
В) әкесі 
С) нағашылары 


D) жиендері 
Е) әжесі 
Дұрыс жауабы – С 
8. Шежірені жас балаға неше жасына үйретеді? 
А) 6-8 
В) 7-9 
С) 20 жасынан 
D) 18 жас 
Е) 1 жасынан 
Дұрыс жауабы – В 
9. Бала қаз тұрып жүре бастаған кезде жасалатын салт-дәстүр 
А) тұсау кесер 
В) бесікке бөлеу 
С) бесік той 
D) сүндет той 
Е) бәрі дұрыс 
Дұрыс жауабы – А 
 
Дәріс № 
Тақырыбы: Ұлттық тәрбие және еңбек әрекеті 
Жоспар:
1. Ұлттық тәрбиедегі еңбекке қатынастардың дамуы. 
2. Ұлттық тәрбиедегі еңбек тәрбиесі мазмұнының деңгейлері. 
Дәріс тезистері:
Қазақ халық педагогикасындағы ұлттық тәрбиенің мақсаты мен 
міндеттері халықтың ғасырлар бойы жинақталған еңбек тәжірибесінен 
туындаған. Оларға өткендегімен сабақтастықта байланысып, қалыптасқан 
еңбек дәстүрлері көрініс тауып, дамыған. Халық ұлттық тәрбиенің 
мақсатын адамзат тіршілігінің бірінші және негізгі шарты еңбек болып 
саналады деген өзінің терең ұғымдық түсінігіне байланысты анықтаған. 
Сондықтан қазақ халық педагогикасында еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты 
жас ұрпақты еңбекке, қоғамдағы өмірге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу 
болып саналады. Халықтың ауызекі шығармашылығында және халық 
педагогикасы 
ескерткіштерінде 
бұқара 
халық, 
кедей-шаруалар, 
қолөнершілер балалары еңбек тәрбиесінің идеялары мен тәжірибесі көрініс 
алған. 
Ұлттық тәрбиелік зерттеулер еңбек тәрбиесінің төмендегідей құрамдас 
бөліктерін анықтауға мүмкіндіктер берді: еңбек қажеттілігін сезіну, 
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, еңбек, оның нәтижесіне деген құрметті тәрбиелеу; 
еңбекке деген қажеттілікті дамыту, өзара көмек көрсетуге; Ата-аналардың, 


үлкендердің өнегесі, қоғамдық пікір, еңбек сүйгіштік, кез келген еңбекке деген 
психологиялық даярлық. 
Зерттеулер қорытындылары көрсеткендей ұлттық тәрбиедегі еңбек 
тәрбиесі мазмұны шартты түрде үш деңгейге бөлінді: 
- ақыл-ой, ойын, ойыншық, ән-жыр, ертегі т.б. арқылы моральдық - 
психологиялық тұрғыдан еңбекке дайындығын қалыптастыру; 
- қосымша жұмыстарға араластыру, алғашқы еңбек дағдыларын 
қалыптастыру, жынысына қарай бөлінетін жұмыстармен таныстыру; 
- негізгі еңбек түрлеріне деген тұрақты дағдыларын қалыптастыру, өнімді 
еңбекке біртіндеп баулу, отбасындағы барлық еңбек түрлеріне қатыстыру. 
Еңбекке дайындық еңбек нәтижелеріне деген қатынасты тәрбиелеумен 
дамытылады. Өнегелі ұрпақ бойында кез келген еңбекке деген құрметті 
қалыптастыруға, өзгенің меншігіне қол сұқпауға тәрбиелейді. Этнографиялық 
байқаулар көрсеткендей, қажетті деңгейде еңбек дағдыларын игеру үшін, іс 
жүзінде әр түрлі шешімдер қабылдау үшін білім және интеллектуалдық даму 
деңгейі қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет