Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет34/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Әдеп» пәнінің бағдарламасы 
[271], мәдениет, тәлім, әдеп, өнер ұғымдарын 
қалыптастыру; өнер мен мәдениеттің бірлігі туралы түсінік беру; тәлімдік 
(мейрімділік, кішпейілдік, еңбекқорлық т.б.) жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді 
(өзім-шілдік, дүниеқорлық, көрсеқызарлық т.б.) ажырата білуге үйрету; міндет, 
абырой, бақыт, сонымен қатар ынтымақ, бірлік, еңбекқорлық, ұлтжандылық туралы 
түсініктерді қалыптастыру; отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, тәлімдік үлгі-
өнегесі, жора-жол-дастың тәрбиедегі әсері жайында түсінік беру; ғылым, білім мен 
мәдениеттің қоғамдағы рөлі туралы; халықтық тәрбиенің түрлері, жан, тән саулығы 
туралы; дін мен әдептің бірлігі; заң, билер, билік айту туралы; Егемен Қазақстанның 
жаңа Конституциясының ерекшеліктері, демократиялық құқық қорғау ісінің өркен 
жаюы туралы түсінік беру сияқгы ұлттық білім мазмұнын және адамзат 
қоғамындағы әрекеттерге пікір білдіріп, моральдық, этикалык мінез-құлықтық 
ерекшеліктерін ажырата бағалай білуге дағдыландыру туындыларын талдай, бағалай 
білуге баулу тәрізді этнопедагогикалық икемділіктерін қалыптастыру арқылы 
жастарды әдептілікке, кісілікке баулу мақсатын көздейді.
Ә.Табылдиевтің 
«Әдеп әліппесі» бағдарламасы 
[272], қазақ мемлекетінің 
қазіргі мектептерінде 1-4 сынып оқушыларына имандылықты, мейірімділікті, 
салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты үйрету болып есептелінеді. Бағдарламаның 
мазмұнына әр сыныпта 35 сағат өзіңе-өзің әдеппен қызмет ету, сөз басы – сәлем, 
аялаған ана, әлпештеген әке, ұлағатты тұлға, инабатты шәкірт бола білу, 


имандылық, мейірімділік, қайырымдылық дәстүрлері, қасиетіңнен айналайын 
туған жер, еттен жасалатын қазақ тағамдары, жиһаздары, табиғатты аялау 
дәстүрлері, үміт пен сенім дәстүрлері, жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы 
әдептен сияқты бөліктер енген. Бағдарлама әңгіме, саяхат бата, нақыл сөздерді 
жаттау, тағамдармен, үй жиһаздарымен таныстыру, рәсімдерді түсіндіру сияқты 
әрекеттермен енгізілді. 
Қ.Жарықбаевтың 
«Әдеп негіздері»
[272 39-71б.б.], 5-7 сыныпқа арналған 
бағдарламасының мақсаты: жас ұрпақты имандылық, адамгершілік, ұлттық 
рухта тәрбиелеу. Бағдарлама мазмұны (әр сыныпта 35 сағат) әдеп пен әдептілік 
жайлы жалпы түсінік; туыстық қарым-қатынастар; кісілік қасиеттер, олардың 
ұнамды, ұнамсыз жақтары, қалыптасу және тәрбиелеу жолдары; ұлттық салт-
дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік, сәлем-сөздің анасы; денсаулық-зор байлық; 
кісілік қасиеттердің оң және теріс көріністерінің қалыптасуы; парыз бен қарыз, 
кісілік міндеттер, ұнамды, ұнамсыз түрлері, қалыптасуы мен тәрбиелеу жолдары 
сияқты бөлімдер кірді. 
Қ.Жарықбаевтың «
Әдеп және жантану»
[272, 72-130 б.б.], 10-11 
сыныпқа арналған бағдарламасы ұлттық тәлім-тәрбие мен әдет-ғұрып, салт-
дәстүрдің ілкі бастауын отбасынан алатынына көз жеткізу, оған көзін жеткізіп, 
бағыт-бағдар беру болып табылады. Бағдарлама мазмұны екі бөлімнен тұрады: 
- І бөлім «Жантану».
Жантану ғылымы туралы түсінік. Іс-әрекет, қарым-қатынас, адамның 
жеке дара қасиеттері, адам тану - ер жету өлшемдері, мінез және темперамент, 
қабілет және дарындылық, түйсік пен қабылдау, зейін және ес, ойлау мен 
сөйлеу, қиял мен шығармашылық, сезім мен ерік мәселелері қарастырылады. 
ІІ бөлім «Әдеп»

Ата-баба дәстүрі - әдептілік негізі, жастық шақтың ерешеліктері 
мәселелері қарастырылады. Б.Өтешованың «
Әдеп және халық тәлімі
», деп 
[271] 5-11 сыныптарға арналған бағдарламасы
 
қазақ халқының заманалар 
бойынша жинаған рухани бай мұрасын, ежелгі дәстүрлерін, әдебін, салт-
санасын, аталық ұлағатты тәлімдерін жасөспірімдер санасына сіңіруді мақсат 
етіп алады. 
Бұл бағдарламалар мазмұнындағы тәлімдік ойлар мен тағылымдық 
идеялар жаһандану жағдайында студенттерге ұлттық тәрбие беруде болашақ 
ұрпаққа өз халқының төл мәдениетін, өнерін, мұрасын рухани қазына етіп 
қабылдату, саналы түсініп, ой тұжырымдарын жасауға дағдыландыруда мәні 
зор. 
Бағдарламаның мазмұнына сөз анасы-cәлем, ұлттық болмыс ұғымдары, 
тіліміздегі дәстүрлік жетілік ұғым, қазақша ай, жыл атаулары, ұлыстың ұлы күні, 
дінмен байланысты мейрамдар, тиым сөздер, ырымдар, халықтан жеткен 
ұлағатты ойлар, баталар, келбеттік құндылық иірімдер, киелі киіз үй, ас қадірі, 
өнер әлеміне сапар, ұлттық болмыс ұғымдары, халқын сүйген-салтын сүйген, 
өнерлі елдің өресі биік, ұлттық болмыс ұғымдары, инабаттылық қасиеттері, 


тәлімнің түп тамыры, ұлттық тәлім-тәрбие бастауы, отбасы бөлімдері енген. Бұл 
бағдарлама сайыстар, ізденіс жұмыстары, дәрістер, әңгімелер, пікірталастар, 
рольдік ойындар арқылы ұйымдастырылды. 
Оқу-тәрбие үрдісін ұлттық негізде құру мәселелеріне арналған ғылыми 
практикалық бағытта орындалған еңбек Ә.Садуақасовтың басшылығымен 
даярланған көпсалалы «Дәстүр» қазақ мектебінің авторлық тұжырымдамасы. 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет