заңдылықтарға айналдыру мәселесіне баса мән берілуі жаңарған ұлттық
мектебімізді қалыптастыруда маңызды болып табылады.
Біз өз зерттеулеріміз барысында жоғарыда жан-жақты талданып,
мазмұндық жағынан салыстырылған тәрбие
бағдарламалары мектеп
тәжірибесі жағдайында ұлттық тәрбие беруді ұйымдастыру барысында
қолданыстағы құнды ғылыми-әдістемелік еңбектер болғанымен, жоғары
мектепте қазіргі жаһандану талаптарына сай ұлттық тәрбие беру
бағдарламалары немесе шаралар жүйесін жасаудың қажеттілігін дәлелдейді
деген шешімге келдік. Сондықтан, студенттермен ұйымдастырылатын ұлттық
тәрбие шараларының
мәртебесiн көтеруде, студент тұлғасының танымдық-
шығармашылық қабiлеттерiнiң дамуы, интеллектуалдық мүмкіндіктерінің
ашылуына жағдай туғызатын ұлттық тәрбие шаралары жүйесінің моделi
жасалды (Сурет 3).
Жинақталған тәжірибелер мен эксперименттік жұмыстар нәтижесінде
«Ұлттық тәрбие шаралары» жүйесін тәрбие жұмыстарына ендірудің ғылыми-
педагогикалық жобасы дайындалды;
с
туденттік
қоғамдық ұйымдар арқылы
әлемдік өркениет пен жалпыадамзаттық рухани-мәдени құндылықтар
негізінде ұлттық тәрбие беруді қамтамасыз етуші жұмыс бағыттарының
жүйесі біріктіріліп оның моделі жасалды.
Ұлттық тәрбие шараларының негiзгi
мақсаттары мен мiндеттерi
:
- дарынды, парасатты, жан-жақты
мәдениеттi ұлттық тұлғаны
тәрбиелеу;
- Қазақстан Республикасының Ата Заңын, мемлекеттiк рәмiздерiн қадiр
тұтатын жас ұрпақ өкiлдерiн қалыптастыру;
- Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы мен татулығын сақтауда
олардың тарихы мен мәдениетiн меңгерту негіздерін қалыптастыру;
-
әлемдік
өркениет
пен
жалпыадамзаттық
рухани-мәдени
құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру;
- жаһандану кеңістігіне ену барысында ұлттық мұралар мен
қазыналарды сақтай білуге деген азаматтық- ізгілікті көзқарас қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасында отандық патриотизм сезiмiн қалыптастыру;
- ұлттық салт-дәстүр,
әдет-ғұрып, танымдық, тарихи-мәдени және
рухани мұраларды сақтай бiлетiн болашақ ұрпақты тәрбиелеу (5-кесте).
Ұлттық тәрбие шараларының негiзгi мазмұны
:
- жоғары мектепте ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының жүйесіне
қосымша әдiстемелiк нұсқау;
- студенттер категориясының ұлттық белсенділігін арттыруға, өзiн-өзi
басқару жұмыстырының тиiмдiлiгi мен бірізділігін қалыптастыру негіздері.