Келін түсіру
(салт). Біздің халық үшін де дүниедегі қызық пен
қуаныштың ең бастысы-осы келін түсіру. Бұған бүкіл ауыл болып
атсалысады, бірге қуанады, бірге тойлайды, намысы бір қазақта «тойдың
болғанынан боладысы қызық» деген бар. Ал келін түсірудің өзі де,
«боладысы» да қызық. Қазақ салты бойынша келінді ауылға көлікпен
әкелмейді. Бір қырдың астына жеңгесімен бірге түсіріп кетеді. Ауылдың
қыз-келіншектері жас келіннің алдынан шығып, ешкімге көрсетпей
шымылдық ішіне кіргізіп әкеледі. Ақ босағаны оң аяқпен аттайды. Шашу
шашылады. Құтты болсын айтылады. Келінді шешесі, жеңгесі, сіңлілері
ертіп әкеледі. Қуаныш, ырду-дырду, ойын-сауық басталады. Шымылдық
ішінде жас қыздармен отырған келінді көруге әркім-ақ асығады. Жұрт
жиналған сәтте салтанатпен «Беташар» басталады.
Қазан шегелеу
. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың
үйіне екі-үш адам бірге барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді.
Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап
қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп
қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.
Қалау айту
. Біреудің жақсы малына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол
үйдің иесіне немесе әйеліне, баласына соған лайықты бағалы бір тарту
әкеліп, әлгі дүниені, жануарды «менің қалауым осы» деп сұрайды. Кейде
үй иесі мұндай сыйлы, жөн-жоралғысымен келген қонаққа өзі сөз салып:
«Бұл үйден қалаған бір заттың бар ма? Қалауыңызды айтыңыз» деп сұрап,
қалаған затын сыйлайды.
Достарыңызбен бөлісу: