ізденушілікті, тапқырлықты дамытудың және олардың әр түрлі
тапсырмалардағы білімін тексеру құралдарының бірі болып табылады.
Көптеген жұмбақтардың арасында тәрбиенің алуан түрлі құралдары мен
тәсілдеріне қатысты жұмбақтар да көптеп кездеседі. Бұл жұмбақтар тәрбие
барысында танып-білуге қызығушылықты туғызады.
Ертегілер
- ұлттық тәрбие
беру барысындағы мазмұнды
бағыттардың бірі болып саналады. Әлемдегі барлық халықтар үшін ең
басты нәрсе – ұлттық негізде тәрбиелену болып саналса, ал ең маңызды
адамгершілік қасиет болып – оны өз бойына дарыта білу деп есептелген.
Қазақ балалары да басқа халықтардың балалары сияқты ертегілер арқылы
өз ұлтының ерекшеліктерін меңгеретін болған.
Қазақ балаларының
ойын-сауықтары
күнделікті тіршілігімен
байланысты болған. Мұның бәрі халық өлеңдерінде, аңыздарында, би мен
ойын қимылдарында өз көрінісін тапқан. Оның үстіне балалар
ойындарының көпшілігі олардың жасына сәйкес қара өлең түрінде ғана
емес, музыка мен әннің сүйемелдеуімен өткізілген. Мысалы, «Асау мәстек»
атты балалар ойынында жүргізуші балаларды
ойынға тақпақ айтып
шақырады.
Ұлттық тәрбие беру мәселелерінде ойын мазмұндарының үлкен
тәрбиелік маңызы бар. Олар ойынның барысын белгілейді, балалардың
тәртібі мен іс-әрекеттерін, олардың өзара қарым-қатынас бақылап, ерік-
жігерінің қалыптасуына ықпал етеді. Ұлттық тәлім-тәрбие бесік жырынан
басталатындықтан, баламен ұлттық бағытта жүргізілетін жұмыстардың
барлығы
оның тіліне, ойлау, сөйлеу қабілетіне, еріктік сапасы мен
темпераментіне байланысты ұйымдастырылуы керек. Мәселен, баланың
тілінің өз ана тілінде шыңғуының, алғашқы сөздері «ана», «ата», «әже»,
«әке», «аға» - дан басталуының маңызы өте зор. Мұнымен қатар бала тілін
ұштап, жетілдіруде айтылатын тақпақ, жұмбақ, өлең, ертегілердің ұлттық
әдет-ғұрыпқа, қарым-қатынасқа байланысты болуы баланың ұлттық сана-
сезімінің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Көркемдік таным үрдісі, ұзын-ырғасы уақыт,
кеңістік шамасымен
өлшенетін сезімдік-көрнекі табиғат дүниесі, әдетте, аңдау, бабын барлай,
қадағалау арқылы біртұтас, бірегей болмыс көрінісі ретінде қабылданады.
Көркемөнердегі жаратылыс – қашан да көңіл-күй қатынасымен ғана жүзеге
асатын, өзара іштей табысқан бейнелік, сезімдік-әсерлік ұғымдар тоғысы.
Табиғат мәні, қадір-қасиеті, әсіресе, танитын жанның сезімталдық,
зиялылық парасатын айқындап береді. Көркенмдік таным, сезіммен бірге,
ақыл иесінің дүние құбылысын бағалау, саралау қатынасын да қамтиды.
Таным нысанасы ретінде, әдетте, адам санасында,
көркемдік ойлау
жүйесінде табиғат үлгісі қалыптасып, тікелей сезім әсерімен ғана ол шын
мағынасында сұлулық бейнесіне айнала алады.
Әңгіме
– шығармашылық негізі. Баяу, байсалды, жүйелі әңгіме
адамның көкірегін оятып, санасын толықтырып, танымдық деңгейінің
өсуіне көмек береді. Әңгімеде әңгімешінің сөз саптауының маңызы зор.
Мәселен, Отан – белгілі бір адам үшін оның өзінің елі, туып-өсіп, ғұмыр
кешіп сол үшін жанын пида қып күресіп келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана
емес, туған жер, ата-ана, бала-шаға, жар-қосағы, дос-жаран, ағайын-туыс,
солармен бірге жалғаннан көретін
қызығы мен бақытының тұрағы,
өлгеннен кейін де ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.
«Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ», -
деп, ер қайратын мін-дағы, өрге бас!» - деп М.Әуезов айтқан қарапайым
жолдарда адамның туған жерге, Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі мен
терең де ыстық сезімі тамаша бейнеленген.
Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенімін, ел
үшін мақстаныш сезімін сыйлайды. Қазақ халқының дана да батыр перзенті
Бауыржан Момышұлының: «Отан үшін отқа түс – күймейсің!» - деген әмір-
бұйрықтай нақыл сөзінің өмірдің өзінен алынып, жүректен былқып
шыққаны даусыз. Өзі үшін отқа түскен ерлерін қайырымды халқы, Отан-
анасын да
ұмытпай, мәңгілік даңққа бөлейді. Қазақ елінің есімі аңызға
айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл-қыздары толып жатыр. Олар
– атамекеннің, туған елін жауынан жан аямай қорғап, ата-бабаларының
ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар. Ата-
бабалардың (мәнді, керемет көркем сөз) арттағы ұрпаққа мәңгілік
аманатындай: «Отаның алтын бесігің», «Туған жердің тасы да болысады»,
«Отаны жоқтық – нағыз жоқтық», «Ер елінде, гүл жерінде», «Опасызда
Отан жоқ», «Жат
елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» сияқты
ғажайып мақалдар қаншама?
Адал перзенттері үшін туған жерден ыстық, сүйікті, қасиетті, киелі
ештеңе жоқ. Ақ жаулықты аналар алыс жолға, ұзақ сапарға аттанған
балаларының мойнына туған жердің топырағынан
Достарыңызбен бөлісу: