Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет29/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

 
Мақсаты 

ұлттық тәрбие беру іс-әрекетіне теориялық-практикалық 
дайындықтарын, ұлттық тәрбиені жүзеге асыру деңгейлерінің диагностикасы 
және оның әдістемелерін қалыптастыру. 
Қазіргі 
ұлттық білім берудің мазмұны
- студенттердің ұлттық 
тәрбиесінің ғылыми негіздері туралы білім жүйесінен, ұлттың тарихына, 
тіліне, мәдениетіне, дәстүріне деген жауапкершілікті қатынасынан тұрады. 
Осы мазмұннан туындайтын келесі 
тұжырымдамалық қағидалар

қоршаған орта мен ақиқатты бағалауын қалыптастыру; өз халқының тарихи-
батырлық оқиғаларына эмпатиялық қатынасы; ұлттық мәдени құндылықтарды 
меңгеруге қызығушылықтарын дамыту; қазақ ұлтының мәдениетін өзге ұлт 
студенттерінің меңгеруін қамтамасыз ету; студенттердің патриоттық 
ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру. 
Ұлттық тәрбиелілік білім беру мазмұны этнопедогогиканың теориялық-
әдіснамалық қағидаларына; этномәдени білім тұжырымдамаларына; қазақ 
философиясы идеяларына; ұлтжандылық қағидаларына; ұлттық тіл 
басымдылығына негізделе құралады. 
Ұлттық тәрбиелілік білім – біртұтас педагогикалық үдерістің құрамдас 
бөлігі. Сондықтан, ұлттық тәрбиелілік білім беруде біз, білім берудің 
классикалық тұғырлары мен қалыптасу тарихына негіз жасауымыз келесі 
тұжырымдамалық қағидаларды құрайды
(В.В.Краевский [120], В.С.Леднев 
[123], И.А.Лернер [121], М.Н.Скаткин [119]). 
Ұлттық тәрбиелілік білім мазмұны – дәріс, семинар, зертханалық оқыту 
формаларының жүзеге асырылуы, аудиториядан тыс СӨЖ, педагогикалық 
тәжірибе, ҒЗЖ, курстық, дипломдық жұмыстар орындау, тақырыптық кештер, 
дөңгелек үстел, әдеби-музыкалық кештер, пікірталастар, конференциялар, 
сайыстар, олимпиадалар ұйымдастыруда жүзеге асырылады. 
Әдістері:
әңгімелесу, пікірлесу, тренингтер, тестілеу, түсіндіру, талқылау, жаттығу, 
көрсету т.б. 
Студенттерге ұлттық тәрбие беруді жүзеге асырудың педагогикалық 
шарттары оның тұжырымдамалық қағидаларын құрайды. Ол шарттардың 
мазмұны: оқу жабдықтары, оқу құралдары, оқу - әдістемелік, дидактикалық 
және үлестірмелі материалдармен қамтамасыз етілуі; тұжырымдамалық 
қағидаларды жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі; ұлттық 
тәрбие жүйесін жасау және оның апробациясы; студенттердің ұлттық тәрбие 


беру іс-әрекетіне дайындық деңгейін анықтаудың өлшемдері мен 
көрсеткіштерін жасау; ұлттық тәрбие беру мазмұнын ашатын оқу 
материалдарын таңдау; педагогика, этнопедагогика курстарының оқу 
бағдарламаларына қосымша ұлттық тәрбие беру курстарының оқу-әдістемелік 
кешендерін, оқу құралдарын дайындау; элективтік оқыту курстары мен 
семинарлар бағдарламаларын дайындау; студенттердің ғылыми-зерттеу 
жұмыстары мен оқыту зерттеушілік ғылыми жұмыстарға қатысуын 
қамтамасыз ету ұлттық тәрбие беруді мазмұндық ұйымдастырудың шарттары 
болып табылады. 
Қазіргі кезеңде Қазақстанда білім және тәрбие беру саласындағы 
саясаттың негізгі бағыттарының бірі — жастарды демократиялық 
өркениеттілік мемлекетте өмір сүре білуге, қоғамдық жауапкершіліті көтеруге 
дайын ерікті азаматтарды құндылығы жоғары, адамгершілік мақсатқа бағыттап 
тәрбиелеу. 
Қазақстан республикасының тәуелсіздік алуымен байланысты жоғары 
оқу орындарында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесін ұлттық негізде 
құру осындай қажеттіліктер негізінде туындап отыр. Бұл тұрғыдан 
қарастырғанымызда жаһандану жағдайында ұлттық тәрбие мәселесі қоғамға 
қажетті әрі жеткілікті әр ұлттың өзіне тән менталдық құндылықтарын 
қалыптастырумен байланысты. Біздер жоғарыда қоғамдағы түбегейлі 
әлеуметтік өзгерістерге байланысты пайда болған жаңа тәрбиенің белгілерін 
анықтайтын тәрбие үрдісінің негізгі мәселелерін жаңа әдістемелік 
шешімдермен қарастыратын модель мүмкіндігін көрсетуді жөн көрдік. 
Ұсынылған модельде біз студенттердің ана тілінде сөйлеуі, өз ұлтының 
салт-дәстүрі мен мәдениетін, әдебиеті мен өнерін, тарихын тануға үйрету 
арқылы ұлттық тәрбиелілігін қалыптастыруды көздедік.
Көрсетілген компоненттердің өзара байланыстылығы мен тұтастығын 
ескере отырып, ұлттық тәрбие қалыптасуының келесі өлшемдері мен 
көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік алынды. Сондықтан ең алдымен моделді 
құруға қажетті тәсілдер және оның мазмұны, жүйесі алдын-ала ойластырылды. 
Модельде қазіргі жоғары мектептің педагогикалық үрдісі, тәрбиені 
ұйымдастырудың негізгі талаптары, тәрбиенің тәсілдері, тәрбие нәтижесінің 
тәжірибемен байланыстылығы көрсетіліп, моделде алдын-ала болжау 
қағидаларымен айқындалды. Осындай құрылған модель негізінде ғана тәрбие 
жүйесінің проблемасы шешілумен қатар, оның құрылымдық мазмұны 
ашылады. Моделдің мазмұнын жүзеге асыру эксперименттік зерттеулер 
үрдісінде мүмкін екенін атап өткен жөн. 
Жоғары мектеп студенттеріне ұлттық тәрбие беру жүйесінде болатын 
құрылымдық-мазмұндық өзгерістерге жүйелік түрғыдан талдау жасау арқылы 
зерттеу проблемасының төмендегідей моделі ұсынылады. 
Ұсынылып 
отырған 
модель 
негізінде 
оқу
-
тәрбие 
үрдісін 
ұйымдастыруда
зерттеушi ғалымдардың еңбектерi
талданып, ұлттық тәрбие 


мұралар
дың тәлімдік мүмкіндіктері
бас
ты назарға
алынып, оны теориялық-
әдіснамалық негіздеумен қатар, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасауда 
педагогикалық үрдісінте қолданыста жүрген әдістемелік құралдар мен тәрбие 
бағдарламаларына төмендегідей мазмұндық талдаулар жасалды
.
Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінің оқу-тәрбие үрдістерін 
ұлттық негізде жүргізу үшін қазіргі таңда өскелең ұрпақтың ұлттық 
құндылықтарын дамытуға мүмкіндік беретін біршама бағдарламалар 
жасалған: «Атамекен» бағдарламасы (М.Құрсабаев) [258, 37-43б.б.]; «Сенім» 
бағдарламасы (А.Қыраубаева) [265]; «Кәусар бұлақ» бағдарламасы 
(З.Ахметова) [266]; «Қыздар әліппесі» (К.Адамова, К.Қожахметова, 
Л.Сырымбетова) [267]; «Әдеп әліппесі» (С.Қалиев) [268]; «Ізгілік әліппесі» 
(С.Ғаббасов) [269]; «Алтын көмбе» (Ж.Өтеев) [270]; «Дәстүр» (Ә. Сәдуақасов) 
[271]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет