Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет32/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

«Сенім» бағдарламасы
[265], 
баланың өзіндік «менін» анықтауына көмектесу, қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, 
кісілікке, азаматтылыққа, жан-жақтылыққа баулу, салауатты өмірге, имандылыққа 
тәрбиелеу, дене мәдениетін – жан тәрбиесімен бірлікте қарастыруды көздейді. 
Бағдарламаның мазмұндық бөліктеріне әлем және мен, тілашар, ауыз әдебиеті, 
елтану-қазақ тарихының әліппесі, әлемтану дүние-жаратылыс әліппесі, әдеп-
ақылдылық әліппесі, ислам мәдениеті, ежелгі қазақ мәдениеті, шығыс мәдениеті, 
еуропа мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, қазақтың дәстүрлері әдебі, қазіргі қарым-
қатынас, ұл-қыз әдебі, отбасындағы қарым-қатынас, отбасындағы баланың жан-
дүниесі және тәрбиесі, заң негіздері, қолөнер енеді. 
Ұлттық тәрбие беруде студенттердің еңбектену, жауапкершілікке үйрету, 
қиялдауды шектемеу, өзін еркін ұстауға үйрету, білім іздеудің жолын үйрету, жан-
жақты мәдениетті болуды үйрету, ақылдылық әліппесін меңгеру; ислам, ежелгі қазақ 
мәдениеті, шығыс және еуропа мәдениеті, сөйлеу мәдениетін дамытудағы идеялары 
маңызды болып табылады. 
З.Ахметова ұсынған 
«Кәусар бұлақ» бағдарламасы 
[266], тамыры тереңге 
кеткен тарихы мен өзіндік болмыс-бітімі бар халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, 
табиғат танымындағы алуан қырлы рухани мұрасын бүгінгі күнмен жалғастыра 
отырып, оны жас ұрпақ бойына жұғысты етуді қамтиды. 
Бағдарламаның мазмұнында: 
- Сөз анасы - сәлем (адамдықтың белгісі иіліп сәлем бергенің, алыстан сәлем 
береді әдепті елдің баласы, сыйласаң сыйысымды боларсың, сәлемнің сыңары - 
қоштасу). 
- Ұлттық болмыс ұғымдары (дүниетаным; жер-ана; көк-тәңірі; тіліміздегі 
әртүрлі жетілік ұғым; қазақша ай; жыл атаулары мен сипаты; ұлыстың ұлы күні; 
ислам дініндегі халықтардың діни мерекелері, қазақтың тыйым сөзі-ұлттық тәрбие 
көзі, үзілмесін бабалардың батасы, «Білгенге-маржан»). 


- Туған жер (алтын кемер белің, елін сүйген есікке отырмас, әке-асқар тау, ана-
мөлдір бұлақ, қарты бар үйдің – қазынасы бар, қарға тамырлы қазақпыз). 
- Салт-дәстүр сарқылмайтын кен (бала – өмір өзегі, торқалы тойлар, 
жастардың сауық кештері) бағыттарының мәні ашылған. 
Бағдарламаның жүзеге асырылуындағы ұйымдастыру шаралары біздің 
тәрбие жұмыстарымен ұштастырылды: пікір таластар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар 
сайыстары, практикумдар, дөңгелек үстелдер, айтыстар, кештер, іскерлік ойындар, 
семинарлар, тапсырмалар талдау, дәрістер сияқты шаралар қарастырылады. 
Ұлттық тәрбие беру бағытында ғылыми әдістемелік құралдарын ұсынған 
ғалымдардың бірі – Қ.Бөлеев. Ол қазақ педагогикасы тарихы бойынша төрт 
бөлімнен тұратын төмендегідей бағдарламасын ұсынды [82, 171б.]: 
а) Қазақ жеріндегі педагогикалық ойлардың қалыптасуы мен даму 
кезеңдері (VII-IX ғ.ғ.); 
ә) Орта ғасырдан Қазақстанның Ресейге қосылуының аяғына дейінгі 
кезеңіндегі прогрессивті демократиялық педагогикалық идеялар мен 
мектептердің дамуы (Х-ХІХ ғ.ғ. екінші жартысы); 
б) Қазақстанда кеңес үкіметі жылдарындағы педагогика ғылымы мен 
мектептердің дамуы; 
в) Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы жылдарындағы 
мектептердің, педагогикалық және халық педагогикасының даму үрдісі (1991 
жылдан қазіргі уақытқа дейін). 
Ұ
лттық тәрбие беру 
жоғарыда аталған бағдарламаның ана тілі арқылы 
өз тарихын, ұлттық мәдениеті айқындауда және этнопедагогикалық білімді 
жетілдіруде мәні зор. 
К.Қожахметова, Л.Сырымбетова, К.Адамова ұсынған 
«Қыздар әліппесі» 
бағдарламасы
[267], ұлттық рухани байлықты жалпы адамзаттық мәдениетпен 
ұштастыру арқылы ұлттық рух, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетті 
құрметтеу сезімін жетілдіру, өз халқымыздың мәдени мұрасын таныту арқылы 
әлемдік мәдениетке жетелеу адам, қоғам, табиғат жайындағы ұғымдарды игеру 
арқылы өзін-өзі тәрбиелеу, өз ойын жүзеге асыру қабілеттерін дамытуда маңызды 
болып табылады. 
Ұсынылған бағдарламаның мазмұны төмендегідей негізгі алты бөлімнен 
тұрады:
а) «Бағыну заңы»: адамдардың өзара және табиғи ортамен қарым-
қатынастарын реттейтін фактор жөнінде түсінік беру, бұл заңның қоғамдағы және 
табиғи ортадағы адамдар қарым-қатынасының өлшемі екені туралы түсінік беру; 
ә) «Тек тәрбиесі»: болашақ ұрпақтың толық-қанды, текті болып дамып 
атафондты сақтап қалу үшін «жеті ата» заңының мағынасын қыз баланың тәрбиесіне 
жеткізу, «жанұя», «ру», «жүз», «мемлекет» ұғымдарын түсіндіру және олардың 
пайда болу тарихымен таныстыру; 


б) «Қара шаңырақ»: әулет орталығы қара шаңырақты қасиетті орда ретінде 
сақтауда кенже ұлдың (кенже келіннің) орны туралы ұғымдарын қалыптастыру, 
бұрынғы қазақ ауылы мен қазіргі қазақ ауылы туралы мағлұмат беру; 
в) «Келін тәрбиесі»: келін тәрбиесінің ерекшеліктерін қыз бала бойына сіңіру, 
қазақ келінінің қайын жұртымен қарым-қатынасының ерекшеліктері туралы 
мағлұмат беру; 
г) «Неке тәрбиесі»: қазақ халқының отбасы мен неке қатынастары жөнінде 
қалыптасқан озық дәстүрлерін күнделікті өмірде пайдалануға үйрету; студиялар, 
үйірмелер, көрмелер, зерттеу жұмыстары, рольдік ойындар. «Бағыну Заңының» 
мәнін ашу, өзін тану, зерттеу, туыстық қатынастарды меңгерту. «Келін» ұғымының 
сырын ашу, «Тек», «Текті» ұғымдарын меңгеру бағытындағы іс-шаралар жүзеге 
асырылады. 
А. Құралұлының «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет