аяғына жығылып, оны құшақтаған қалпы жылап, кешірім сұрап, жалынған.
«Аяғына жығылу» - әрі ғұрып, әрі жазаның бір түрі.
Байғазы беру
. Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-
қыз, бойжеткен, бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-
әжесінен, туған-туыстарынан оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша,
мал, мүлік, әйтеуір бір зат беріп, құтты болсын айтады.
Базарлық әкелу
. Алыс сапарға шыққан, қыдырып қайтқан, сауда
жасап келген
адамдар туған-туысқандарына, көрші-көлемдеріне, дос-
жарандарына ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеліп береді. Мұны базарлық деп
атайды. Ол жақсы көргеннің, сыйлағанның белгісі.
Бастаңғы жасау
. Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған
жастар өздері бас қосып (келіндер, абысындар, күйеулер, балдыздар
болып), немесе замандастарын
шақырып ойын-суық өткізеді, әңгіме-дүкен
құрады, әр түрлі дәмді тағамдар жасап ішеді. Бұл әдет-ғұрыпты бастаңғы
жасау деп атайды.
Бәсіре атау
. Ежелгі әдет-ғұрыптардың бірі. Ата-анасы баласына
арнап жас төлге ен салады да оны «бәсіре» деп атайды. Бәсіре аталған төл
өскен соң сол баланың қажетіне, тойына жаратылады. Оны ен салып,
малды таңбалаумен шатастырмау қажет.
Босаға майлау
. Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй
алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу
салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын
деген ниеттен туған. Босағасын майлаған
адамға шаңырақ иелері кәде
береді.
Ен салу
. Малдың құлағын тіліп, немесе оны ойып белгі – ен салады.
Ол малын табу, жоғалып, басқа малдармен араласып кетсе тану үшін
жасалады. Енді әр құлақтың алды-артына алмастыра салу арқылы
мынандай түрлерін жасайды: тілік ен, бұрыш ен, кез ен, қиық ен, құмырсқа
ен, тесік ен, кесік ен, т.б.
Енші беру
. Ата-анасы баласы балалы болғаннан кейін «енді өз
күндерін өздері көре алады» деген сенімге келіп,
отау тігіп, бөлек
шығарады. Сонда малынан – мал, мүлкінен – мүлік бөліп береді, ыдыс-аяқ
сыйлайды. Оған келіннің төркінінен келген дүниесі қосылып, жас
жұбайлар жеке шаңырақ болып шыға келеді. Мұны енші беру деп атайды.
Ата-анасы қайтыс болса, олардың малы мен дүние-мүлкі қалған ағасы
інісіне еншібас беруге тиіс. Әке орнында әке болып отырған ағасының ата-
анасынан қалған
мұраны бауырына басып алып, оның бар рахаты мен
қызығын өзінің ғана көруі – тасбауырлық. Ондай аға кейін інісі өз бетінше
күн көріп, бақ-дәулетке ие болғанында «Інім маған, балаларыма
қараспайды» деп күңкілдемеуге тиіс. Кейбір ата-ана балаларының
еншібасын алдын-ала бөліп, атап қояды.
Ерулік беру
. Ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының
бірі туған-туыстарына
жапсарлас келіп қонса, көрші-көлемі немесе
жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді, табақ тартып,
қонақасы
береді. Бұл салтты ерулік деп атайды. Осылайша қазақтар танысын,
танымасын бір-бірін бөтенсімей, өз ортасына тарта білген.
Достарыңызбен бөлісу: