Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет44/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Ақ құйып шығару.
Халқымызда: «Үйге кірген жыланға да ақ құйып 
шығарады» деген мәтел бар. Қазақтың ақ деп атайтыны: сүт, қымыз, шұбат, 
айран. Қалың өрт келіп қалғанында алдынан ақ шашады, үйге жылан кіріп 
кеткенінде басына сүт не айран құйып үйден шығарып барып өлтіреді. Бұл 
қазақтың үйіне келген жауына да жамандық жасамайтын ұлттық мінезінен 
шыққан әдет. 
Ат тергеу
. Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. 
Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, 
қайынсіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп 
атайды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынандай: «Мырза 
қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ 
әже», «сырғалым», «шашбаулым». Жеңгелері қайныларына әзілдеп, 
бойлары тапал болса «сұңғақтым», жайбасар болса «жүйрігім» деп те ат 
қояды. Ер адамдар да өзінен үлкендерді Мәке, Сәке деп құрметтейді. 
Анттасу
. Жаудан кек қайтару үшін, адамдар бір-біріне деген 
адалдықтан айнымау үшін, еларалық тату келісімді сақтау үшін ант 
айтатын салт-дәстүр бар. Халық антын бұзған адамды «Ант атқан» деп жек 
көріп, «Уа, айтылған ант, серттескен уәде, алысқан қол қайда?» - деп, 
кінәласады. 
Араша түсу
. Дауласқан, жанжалдасқан адамдарға басу айтып
ажырату, сабасына түсіру – араша түсу деп аталады. Бұрындары мұн-дай 
жанжалда ауылдың, елдің абыройлы абызы «Араша!» Араша! деп 
айқайлап, от шыққалы тұрған ортаға барып, ағайынға араша түскен. 
Арыздасу
. Бұл фәнидегі (өмірдегі) тататын дәм-тұзы таусылып, 
өмірден өтіп бара жатқан ғаріп отбасымен, туған-туыстарымен, көрші-
көлем, дос-жарандарымен соңғы рет тілдесіп, хош айтысады. Мұны 
арыздасу деп атайды. Арыздасуда бақилық болғалы жатқан пенде біліп, 


білмей жасаған қателік, күнә, кінәлары үшін жиналғандардан, олар одан 
кешірім сұрайды. 
Асар жасау
. Үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, киіз басу, егін ору, 
шөп шабу тәрізді қауырт жұмыстарды көптің күш-қайратымен, көмегімен 
тез атқару үшін ру басының, үй иесінің ауылдастарын, туған-туыстарын 
шақырып, бірлесе қимылдауын асар жасау деп атайды. Оның екінші атауы 
– үме, серне. Үй иесі жәрдемдесуге келгендерге тамақ дайындап, сый-
құрметін көрсетеді. Асарға келгендер атқарған жұмысына, көмегіне ақы 
алмайды. 
Асату
. Оны С.Мұқанов өзінің «Халық мұрасы» деген кітабында кең 
насихаттап жазған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бас-
тағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас 
балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген 
үйдің қасында жүретінді. 
Ат тұлдау
. Ер адам қайтыс болғанында мініп жүрген атының жал-
құйрығын күзеп, оны бос жібереді де, өлген адамның жылында сол атты 
әкеліп сояды. Бұл дәстүрді ат тұлдау деп атайды. 
Аунату
. Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен 
адамдардың отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, 
бойына осы атасының қасиеттері қонсын» деп балаларын аунатып алатын 
болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған туған жеріне 
келгенінде халық, туған-туыстары, дос жарандары оны сол жердің 
топырағына аунатып алған. Шыңғыс Айтматов үйіне Мұхтар Әуезов 
келгенінде, ол отырған орындыққа ұлын аунатып алған көрінеді. 
Ауыз тию
. Алыс сапараға аттанарда сол адам ауылындағы немесе 
әулетіндегі үлкен үйге кіріп дәм татып, жолға шыққан. Сонда ол «Осы қара 
шаңырақтың киесі қолдайды» деп сенген. Отбасы тамақтанып отырғанда 
дастарқан үстіне келген адам ондағы дәмнен ауыз тиюге тиіс. Әсіресе, 
таңғы астан ауыз тимеуге болмайды. Астан ауыз тию - үй иелерінің 
қонаққа, қонақтың дастар-қандағы асқа деген ыстық ықыласының бір 
белгісі болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет