Педагогикалық шарттары
Педагогикалық процесте студенттерге ұлттық тәрбие берудің кешенді
Сурет 5 – Студенттерге ұлттық тәрбие берудің құрылымдық – мазмұндық
моделі
Мектептегі оқушылар ұжымдарында ұлттық тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыруға арналған «Атамекен», «Кәусар бұлақ» бағдарламалары 1992
жылы қабылданды. Сол кезеңдерде аталған бағдарламалар бойынша жұмыс
жасаған балалар ұйымдары «СМиД» (Ақтөбе), «Нұр тамшы» (Атырау), «Жас
ұрпақ» (Қызылорда) және Қазақстан скауттар ұйымы (Павлодар) ұлттық
тәрбие берудегі іргелі ізденістердің жоғары ғылыми мазмұндылығын көрсетті.
М. Құрсабаевтың авторлығымен дайындалған
«Атамекен»
бағдарламасын
[258], мазмұндық тұрғыда талдасақ, ұлттық өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып,
оқу-тәрбие жұмысының жаңа үлгісін ұсынуға негізделгенін көруге болады. Бұл
бағдарламаның мазмұндық компоненттеріне «Салт», «Толғау», «Шежіре», «Асыл
мұра», «Шаһар», «Жібек жолы», «Сөнбес жұлдыздар», «Салт бағыты», «Домбыра
дастан», «Наурыз», «Зергер», «Төрт түлік», «Көкпар», «Қасиет», «Ас», «Балалар
өсиеті», «Зерде», «Құсбегі», «Қыз бен жігіт», «Заман-ай», «Алыстағы бауырлар»,
«Достық», «Ардагер», «Ою-өрнек», «Ата-ана», «Шариғат-құран», «Сәби»,
«Қайырымдылық»бағыттары кірді. Бағдарламаның іс-әрекеттік компоненті
құрылымының алдында балалар мен ересектерді біріктіретін ауылдық, аудандық,
облыстық аймақтық «Атамекен» ордасын құру; «Елім-ай» атты ұлттық-
этнографиялық іскерлік, шығармашылық-көріністік ойындарын өткізу; өз туын,
эмблемасын, төсбелгісін, ұлттық киім формасын иелену; әрбір мектепте тарихи
ұлттық-географиялық мұражайлар ашу сияқты шаралар қамтылды.
«Атамекен» бағдарламасында оқушылардың ақыл-ойын, еріктік-сезімдік
ұлттық қасиеттерін өркениеттік және халықтық тәрбие түрлерімен кіріктіре 11 бағыт
бойынша жас ұрпақтың бойына дарыту көзделеді. Аталған бағыттардың мазмұндық
топтамалары төмендегідей:
1.
Мәдениеттану бағыты (Ою-өрнек. Салт-дәстүр. Шаһар. Асыл мұра.
Дін тарихы. Қасиет).
2.
Сөнбес жұлдыздар бағыты (Ардагер. Ғұмыр мен ғалам. Зерде.
Тұран-Түркістан).
3.
Руханият бағыты (Әлем діндері тарихы. Шариғат-Құран. Толғау.
Бабалар өсиеті).
4.
Ұлттық өнер бағыты (Көкпар. Бейнелер сыры. Ас. Зергер. Дулыға.
Құсбегі.).
5.
Ата кәсіп бағыты (Төрт түлік. Сауда. Асыл мұра).
6.
Ұлттық ойындар бағыты (Көкпар. Жас қыран).
7.
Этномәдениет бағыты (Қыз бен жігіт. Достық.Ана тілі. Ата-ана).
8.
Имандылық-ізгілік бағыты (Наурыз. Алыстағы бауырлар. Тәңір-
нама. Қайырымдылық).
9.
Ұлттық дүниетаным бағыты (Жақсылық пен жамандық. Қасиет).
10.
Табиғат тылсымы бағыты (Заман-ай. Тұран күнтізбегі. Жібек
жолы).
11.
Сыр мен сымбат бағыты (Қыз бен жігіт. Сәби. Домбыра-дастан).
Жоғарыда көрсетілген бағыттардағы ұлттық тәрбие беру идеялары жан –
жақты талданып, жаһандану жағдайында ұлттық тәрбие беру жұмыстары өз
ерекшеліктеріне сай түрлі ұйымдастыру тәсілдері бойынша жүзеге
асырылады. Олар: кездесу кештері; тарихи жерлерге, театрлар мен
мұражайларға саяхат; еңбек ардагерлері мен өнер қайраткерлерінің естелік
әңгімелері; викториналық саулнамалар; оқушылар конференциялары мен
жиындарындағы баяндамалар; спорт ойындары сайыстары, мектепаралық
спартакиадалар; өнер сайыстары, оқушылар айтыстары, қолөнер көрмелері;
қыз сыны, жігіт сұлтаны байқаулары; жас журналистер жарыстарын
ұйымдастыру; оқушылардың ғылыми конференциялары мен пәнаралық
танымдық-интеллектуалдық олимпиадалары; дөңгелек үстелдер, пікірталас
және дебат сайыстары.
А.Қыраубаеваның авторлығымен жасалған
Достарыңызбен бөлісу: |