Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет43/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

бойтұмар
тағып берген. 
Туған топырағының бойтұмары жат жерде пәле-жаладан сақтайды
торыққанда әл-қуат береді, уайым-меңдеп, торыққанда көңіліне медет 
болады деп септеген. Отанды шексіз сүйіп, ардақтаумен бірге, оны 
жауларынан жан аямай қорғау - әр перзентінің парызы, міндеті де болған. 
Оқу-тәрбие жұмыстарында ата-бабаның тәрбиелік мәні зор осындай 
көптеген өнегелі салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, рәсімдерін ауызша 
әңгіме арқылы түсіндіру, ұқтыру, үйрету өте тиімді нәтиже бермек. Әңгіме 
мазмұны адамның жасына, даярлығына, әлеуметтік деңгейіне сәйкес 
құрылса ғана тартымды және нәтижелі болмақ. 
Әңгіме арқылы тойбастар, қоштасу, көрісу, жоқтау, жерлеу, мақтау, 
бата, алғыс, түс жору, ырым туралы мағлұмат беріп, оның ұлттық 


психологиядағы мәнін түсіндіруге болады. Әңгіме тақырыптарын 
жоғарыда аталған әдет-ғұрыптардың мазмұнын берумен нақтылаймыз. 
Ұлттық тәлім-тәрбие мәселесі бойынша кейінгі жылдары іргелі 
зерттеулер жүргізіліп, ғалымдардың назарынан түскен емес. Қазір де соңғы 
педагогикалық тәжірибелер, сондай-ақ, психологиялық, дидактикалық 
және қолданбалы педагогикалық, озық технологияларға сүйене отырып, 
ұлттық тәрбие мәселесін одан әрі ғылыми негіздеп, қайта жаңғырту мен 
дамыту бүгінде өмір талабы болып отыр. Осы орайда салт-дәстүрлердің 
бүгінгі күнге дейін жетіп, ұрпақ тәрбиесіне елеулі әсер тигізіп отырғаны 
белгілі. 
Әдет, ғұрып, салт, дәстүр.
Әлемде әр ұлттың өзіне тән әдеті, ғұрпы, 
салты, дәстүрі бар. Олар тарихи жағдайға байланысты өзгеріп және 
қалыптасып отырады.Әлеуметтік өмірде әдет пен ғүрып, салт пен дәстүрлер 
бірге айтылатын бір ұғым болып көрінеді. Әдет-ғұрыптар адамдардың 
қоғамдық мінез-құлқының, олардың өмір және тұрмыс салтының тарихи 
қалыптасқан тұрақты нормалары, олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп және қоғам 
дамуымен бірлікте сақталып отырады. 
Біздің пайымдауымызша, ғұрып - ұлттық рәсімдік сипаты бар, 
көпшілікке тән әрекет, ал әдет - көпшілікке мінез-құлыққа, қарым-
қатынасқа байланысты әрекеттерді қамтитын ереже. С.Қалиев әдет пен 
ғұрыпты салттың синонимі деп қарастырады. Өйткені әдет, ғұрып, салт 
әлеуметтік өмірде қатар дамып келе жатқан қоғамдық тәртіптің көрінісі. 
К.Қожахметова әдет пен ғұрыпты салттың бөлшегі ретінде қараса, 
С.Қалиев ырым, рәсім, жол-жораларды салттың құрамдас бөлшегі деп 
қарастырады. Ырым, кәде, жол-жоралғылар әдет пен ғұрыптан өрбіп, 
тұрмыстан, қарым-қатынастан және өмірлік қалыптасулардан көрініс 
береді. 
Әдет, ғұрып сияқгы салт, дәстүрдің де өзіндік мағынасы бар. 
Мысалы, қазақ кеңес энциклопедиясында салт - халықтар кәсібіне, сеніміне, 
тіршілігіне байланысты қалыптасқан ұрпақтан-ұрпакқа ауысып отыратын 
әдет-ғұрып, дәстүр делінсе, дәстүр - ұрпақтан-ұрпаққа көшетін тарихи 
қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен қағидалар деп жазылған. 
Салт пен дәстүрге жеке-жеке анықтама берілгенмен, мағынасы бір-
біріне өте жақын екенін аңғаруға болады. Осы салада зерттеулер жүргізген 
О.А. Сегизбаев: «Салт ежелден бір халықты екінші халықтан ажырататын 
қоғамдық құбылыс ретінде көрініп келді, ...дәстүр өзінің мазмұны жағынан 
әдет-ғұрып пен салтка қарағанда терең әрі кең ұғым», - деп түсіндіреді 
[275], ал Н.Сәрсенбаев: «...дәстүр - адамдардың қоғамдық қатынастарының 
тарихи қалыптасқан тұрақты және мейлінше қорытылған нормалары мен 
қағидалары, олар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады және мінез-құлықта 
сақталады» [216], - деп тұжырымдаған. 


Салт пен дәстүрге берілген анықтамалар орынды болғанмен
олардың ұғымдық мағынасы бір-бірінен толық ажыратылмаған. Бұл 
олқылық С.Қалиев зерттеуінде былай толықтырылады: «Салт - адам 
өмірінің күнделікті тіршілігінде қолданылатын мінез-құлық, қарым-
қатынас ережелері мен рәсімдердің жиынтығы. Дәстүрдің мазмұны салттан 
әлдеқайда кеңірек. Ол - қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста 
бірыңғай көзқарасын негіздейтін үрдіс. Ол – ғылымда, әлеуметтік ортада 
байқалатын құбылыс. Дәстүр идеологияға жақындау да, салт қоғамдық 
психологиямен мазмұндас» [220]. Сонымен әдет, ғұрып, салт, дәстүрлер - 
бір-бірінен аз да болса айырмасы бар әлеуметтік өмірдің әртүрлі жақтарын 
қамтитын ережелер. Олар бірін-бірі толықтырып, және жаңарып отырады. 
Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде 
қазіргі жастар біле бермейтіндеріне қысқаша тоқталсақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет