қолданбалы педагогикалық озық технологияларға сүйене отырып, ұлттық
тәрбие мәселелерін одан ары ғылыми негiздеп, қайта жаңғырту мен дамыту
бүгiнде өмір талабы болып отыр. Ұлттық
тәрбие мұраларын жоғары оқу
орны iс-әрекеттерiнде барынша пайдалану – қазiргi кездегi жоғары
мектепке қойылып отырған педагогикалық талаптардың бiрi. Сонымен
қатар, жоғары мектепте педагогикалық үрдісті ұлттық негізде
қалыптастыру мәселелерін жетекшi ғалымдардың зерттеулері қатарына
жатқызған ғылыми еңбектер мен педагогикалық
тәжiрибелер молынан
жинақталып келедi.
Қоғамның ұлттық негізде жаңаруы жоғары мектепте ұлттық тәрбие
ісін дамытудағы жетекші фактор болып саналады. Бұл оқу орындары
жұмысын ұлттық негізде құру, яғни ұлтымыздың өмірінен орын алған
ұлттық білімдер жүйесін тандап, соның негізінде
студенттерді даярлау
қажеттігін дәлелдей түседі. Біз ұлттық білімдер ұғымына түсінік бере
отырып, ұлттық тәрбие терминін қолдану тиімділігінің және оку орындары
тәжірибесінде пайдаланудың тиімді жақтары ғылыми дәлелденді.
Жоғары оқу орны студентін ұлттық түрғыдан қалыптастыру басқа
әрекет түрлері сияқты іздену, зерттеу, оған жүйелі келу арқылы жаңа
нәтижеге жетуді танытатын құбылыс. Бұл үрдісте алдымен оқу-тәрбие ісін
ұлттық
негізде
ұйымдастыру
жұмыстарымен
танысып,
оны
ұйымдастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін ғылыми ой-пікірлерге
сүйеніп жасау қарастырылды. Мұнда студентті ұлттық негізде
қалыптастыру ісі, оның тұлғалық қасиеттерін
дамытумен сабақтас екені
айтылады.
Оған негіз болатын адамгершілік қасиеттер ұлтымыздың тарихи
дамуында әр түрлі қиыншылықгарды бастан кешіру жағдайында
қалыптасқанын көрсетеді. Біз ұлттық ерекшеліктер негізінде қалыптасқан
студент тұлғасы деп- оның әрекетін таныта алатын,
оқу материалдарын
орынды іріктеп, оқытуда ұлттык әдіс-тәсілдерді, құралдарды пайдалану
арқылы жас ұрпақты ана тілінде сөйлеуге, әдет-ғүрып пен салт-дәстүрді
құрметтеуге, ұлттық мәдениетті дамытуға бейім және қазақи менталитет
элементтері орын алатын тұлғаны айтамыз.
Бүгiнгi таңда ата-бабаларымыз көне ғасыр қойнауынан сақтап келген
ұрпақ тәрбиесi жөнiндегi мол тәжiрибелерi негiзiнде жас ұрпаққа ұлттық
тәлiм-тәрбие беру мүмкiндігi туып отыр.
Жас ұрпаққа осы кезге дейiн
жинақталған озық педагогикалық технологиялар мен тәжiрибелер негiзiнде
жан-жақты тәрбие беру маңызды міндет деп есептейміз.